Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп



бет19/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1, Презентация (5), №9 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ, жер жауапкершилик

Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын көңілденіп оқуға жаһады зорайып, шабыттанады. Оқу басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істелмеген іс оңды да болмайды. Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп зораймақшы. («Баяншы» Қазан 6- шы мемлекеттік баспа 1920ж.)

  • Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған сайын көңілденіп оқуға жаһады зорайып, шабыттанады. Оқу басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды, малтығып жылжи алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істелмеген іс оңды да болмайды. Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп зораймақшы. («Баяншы» Қазан 6- шы мемлекеттік баспа 1920ж.)
  • 4) Әуелі бір елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек. Неге десек болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендер біздің жаңалық ісімізді жатырқап, пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге қосылмай отыр. Олар өтіп кейінгі жастарымыздың да заманы мойынын бұрып қайырылар, халық түзелуының үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.
  • 5) Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында: Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа, ниеті жұртына қызмет ету. Бұлар білгенін жұртынан аяп қалар емес. Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық адамдар. Әр жайдан хабардар, дүниеде не істеліп, не қалыпта тұрғанынан бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға нағыз қолайлы адамдар. («Қазақша оқу жайынан», «Қазақ» газеті 1913ж 16-мамыр, №14)
  • 6) Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі, білімінің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан балалар қиналмай оқу үшін керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру. («Тіл жұмсар» Қызылорда 1928ж.)
  • 7) Бастауыш мектепте үйрететін білім жұрттың бәріне тегіз білім ғой. Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса бастауыш мектепте үйрететін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның бірдей, мұнан хат білудің керектігі онан да аспақшы. Бастауыш мектептен оқығандар ең әуелгі қазақша толық хат білетін дәрежеде болуын көздеу керек. (Бастауыш мектеп, «Қазақ» газеті, 9-мамыр 1914ж. №6)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет