Т. Л. Яндулова жаратылыстану əдістемелік нұсқау Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы


Ұя  соғады,  жұмыртқа  салады,  балапан  басады.   Оларға қамқорлық жасау қажет



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата18.02.2020
өлшемі0,88 Mb.
#58301
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
phphAOCpn Zharatylystanu Metodika 4 Kaz-4


 
Ұя  соғады,  жұмыртқа  салады,  балапан 
басады.  
Оларға қамқорлық жасау қажет.  
 
Əңгіме 
құрастырады. 
Бір-бірінің 
құрастырған əңгімелерін толықтырады.  
Ұзақ. Қарғаға ұқсас, үлкен қара құс. Оның 
қанаты  қара,  тұмсығы  үлкен,  кішкентай 
қара көздері бар.  
Қараторғай. Ақ дақтары бар қара, орташа 
денелі  құс.  Құйрығы  қысқа,  тұмсығы 
үшкір. Олар адамдар жасап қойған ұяларға 
қоныстанады.  
Бозторғай.  Торғайдан  сəл  үлкен  құс. 
Топырақ  түстес  қоңыр.  Жерге  қонса,  оны 
ешкім  бірден  байқай  қоймайды.  Көктемде 
ұя  салады,  ұясына  жұмыртқа  салады, 
балапан басады.   
 
Құрақ  шөп,  бұтақ,  сабан,  мақта,  жүн 
қиқымдарынан,  қайың  қабығы  жəне  тағы 
да басқа заттардан салады.  
Ағашқа,  жерге,  шатыр  астына,  ағаш 
қуысына салады.  
 
Жұмыртқаны  жарып  шыққан  балапан 
айналасына  таңғалып  қарады  (балалар 
ауыздарын 
ашып, 
жан-жақтарына 
таңырқап қарайды).  
Екінші  балапан  айналасының  жап-жарық, 
жып-жылы  екенін  аңғарды,  айналасына 
қарап  күлімсіреді  (бір-бірлеріне  қарап 
күлімсірейді). 
Үшінші балапан жұмыртқаны жарып шыға 
алмай,  ашулана  бастады  (жұмыртқа 
ішінен шықпақ болып бұлқынады). 
Төртінші  балапан  жарықтан  көзін  аша 
алмай  қалды  (көздерін  сығырайтып 
қарайды).  
Ал  бесінші  балапан  жұмыртқаны  жарып 
шығып, шиқылдай бастады (шиқ-шиқ). 
 
Тақтаға  немесе  мольбертке  құстардың 
суреттерін ретімен іледі не жапсырады.  
 
 
 
 
 
 
 

92 
 
– Балалар,  қарғаның  су  ішкісі 
келіп тұр. Су тек ыдыстың түбінде 
ғана  екен.  Қарғаға  суды  тойып 
ішуге  көмектесейік.  Не  істеуге 
болады? 
Қарғаға 
қалай 
көмектессек екен?  
 Шыны құтыға су құйып қояды.   
 
 
 
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
«Құстарға орын ізде» ойыны.  
–  Балалар, құстар жылы жақтан 
ұшып келгенде қандай жерлерге 
келіп ұя салады. Əр құсқа 
орындарын табуға көмектесейік.  
(Құстардың суреттерін жəне 
олардың дұрыс қонақтамағаны 
бейнеленген суреттерді көрсетеді, 
өзі мəтіндерді оқиды).  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптердегі тапсырмаларды 
орындатады.   
«Құстардың 
ұясын 
тап» 
дидактикалық  ойыны.  Əр  құстың 
ұясын табу.  
 
 «Құстар  неге  ұшады?»  зерттеу 
жұмысын жүргізеді.  
 
 
 
Педагогті  тыңдап,  қарғаға  көмектесуге 
дайын  екендерін,  ол  үшін  не  істеу 
керектігін де айтады.  
 
 
Балалар  ыдыс  ішіне  тастарды  біртіндеп 
салады.  
– Не болды? 
– Су  жоғары  көтерілді.  Қарға  енді  су  іше 
алады.  
 
Кəне, қанат жазайық, 
Қарлығаш боп ұшайық. 
Ұшып-ұшып алайық, 
Орнымызға қонайық. 
Қарлығаш боп ұшайық, 
Торғай болып қонайық. 
Сауысқан болып секіріп, 
Тоқылдақ боп шоқиық.  
 
Балалар педагогтің оқыған мəтінін мұқият 
тыңдайды да, əр құстың орнын табады).  
 
1. Ең қап-қара құс. Егістікті зиянкес 
құрттардан тазартады. (Ұзақ – егістік) 
2. Мамыр айында ұшып келеді. Ұясын 
адамға жақын үй, қора ішіне салады. Ол 
ұясын шөп-шалам жəне балшықтан 
салады. (Қарлығаш – шатыр астына 
салынған ұя) 
3. Ағаш басында – ағаш үй. 
Оның иесі – əнші құс. Ол үрмейді, бірақ 
бақты зиянкестерден қорғайды.  
 (Қараторғай – қараторғайдың ұясы) 
4. Сирағы ұзын, су ішінде бір аяғын 
көтеріп тұрады. Оның қорегі – бақа. 
(Тырна – батпақты көл жағасы) 
5. Аспанда бір орнында қалықтап тұратын 
құс. Торғайдың бір түрі. Шырылдап 
сайрайды. (Бозторғай – дала) 
 
Кептерлер – кептерлерге  арналған  тор, 
қараторғай – қараторғай  ұясы,  тоқылдақ – 
ағаш  қуысы,  торғай – ағаш  бұтағындағы 
ұя.   
Құстың қауырсынының суретін салады.  
 
Құстардың қауырсындарына қарап  (алдын 
ала  санитарлық  талаптарға  сай  өңделген 
бірнеше құс қауырсындары), олардың бір-
біріне  айырмашылықтары  бар  екенін 
(жұмсақ, 
кішкентай, 
қатты, 
ұзын) 

93 
 
 
 
 
 
анықтайды.  Педагогтің  жетекшілігімен 
құстың  денесінжылытып  тұратын  мамық 
қауырсындарын 
зерттейді 
(жұмсақ, 
үлпілдек,  жылы).  Олардың  құстардың 
денесін  түгел  жауып  тұратынын  айтады. 
Үлпілдек  қауырсынның  жеңіл  не  ауыр 
екенін де анықтайды.  
 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия: 
рефлексияның 
бір 
түрін  қолданады:  дене  күші 
(үлгердім – үлгермедім); сенсорлы 
(көңіл  күйі:  қолайлы,  қолайлы 
сезінбедім); 
интелектілі 
(Нені 
түсіндім? – Нені  түсінбедім? 
Қандай қиындықтар болды?). 
 
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. 
Көңілді  көңіл  күймен  алған  əсерлерін 
əңгімелейді. 
 
Күтілетін нəтиже: 
айтады: құстардың  сырт бейнелерін, ерекшеліктерін, ұша алатындықтарын; 
түсінеді: тіршілік ортасын, адам өміріндегі құстардың рөлін, маңызын; 
қолданады:  құстарға  қамқор  болу  керектігін  түсініп,  өмірлік  тəжірибеде  оларға 
қамқорлық жасайды. 
 
 
№ 28 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет, Шығармашылық 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Кесіртке қайда мекендейді? 
Мақсаты:  бауырымен  жорғалаушылар  класы,  олардың  сыртқы  түрі,  қозғалыс  ерекшеліктері 
туралы түсініктерін кеңейту. Тіршілік иесін сипаттай білуін; есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту. 
Жануарлар жəне өсімдіктер əлемінің өкілдеріне мейірімді болуға тəрбиелеу. 
Сабаққа  дайындық  жұмыстары:  суреттер  мен  фотосуреттерді  қарау;  бейнетаспаларды  көру, 
үнтаспаларды тыңдау, жұмбақтар шешу, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу. 
Көрнекі  құралдар:  тақырыпқа  байланысты  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар, 
түрлі түсті қағаздар. 
Сөздік жұмыс: бауырымен жорғалаушы, кесіртке, тасбақа.
 
Билингвалды компонент: кесіртке – ящерица 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі  
(Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 
 
Ынталандыру-
қызығушы-
лықтарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  эмоционалдық  көңіл 
күй  қалыптастырады.    Өлең 
оқиды. 
 
 
 
Балалардың білімдерін белсендіру.
Көктем  мезгіліне  тəн  белгілерді 
Біз ерекше баламыз, 
Айтқан тілді аламыз, 
Көңілді көктем келгенде, 
Қуана қарсы аламыз, 
Сəлем, сəлем, сəлем, көңілді көктем! 
Сəлем, сəлем, сəлем, көңілді достар!   
 
Табиғаттың  өзгеруі  туралы  ойларын 
айтады, 
бір-бірінің 
жауаптарын 

94 
 
айтқызады.  Бүгінгі  күннің  ауа 
райын 
топтағы 
«Ауа 
райы» 
күнтізбесіне белгілетеді.  
Сұрақтар:  
Тірі организмдер – жануарлар мен 
өсімдіктердің  тіршілігіне  күннің 
жылынуы  қалай  əсер  етті?  Олар 
қалай өзгерді?  
 
Сұрақтарға  жауап  алу  жəне 
жұмбақ  шешкізу  арқылы  ҰОҚ-
ның  тақырыбын  жəне  мақсатын 
болжамдап тапқызады. 
толықтырады, 
педагогтің 
айтқанын 
тыңдайды. 
 
Көктем келді. Күн жерді қатты қыздыра 
бастады. Қар еріп, жылғалардан су ақты. 
Шөптер  жап-жасыл  болып  шықты. 
Гүлдер гүлдеді.  
Жануарлар  да  ұйқыларынан  оянды.  Қыс 
бойы аппақ болып жүрген қоян тонын сұр 
түске ауыстырды.  
 
Жау келсе – қатты сасады, 
Құйрығын тастай қашады.  
                                              (Кесіртке) 
 
 
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық 
 
 
 
 
 
Балалардың  назарларын  əліппе-
дəптердегі суретке аударады:  
Кесіртке – бұл 
бауырымен 
жорғалаушы жануар.  
Кесірткенің  денесі  ұзын,  сопақ 
жəне 
қауіп 
төнгенде 
көбі 
құйрығын  үзіп  тастап  қашып 
кетеді. Олар өте жылдам жүгіреді, 
бауырымен  қозғалады,  өздерінің 
кіші  кесіртке,  бақа,  жылан,  ұсақ 
құстармен қоректенеді.  
Педагог  кесітркелер  бейнеленген 
суреттерді  көрсетіп,  балаларға 
сұрақтар қояды: 
Кесірткелер  бір-бірінен  қандай 
айырмашылықтары 
бар? 
Ең 
кішкентай  кесіртке  қандай?  Ал 
үлкені  ше?  Кесірткелер  немен 
қоректенеді?  
 
Өзекті  сұрақ:  Кесіртке  неге 
жасырынады? 
Неден 
жаысырынады?  
Педагогтің  ақпараты:  Кесіртке 
інінде 
түнімен 
ұйықтайды, 
қолайсыз  ауа  райында  тығылып 
жатады.  Қыста  ол  ұйқыға  кетеді. 
Кесірткелердің 
іні 
құраған 
ағаштардың тамырларында немесе 
тас, 
қураған 
шөп 
арасында 
болады.  Көктемде  ұйқыларынан 
оянып,  күнге  жылынуға  шығады. 
Денелері 
жылынған 
соң 
жəндіктерді 
аулап 
қоректене 
бастайды.    
Кесіртке  өте  жылдам  жүгіреді, 
оны ұстау өте қиын. Бірақ оларды 
жылан  мен  құстар  жылдам  қуып 
 
ҰОҚ 
тақырыбына 
танымдық 
қызығушылықтарын,  жаңа  нəрсені  білуге 
деген құштарлықтарын көрсетеді.  
 
Педагогтің  əңгімесін  мұқият  тыңдайды, 
суреттерді  көреді,  кесіртке  туралы  білетін 
деректерін  əңгімелеп  айтады,  сұрақтар 
қояды.  
 
 
 
 
 
 
Суреттерге  қарап  отырып,  кесірткелердің 
қандай 
болатынын, 
олардың 
немен 
қоректенетінін əңгімелейді.  
 
 
 
 
 
 
Педагогтің ақпаратын қызыға тыңдайды.  
 
 
 
Кесірткелер  бейнеленген  суреттер  немесе 
слайдтарды көреді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

95 
 
жетіп,  құйрығынан  ұстайды  екен. 
Сол  кезде  кесіртке  құйрығын  үзіп 
тастап  кетеді.  Бірақ  уақыт  өткен 
соң  құйрығының  орнына  жаңа 
құйрық  өсіп  шығады  екен.  Міне, 
ол осылай жауынан қорғанады.  
 
Кесірткені көргендерің бар ма?  
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сұрақ: 
Ал тасбақа туралы не білесіңдер?  
Педагогтің əңгімесі: 
Тасбақа – бауырымен жорғалаушы 
жануар.  Тасбақалар  ыстық  шөлді 
жерлерді,  тропиктік  ормандарды, 
тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, 
елді 
мекендер 
маңын, 
теңіз 
жағалауларын, 
мұхиттарды 
мекендейді. 
Суық 
жəне 
құрғақшылық 
кезде 
қысқы, 
кейде жаздық ұйқыға 
кетеді. 
Тасбақа  суға  да  тамаққа  да 
шыдамды.  Ұзақ  уақыт  оларсыз 
шыдай алады.  
 
Зерттеу жұмысын жүргізеді.  
Кесірткені  далада  бірден  байқай 
ала ма? Қалай ойлайсыңдар?  
 
Кесірткенің түсі əртүрлі. Бейне ою 
салып 
қойғандай. 
Сондықтан 
оларды  байқау  мүмкін  емес. 
Кесірткелерді  жəндіктер  байқамай 
қалады.  Жаулары  да  оны  бірден 
 
 
 
 
 
 
 
Өмірде 
көрген-көрмегендерін 
айтады. 
Қалай көргендерін əңгімелейді.  
 
«Кесіртке» 
Орнымыздан тұрамыз, 
Қолды белге қоямыз, 
Жоғары созамыз, түсіреміз. 
  
Кесіртке шықты далаға, 
Жан-жағына қарады. 
1, 2, 3 – кесіртке  болып  ақырын 
жүреміз.  
(Кесіртке  денелерін  қозғап,  бір 
орындарында ақырын жүреді). 
 
Кесіртке жылдам жүгірді, секірді. 
Ініне жып етті. 
(Жүгіреді, 
секіреді, 
қолдарымен 
бастарын жауып отыра қалады). 
 
 
Тасбақа  туралы  білетіндерін  əңгімелейді, 
бір-бірінің айтқандарын толықтырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бірнеше  кесірткенің  (сұр,  жасыл,  қоңыр 
жəне  сары  түсті  кесірткелер)  суреті 
тақтада ілініп тұрады. Тақта алдында сары, 
сұр,  қоңыр    жəне  жасыл  түсті  жапырақ 
суреттері  болады.  Балалар  жапырақты 
кесірткелердің 
үстіне 
қойып, 
қай 
жапырақты  қойғанда  кесірткені  байқай 
алмайтындарын  анықтайды,  тұжырым 
жасайды.  
 

96 
 
көре алмайды.  
 
Өзекті  сұрақ:  табиғатқа  кесіртке 
керек  пе?  Оны  не  үшін  қорғау 
қажет?  
 
Əліппе-дəптермен 
жұмысты 
жүргізеді. 
 
 
Сұраққа 
ойланып, 
өз 
болжамдарын 
айтады.  
 
 
Əліппе-дəптердегі  тасбақаның  суретіне 
қарап, оны сипаттайды.  
Кесірткенің 
құйрығын 
салады, 
оны 
бояйды.  
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия:  
«Күн»  жаттығуы.  Шарты:  ҰОҚ-
дан  кейін  өздерінің  көңіл  күйлері 
ым-ишарамен білдіреді.  
 Көңілді  күн – көңілді  бейнені 
салады. 
 Жартылай  бұлт  жапқан  күн – 
езулерін  керіп,  жымиып,  бірақ 
қабақтарын түйіп тұрады.  
 Бұлт  артында  қалған  күн – 
көңілсіз бейнені салады.  
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. 
Көңілді  көңіл  күймен  алған  əсерлерін 
əңгімелейді. 
ҰОҚ-дан  алған  əсерлерін  ым-ишарамен 
білдіреді.  
 
Күтілетін нəтиже: 
айтады: кесірткенің сыртқы құрылысын; 
түсінеді: кесірткенің неліктен құйрығын үзіп тастап кететінін; 
 қолданады:  ҰОҚ-да  алған  білімдерін  өмірлік  тəжірибеде  қарапайым  зерттеу 
жұмыстарын өткізу барысында.   
 
 
 
 
№ 29 ҰОҚ 
 
Білім беру саласы: Таным, Əлеумет 
Бөлімі: Жаратылыстану 
Тақырыбы: Наурызгүлдер 
Мақсаты:  көктемдегі  маусымдық  өзгерістермен  таныстыру.  Көктемнің  алғашқы  гүлдері – 
наурызгүлдер  туралы  түсініктерін  дамыту.  Туған  өлке  табиғатына  деген  сүйіспеншілік  сезімін 
тəрбиелеу. 
Сабаққа  дайындық  жұмыстары:суреттер  мен  фотосуреттерді  қарау;  бейнетаспалар  мен 
слайдтарды  көру,  үнтаспаларды  тыңдау;  жұмбақтар  шешу,  қарапайым  тəжірибе  жəне  зерттеу 
жұмыстары, зерттеу мақсатындағы серуендерге шығу, тақпақтар жаттау. 
Көрнекі  құралдар:  тақырыпқа  байланысты  суреттер,  əліппе-дəптер,  түрлі  түсті  қарындаштар, 
интерактивті құрал. 
Сөздік жұмыс: наурызгүлдер, бəйшешек, қары еріп, ашылған ойдым жер.
 
Билингвалды компонент: наурызгүл – первоцвет 
 
Жұмыс 
кезеңдері 
Педагогтің басқарушылық 
қызметі (Əдістер, тəсілдер) 
Балалардың іс-əрекеті 

97 
 
 
Ынталандыру-
қызығушылық-
тарын ояту 
Педагог 
балалардың 
жұмыс 
істеуіне  эмоционалдық  көңіл  күй 
қалыптастырады.  Өлең оқиды. 
 
 
 
 
 
Балалардың 
білімдерін 
белсендіреді.  
Қазір 
жылдық 
қай 
мезгілі? 
Шынымен 
көктем 
бе? 
Дəлелдеңдер.  
 
 
Көктемнің тағы белгісі: қыс бойы 
қар  астында  жатқан  шөптердің 
шығуы. 
Сұрақтарға  жауап  алу  арқылы 
ҰОҚ-ның 
тақырыбын 
жəне 
мақсатын болжамдап тапқызады.  
 
 
 
Шуақ шаша алтын таңда, 
Мөлдір таза ауада 
Табиғаттың бəрі оянады. 
Қайырлы таң, балалар! 
Сəлем бердім саған, елім! 
Тал бесігім, туған жерім. 
Сəлем бердім бəріңізге! 
 
Көктем  мезгілінің  белгілерін  айтады. 
Көктем мезгілі екенін дəлелдейді.  
 
Жақында  ғана  жер  бетінің  бəрі  аппақ  қар 
еді.  Жылы  киініп,  балалар  сырғанақ  теуіп 
жүрген.  Енді,  міне,  қар  ери  бастады.  Енді 
сырғанай  алмаймыз.  Күн  де  жылына 
бастады. 
Бұрынғыдай 
қалың 
киіне 
алмаймыз.  Жеңіл  киінеміз.  Қар  еріп, 
жылғалардан су ақты. Қары еріп, ашылған 
ойдым 
жерлерден 
өсімдіктер 
шыға 
бастады.  Құстар  жылы  жақтан  ұшып  келе 
бастады.   
 
Педагогтің  түсіндіргеніне  қызығушылық 
танытады. 
 
 
Ізденістік-
ұйымдастыру-
шылық 
 
 
 
 
 
Көктемде  алғаш  шығатын  гүлдер 
туралы не білетіндерін сұрайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балалардың 
назарын 
əліппе-
дəптердегі суреттерге аударады:  
Суреттегі 
гүлдерді 
көрсетіп, 
олардың 
қалай 
аталатынын 
айтады. 
Гүлдердің 
бөліктерін 
көрсетеді.  Түсі  мен  көлемдерін, 
түрін анықтатады.  
Педагогтің анықтамасы:  
Көктемде алғаш шығатын гүлдерді 
наурызгүлдер 
деп 
атайды. 
Наурызгүлдер  əртүрлі  болады 
жəне  олардың  жеке  аттары  бар. 
Мысалы:  бəйшешек,  айылқияқ, 
қызғалдақ.  Əр  гүлдің  өзінің  түсі, 
түрі  жəне  иісі  болады.  Олардың 
Сұрақтарға болжамдап жауап береді.  
Бəйшешек,  алғашқы  гүлдер  (егер  балалар 
жауап  беруге  қиналса,  онда  педагог 
көмекке келеді). 
 
Бəйшешектен білеміз 
Көктем келіп қалғанын. 
Мəз боламыз, күлеміз, 
Көрсек бүршік жарғанын. 
 
 
Көктемнің  алғашқы  гүлдерінің  суреттерін 
көріп,  олардың  атауларымен  танысады, 
қайталайды. 
Оларды 
сипаттайды. 
Бөліктерін  айтады:  тамыры,  сабағы, 
жапырағы, гүлі.  
 
 
 
Наурызгүлдер 
туралы 
ақпараттармен 
танысады:  
Бəйшешек.  Оның  күлгін,  көк  гүлдері  қар 
бетінде  шашылған  жұлдызға  ұқсайды. 
Бəйшешектер  өте  нəзік  жəне  хош  иісті. 
Қыс  мезгілі  бəйшешектерден  «қорқып», 

98 
 
бəрі  əдемі  жəне  ерекше.  Қыс 
кезінде  тамыры  топырақ  астында 
жатады, 
көктемде – күн 
жылынғанда қар астынан қылтиып 
шығады.  
 
Сұрақ:  
Бұл  гүлдер  гүлдегенде  жер  беті 
алтын түсті кілем сияқты көрінеді? 
Бұл қандай гүлдер?   
 
Өзекті  сұрақ:  Бөлме  гүлдерінің 
алғашқы 
гүлдерден 
қандай 
айырмашылығы бар?  
 
Сергіту сəті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Əліппе-дəптермен 
жұмысты 
жүргізеді. 
 
 
 
 
 «Өз  түсіңді  тап»  қимыл-қозғалыс 
ойыны. 
 
 
 
 
 
Педагогтің 
ақпараты: 
Наурызгүлдер  қорғауға  алынған. 
«қашып кеткен» тəрізді.  . 
Кейінірек  айдаршөп  (хохлатка)  гүлдері 
шығады.  Олар  жердің  бетін  алып  кетеді. 
Күлгін  түсті  айдаршөптердің  арасынан 
кейде  ашық  қызыл  түстілерін  де  байқауға 
болады.  
 
Бұл – бақбақ. Бақбақ күнге, алтын шарикке 
т.б. ұқсайды.   
 
 
Ұқсастықтары  мен  айырмашылықтарын 
əңгімелейді.  
 
 
Көктем, көктем! Келі көктем!                        
Қолдарын шапалақтайды. 
Құстар қанаттарымен жылу алып келді.         
Құстар сияқты «ұшады». 
Күн жарқырап шықты.                          
Жүреді. 
Айнала жап-жасыл болды.  
Екі қолдарын екі жаққа созады, отырады. 
Бəйшешек қылтиып шықты.                     
Екі қолдарын жоғары созып тұрады. 
Хош иісін жан-жаққа төкті. 
   Қолдарын мұрындарына əкеледі, сонан 
соң жан-жаққа созады. 
Басқа гүлдер қылтиып шықты.                      
Секіреді. 
Көктемнің алғашқы белгілері. 
   Оңға, солға иіледі. 
Суықтан қорықпайтын «батыр» гүлдер. 
Алғашқы гүлдер – наурызгүлдер.  
 
 
 
Тапсырмаларды  орындайды.  Сұрақтарға 
жауап 
береді. 
Бөлме 
гүлдері 
мен 
наурызгүлдердің 
қандай 
айырмашылықтары 
жəне 
қандай 
ерекшеліктері бар екенін анықтайды.   
 
Еденде  негізгі  төрт  түсті  құрсаулар 
жатады.  Ал  үстел  үстінде  қағаздан 
қиылған  гүлдер  аударылып  қойылады. 
Балалар  кез  келген  гүлдің  біреуін  алып, 
оның  түсін  атайды.  Мысалы,  қызыл. 
Музыка  əуенімен  топ  ішінде  жүреді, 
музыка  тоқтаған  кезде  өзінің  қолындағы 
гүлдің түсіндей құрсау ішіне кіріп тұрады.   
 

99 
 
Олардың  тізімі  Қызыл  кітапқа 
енгізілген. 
Өйткені 
адамдар 
оларды 
жұлып, 
аяқтарымен 
таптап,  санын  сиретіп  жатыр. 
Қызыл  кітапта  осы  гүлдер  туралы 
былай 
жазылған: «Жұлма, 
аяғыңмен  таптама!»  Бұл  сөздерді 
былау  түсінуге  болады: «Гүлдерді 
қорғап,  олардың  өсуіне  мүмкіндік 
бер. 
Сонда 
сенің 
өлкеңнің 
табиғаты  тамаша,  ауасы  таза 
болады». 
 
 
 
Рефлексивтік-
түзетушілік 
Педагог қорытынды жасайды. 
Рефлексия: «Гүл» 
жаттығуы. 
Үстел 
үстінде 
əртүрлі 
түсті 
фишкалар  жатады:  қызыл  жəне 
жасыл.  Өздерін  ҰОҚ-ға  «өте 
жақсы қатыстым» дегендер қызыл 
түсті 
фишкалардан 
гүл 
құрастырады,  ал  «аса  жақсы 
қатыспадым» 
дегендер 
жасыл  
дегендер  түсті  фишкалардан  гүл 
құрастырады. Педагог балалардың 
бəрін мадақтап, келесі жолы бұдан 
жақсы қатысуларын сұрайды. 
 
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. 
Көңілді  көңіл  күймен  алған  əсерлерін 
əңгімелейді. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет