Табигиндер



Pdf көрінісі
бет45/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
Андалусия әмірі
 
«Әл-Ғафиқи – ұлы мақсат пен таудай талап тылықта Муса ибн Нусайр мен 
Тариқ ибн Зиядтың шын бейнесі»
(Тарихшылар).
Әмирүл-мүминин,  рашид  халифатардың  бесінші сі  Омар  ибн 
Абдүләзиз  өзінен  бұрынғы  халифа  Сү леймен  ибн  Абдүлмәлик
-
ті жерлеп болысымен, ай мақтарды басқарып отырған әкімдердің 
құрамын  қайта  қарап,  біреулерді  орындарынан  алып,  біреулерді 
жаңа орынға қойып, қайта тағайындаулар жасады. 
Бірінші қолға алынған аймақ Андалусия болды. Ол жерге Әс-
Самх  ибн  Мәлик  Әл-Хауләниді  тағайындап,  Францияның  азат 
етілген қалаларын қосты. 
Жаңа әкім Андалусияға келіп, шындық пен жақ сылықтың жар
-
шыларын  іздеп, қасындағылардан:
– Осы елде тәбиғиндерден қалған біреу бар ма? – деп сұрады.
– Иә, бар. Абдуррахман ибн Абдуллаһ Әл-Ғафиқи деген ұлы тә
-
биғиндердің бірі арамызда өмір сүріп келеді, – деп жауап беріп, 
оның Алла кітабы туралы терең білімі, Елшісінің (с.а.у.) хадистері
-
нен керемет түсінігі бар екені жайында айта бастады. 
– Ол кісі – ұлы сахаба Абдуллаһ ибн Омар ибн Әл-Хаттабты 
көрген кісі. Алла өзіне және әкесіне разы бо лсын, сол кісіден көп
-
теген хадистер алып, сол сахабаның жолын ұстанған.
Әс-Самх ибн Мәлик Әл-Хауләни Абдуррахман ибн Әл-Ғафиқи
-
ды  шақыртқызып,  қошеметпен  күтіп  алып,  қасына  отырғызып, 


 186 
бір  сағаттай  көкейінде  жүрген  сұ рақтарды  сұрап  шықты.  Елге, 
халыққа байланысты көптеген күрделі мәселелерді сұрап, басын 
ашып алды. Оған көмек көрсетіп, қолдап отыруды сұрады. 
Естігенінен, білгенінен әлдеқайда артық шыққан ұлығ ғұламаға 
таң  қалып,  Андалусиядағы  жауапты  жұмыстардың  біріне  бас
-
шылық етуді ұсынды. Оған шәйх былай деп жауап берді:
–  Мен  жәй  қарапайым  халықтан  шыққан  жанмын. 
Бұл  аймаққа  Алланың  сөзін  жер  бетіне  жаю  үшін  қылы-
шымды  көтеріп  келдім.  Алла  Тағала  қаласа,  ақиқат-
 
пен жүрсең, көлеңкең боламын. Маған ешбір биліктің, мансаптың 
керегі жоқ.
***
Көп ұзамай Әс-Самх ибн Мәлик Францияны тү гелдей азат ету
-
ге, оны ұлығ Ислам мемлекетіне қосуға бел буды. Ондағы мақсаты 
Францияның шұрайлы жерлеріне мықтап орналасып, Балқан түбе
-
гіне жорық жасап, әрі қарай Константинопольді тұтқиылдан соғу 
болатын. Осылайша Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өсие тін орындау 
керек  еді.  Ол  жайында  мынадай  хадис  бар: 
«Конс тантинополь 
алынады.  Сол  әскер  неткен  күшті  әскер,  қолбасшысы  қандай 
жақсы қолбасшы!». 
Осы жоспарды орындау үшін біріншіден, Испанияға жақын ор
-
наласқан Францияның ірі қалаларының бірі Нарбоннаны алу ке
-
рек. Бұл қала Пиренейден түскен мұсылман әскерлеріне бірнеше 
рет  төтеп  беріп  келеді.  Сонымен  қатар,  бұл  қала  –  Францияның 
қақпа сы іспетті, оны басып алуды дәметкендер де көп.
***
Әс-Самх  ибн  Әл-Хауләни  Нарбонна  қаласын  қор шауға  алып, 
Ислам дінін қабылдауды немесе салық төлеуді ұсынды. Бұл ұсы
-
ныс олардың намыстарына тиіп, бітімнен бас тартты. 
Төрт апта бойы толассыз атқылаған тас атқыш тардың, бірінен 
соң бірі тауысылмайтын шабуылдарынан кейін бұзылмас тас қа
-
мал  деген  қорғандары  күл-талқан  болып,  қала  мұсылмандардың 
қолына түсті. Мұндай ерлікке толы шайқасты Еуропа бұрын-соң
-
ды көрмеген еді. 
Жеңімпаз  қолбасшы  қалың  қолын  шұбыртып,  Аквитания  ау
-
мағының  астанасы  Тулузаны  шапты.  Бұл  жерде  де  бұрын  қол
-


 187 
данған  тәсілін  айнытпай  пайдаланып,  тас  атқыштармен  қоршап 
алып,  Еуропалықтар  көрмеген  талай  жаңа  соғыс  құралдарымен 
атқылап,  қала  қамалының  быт-шытын  шығарды.  Осы  қаланы 
алуға таяп қалғанда, кенеттен күтпеген жағдай болды. Бұл жағдай
-
ды мұсылмандар есепке алмаған еді. 
Бұл не жағдай екенін француздың шығыстанушысы Рено баян
-
дап берсін:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет