Тағам технологиясы факультеті



бет2/6
Дата07.06.2023
өлшемі1,04 Mb.
#178420
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Нурс отчет
сынып жетекш1, Мурагаттану, offiwiz file, Электр аппараттары Дәріс -4, БОӨЖ 2

Қазақстан Республикасының Индустрия және Жаңа технологиялар Министрлігі, Техникалық реттеу және метрология Комитеті, Ұлттық аккредиттеу орталығының шешімі бойынша «Тағам қауіпсіздігі » сынақ зертханасы СТ ҚР ИСО\МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу лаборатория біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар » талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген.


Лабораторияда менеджмент жүйесі бекітілген және қолданылуда, жұмыс істеу үшін қажетті тәртіптер, бағдарламалар мен нұсқаулар жетілдірілді.
АСЗ — да сериясы 9000 ИСО стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесіне сай біліктілігін растайтын сертификаттары бар мамандандырылған маман иелері қызмет атқарады.


Негізгі бөлім



    1. Тамақ қауіпсіздігі ғылыми зерттеу институты

Сынақ зертханасының зерттеу объектілері: дән және нан өнімдері, ет, сүт азық - түлік өнімдері, балық өнімдері, сусын, су және басқа да азық - түлік және ауыл шаруашылық өндірістерінің өнімдері.
Орталықта ауыр металлдардың, нитриттердің, нитраттардың мөлшерін, пестициттердің, гербицидтердің және микотоксиндердің қалдық санын, бүліну тотықтырғышының көрсеткішін анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Толық физика - химиялық талдау жүргізіледі: ылғал, күлділік, қант, май, ақуыз, қышқыл, әртүрлі иондардың құрамын анықтайды.
Институт келесі қызметтер атқарады:

  • технологиялық үдеріс айналымындағы тағам шикізаты мен өнімінің (нан, сүт, ет өнімдері және баскалар) сапасына мониторинг жүргізу;

  • жекелеген физикалық — химиялық және микробиологиялық талдау түрлерін орындау;

  • сыналатын және жаңа өнімге нормативтік және технологиялық құжаттар әзірлеу;

  • студенттерге, магистранттарға және PhD доктаранттарға эксперименттік жұмыстарды орындакдағы оқу үдерісіне жәрдемдесу;

  • сынау әдістерін әзірлеу және жетілдіру, эксперимент нәтижелерін өңдеу және талдау.

2011 жылы Азық-түлік технологиясы ғылыми-зерттеу институтының негізінде құрылды. Өнімнің микробиологиялық және физика-химиялық көрсеткіштеріне, қауіпсіздік талаптарының сәйкестігіне (физика-химиялық және микробиологиялық сынақтар, сандық химиялық талдау) сынақтар жүргізеді.
Институт құрылымына екі зертхана кіреді, олар: «Тағам қауіпсіздігі» аккредиттелген сынақ зертханасы және Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасы.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының шешімімен «Тағам қауіпсіздігі» сынақ зертханасы «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ ИСО/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес Қазақстан
Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген (аккредиттеу аттестаты № KZ.И.02.1127).
Зертханада менеджмент жүйесі орнатылған және қолдау көрсетіледі, жұмысқа қажетті рәсімдер, бағдарламалар мен нұсқаулар әзірленген. «Тағам қауіпсіздігі» аккредиттелген сынақ зертханасында сапа менеджменті жүйесі бойынша біліктілігін растайтын сертификаттар алған мамандар жұмыс істейді.
Зертхана қауіпсіздік көрсеткіштері белгіленген шикізат пен азық- түліктің тағамдық қауіпсіздігі бойынша ғылыми - зерттеулер жүргізеді. Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми - зерттеу зертханасы (ТӨСҚБ ҒЗЗ).
ТӨСҚБ ҒЗЗ қызметінің негізгі міндеттері мынандай:

  • ҚР тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы өзекті проблемалар бойынша зерттеулер жүргізу;

  • ҚР жобаларының ғылыми-техникалық бағдарламаларын, халықаралық гранттары мен ғылыми қорларын әзірлеуге қатысу;

  • ҚР тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға қатысу;

  • Ғылымның қазіргі жетістіктерін, сол сияқты жеке зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысу;

  • Оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулердің материалдық - техникалық базасын дамыту және күшейту [1].




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет