Табигиндер


СӘЛИМ ИБН АБДУЛЛАҺ ИБН ОМАР



Pdf көрінісі
бет44/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
СӘЛИМ ИБН АБДУЛЛАҺ ИБН ОМАР
Амалды ғалым
«Бұрын өткен сәлихалы тұлғаларға ғибадатта, білімде және өмір сүруде 
дәл Сәлим ибн Абдуллаһ сияқты адам болмады»
(Имам Мәлик).
Әмирүл-мүминин  Омар  ибн  Әл-Хаттабтың  ұлдары  көп  еді. 
Бірақ ешқайсысы Абдуллаһ сияқты әкелеріне тартқан емес еді. Сол 
сияқты Абдұллаһтың да балалары көп болды. Оған қатты тартқаны 
Сәлим болды.
Осы Әл-Фаруққа тартқан, әсіресе оған дін мен білімде, мінез 
бен әдепте ұқсаған Сәлимнің өмірінің басқа қырларына үңілейік. 
Сәлим ибн Абдуллаһ таза қала – Тайбаһта
1
, яғни Мә динеде өмір 
сүрді. Ол кезде Тайбаһ қаласы гүлденген ең бай қалалардың бірі 
еді.  Үмәйяһ  әулетінің  халифа тары  бұл  шаһарға  адамның  ойына 
келмейтін қар жы жұмсап, көмек көрсетуден шаршамайтын. Қала-
ның рызығы шет жерлерден суша ағылып жататын. 
Бірақ басқалар сияқты Сәлим бұл байлыққа қы зыққан да, көз 
тастаған да жоқ. Пәни дүниеге қызығып, басқалар мастанғандай 
масаттанбады. Адамдардың қо лындағыдан бас тартып, Алланың 
жанындағы сауаптарды талап етті, өткінші дүниеден бас тартып, 
кейінге қалдырылған ақыретті тіледі. 
Үмәйяһ  әулетінің  халифатары  оны  басқалар  сияқ ты  сый-сия
-
патқа  кенелдіріп,  байлыққа  белуарына  де йін  батыруға  тырысты. 
Олардың бергендерінен бас тар тып, дүние-мүлікті көк тиынға ке
-
рек етпеді. 
1 Мәдинә мүнәууәраның тағы бір аты.


 181 
Бір жылы Сүлеймен ибн Абдүлмәлик Меккеге қа жылық жаса
-
уға  келді.  Алғашқы  келгенде  жасайтын  «құдум»  тауафын  жасап 
жүріп, Қағбаның алдында дү  ниеден бейхабар, барлық жан-тәнімен 
Құран оқып отырған Сәлимді көрді. Оның көз жасы екі бетін жуып 
жатыр.  Тіптен  оның  көзінің  арғы  жағында  көз-жастан  жиналған 
теңіз бардай. Тауафын бітірген халифа екі рәкат тауафтық сүннет 
намазын  оқып,  Сәлим  отырған  жаққа  жүрді.  Адамдар  оған  жол 
ашты. Сәлимнің қасына келіп, тізесіне тізесін тигізіп отырды. Сә
-
лим оның келгеніне көңіл аударған да жоқ, сезбеген де шығар. Өй
-
ткені ол Алла Тағаланы еске түсіріп, мінәжәтқа терең бойлап кет
-
кен еді. Халифа ол қашан көз жасын тыйып, Құран оқуын тоқтатар 
деп көзінің қиығымен бағып отырды. 
Онымен сөйлесуге мүмкіншілік туғанда оған:
– Әссәләму алейкум, Әбу Омар! – деп сәлем берді. Ғұлама оған:
– Әлейкумүс-сәләм уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ! – деп жауап 
берді. 
– Әбу Омар, керегіңіз болса, айтыңыз, – деді халифа бәсең да
-
уыспен.  Сәлим  оған  жауап  бермеді.  Халифа  оны  естімей  қалды 
деп, құлағына жақынырақ еңкейіп:
– Сіздің мұқтажыңыз болса, соны өтейін деп едім, – деді. Сәлим 
сонда:
–  уаллаһи, өзім Алланың үйінде отырып, басқа бі реуден сұра
-
уға ұяламын, – деді. Халифа ұялып, не дерін білмей қалды. Бірақ 
орнынан тұрмай отырды. 
Намаз бітісімен Сәлим орнынан тұрып, көлігіне қарай беттеді. 
Айналасына адамдар топталып, бірі Пайғамбар (с.а.у.) хадистері 
жайында сұрап, бірі діни мәселеде фәтуа алып, бірі дүние істерін
-
де ақыл сұрап, бірі дұға етуге өтініш жасап жатыр. Оның соңынан 
іле сіп келе жатқандардың бірі – халифа Сүлеймен ибн Абдүлмә
-
ликтің өзі еді. Халифаты көрген адамдар оған жол ашты. Тез жүріп 
жетіп алған халифа Сәлимге:
– Ал енді, Әбу Омар, мешіттің сыртына шықтық, арызыңызды 
айтыңыз, орындайық, – деп құлағына сыбырлады.
– Дүниенің керегі ме, әлде ахиреттің бе? – деп сұрады ғұлама. 
Халифа кідіріп қалды.
– Әрине, дүниенің, – деп жауап берді.
– Мен дүниенің керегін қолында тұрғаннан сұра май, қолында 
жоқтан қалай сұрайын?


 182 
Халифа  қатты  ұялып,  қоштасып,  атының  басын  басқа  жаққа 
бұрды. 
– Әл-Хаттаб әулеті тақуалық пен діндарлықта қандай абыройлы! 
Алла Тағаланың разылығынан ар тық еш нәр се керек емес сендерге! 
Сендер сияқты әл-үмметке

Алла берекесін берсін! – деп, кетіп бара 
 
жатыр екен. 
Одан бір жыл бұрын қажылыққа Уәлид ибн Абдүл   мәлик барған 
еді.  Адамдар  Арафаттан  шығып,  Мүздә лифаға  қарай  беттеген
-
де, халифа Сәлим ибн Абдұллаһты ихрам киген күйінде көріпті. 
Сәлем беріп, дұға қылады. Ашық денесін көріп, кемел пішініне, 
бұлшық еттерінің болаттай шымырлығына қызығып:
– Әбу Омар, сіздің денеңіз неткен керемет! Қалай тамақтана
-
сыз? – деп сұрады.
Нан мен май, табылса кейде ет, – деп жауап берді шәйх.
– Нан мен май ғана ма?
– Иә.
– Қалай шығып кетпейсіз? Тәбетіңіз тек соны қалай ма?
–  Егер  тәбетім  қаламаса  жемеймін.  Қарның  аш қанда,  тәбетің 
болады ғой.
Сәлим атасы Әл-Фәруққа пәни дүниенің өткінші қы зықтарынан 
безіп, тақуалыққа берілуде ғана емес, салдары ауыр, жазасы қиын 
болса да шындықты бетке айтуда да ұқсайтын еді. 
Осы тұрғыда оны мен Әл-Хәжжәждің арасында бол ған әңгіме 
ойға  оралады.  Бір  күні  мұсылмандардың  арызын  айтып,  ол  Әл-
Хәжжәждің  алдына  кіреді.  Әл-Хәжжәж  оны  қошеметпен  күтіп 
алып,  дастархан  жа йып,  төрге  отырғызады.  Әңгіме-дүкен  құрып 
отырғанда сақал-мұрттары өскен, шаштары албастының шашын
-
дай,  кір-қожалақ,  беттері  сарғайып  кеткен,  кісенделген  бір  топ 
кісіні алып кіреді. Әл-Хәжжәж Сәлимге қарап:
–  Мына  кісілер  –  жер  бетінде  бұзақылық  жасаған  оңбаған
-
дар. Алла Тағала рұқсат етпеген қанды төк кен албастылар, – деп, 
қылышын  ұстатып,  біріншісін  көрсетіп:  «тұрып,  өзіңіз  басын 
алыңыз», – деді. Сәлим Әл-Хәжжәждің қолынан қылышты алып, 
әлгі  кісіге  жақындады.  Отырғандар  көздерін  алмай,  шәйх  не  іс-
тейді екен деп тесіле қарап қалыпты, ол әлгі кісінің алдына келіп:
– Сен мұсылмансың ба? – деп сұрады.
1 Әлеумет


 183 
– Иә. Бірақ мұны сұрап не істейсің, келген бұйрық ты орындай 
бер, – деді үміті үзілген кісі.
– Таң намазын оқыдың ба?
– Мен мұсылман екенімді айттым. «Таң намазын оқыдың ба?» деп 
сұрағаның не? Таң намазын оқы майтын мұсылман бар деп пе едің?!
– Бүгін таң намазын оқыдың ба? – деп сұрап тұр мын.
–  Алла  сені  тура  жолға  салсын!  «Оқыдым»  деп  айттым  ғой. 
Мына  залымның  бұйрығын  орында  деп  сұрадым.  Оның  бекерге 
ашуына қаласың. 
Сәлим  Әл-Хәжжәжға  бұрылып,  қылышты  алдына  лақтырып 
жі берді. 
– Мына кісі өзінің мұсылман екенін растап тұр. Және бүгін таң 
намазын оқығанын айтты. Маған Пайғамбардың (с.а.у.) «Таң нама
-
зын оқыған жан Алланың қорғауында болады» деген сөзі жеткен. 
Алла Тағаланың қорғауындағы адамды өлтірмеймін. Әл-Хәж жәж 
ашуға булығып:
– Біз бұны таң намазын оқымағаны үшін өлтірейін деп жатқан 
жоқпыз. Бұның Халифа Осман ибн Аффанды (р.а.) өлтіруге көмек
-
тескендердің бірі болғаны үшін өлтірмекпіз, – деді. Сәлим оған:
– Османның кегін алуға менен де, сенен де лайықтырақ адамдар 
бар, – деді. Әл-Хәжжәж жауап бере алмады, үн шығармады. 
Кейін мәжілісте болғандардың бірі әкесі Абдуллаһ ибн Омарға 
келіп баласы мен Әл-Хәжжәждің арасында болған жайды баяндап 
беріпті. Әңгіменің соңына дейін күте алмай, ұлының Әл-Хәжжәжға 
не дегенін тікелей сұрады. «Былай болды, былай болды» дегенде, 
жүрегі орнына түсіп:
– Ақылды, ақылды, жақсы, жақсы, – дейді.
Халифатық  Омар  ибн  Абдүләзизге  ауысқанда,  Әми рүл-
мүминин Сәлим ибн Абдұллаһқа хат жазыпты: «Алла Тағала мені 
үлкен  сынаққа  салды.  Мені мен  ақылдаспастан  мұсылмандардың 
тізгінін ұстау жауап   кершілігін мойныма жүктеп отыр. Осы хатым 
барса, Омар ибн Әл-Хаттаб жайында кітаптар мен оның өмірба
-
яны  туралы  ақпарат  жібер.  Мен  оның  жолымен  жүріп,  ізбасары 
болуға бел будым. Алла қаласа, ұлы халифаның жолын қуып, ел 
басқарудағы әдістерін қолданамын». 
Хатты Сәлим ибн Абдуллаһ оқып, былай деп жауап жазады:   
«Алла Тағала мені үлкен сынаққа салды. Мені мен ақылдаспай, 
менің рұқсатымсыз және менің бұ рын бас тартқанымды білсе де, 


 184 
мұсылмандарды бас қару жауапкершілігін мойныма жүктеп отыр. 
Ұлы халифаның жолын қуып, ел басқарудағы әдістерін қолдана
-
мын» деген хатыңды оқып, саған мынаны айт қым келеді. Бірінші
-
ден, Омардың заманында өмір сүріп отырған жоқсың, екіншіден, 
жолдастарың Омар дың адамдары сияқты емес. Бірақ мынаны біліп 
ал:  шындық  пен  әділет  орнатуға  ниет  етсең,  Алла  Тағала  саған 
көмек көрсетіп, осы жоспарларыңды іске асыратын қызметкерлерді 
қасыңа жинайды. Көмек саған күтпеген жерден келеді. Алла Таға
-
ла құлына ниетіне қарай көмек береді. Кімнің ниеті жақсылықта 
кәміл болса, Алла Тағаланың  да көмегі толық болады.  Ниетінде 
жетіспеушілік болса, сол шамада көмегі де аз болады. Егер нәпсің 
Алла Тағаланы разы етпейтін істерге бұрыла бастаса, сенен бұрын 
өткен ірі сұлтандар мен патшаларды есіңе ал. Ләззат көріп өткен 
көздерінің қалай жұлынып алынатынын, рахат пен тәттіге тоймай
-
тын қарындары қалай жарылып шұбатылаты нын естен шығарма. 
Оларды жерге көмбей, біздің тұрғын үйле ріміздің ауласына тастап 
кетсе, сасық иістерінен жиіркеніп, ұшынып ауырар едік. Саған Ал
-
ланың сәлемін, мейірімін және берекесін тілеймін».
***
Сәлим  ибн  Абдуллаһ  ибн  Омар  ибн  Әл-Хаттаб  тақуалық  пен 
тура  жолдың  нұрына  толы  ғұмыр  кешіп,  ұзақ  өмір  сүрді.  Дүни
-
енің  қызығы  мен  бақ-дәулетінен  бас  тартты.  Алла  Тағаланың 
ризашылы ғын  қалады.  Қарапайым  тамақ  ішіп,  қарапайым  киім 
киді.  Қатардағы  жауынгер  ретінде  Византияға  қарсы  жорыққа 
қатысты.  Мұсылмандардың  қажеттілігіне  жа рап,  ата-анасындай 
қамқор болды. Һижраның 106 жылы көз жұмғанда, қайғыдан Мә
-
дине дүр сілкінді. Қайғы әрбір жүрекке қасірет әкелді, әрбір көзге 
жас іркілтті. Адамдар оның жаназасын оқуға жүгірді. Халықтың 
бәрі барып жерледі. 
Жерлеуге  сол  кездегі  халифа  Һишәм  ибн  Абдүл мәликтің  өзі 
келіп жаназына қатысты. Осынша көп адам жиналғанына таң қа
-
лып, өзіне-өзі: «Бұл жерде мұсылмандардың халифасы өлсе қанша 
адам жиналар екен», – деді. Мәдиненің әкімі Ибраһим ибн Һишәм 
Әл-Махзумиге: 
– Мәдине тұрғындары әскерге төрт мың адам бер сін, – деп әмір 
берді. 
Сол жыл «төрт мың жыл» деген атпен тарихта қалды. 


 185 
АБДУРРАХМАН ӘЛ-ҒАФИҚИ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет