Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті



Дата08.02.2022
өлшемі20,81 Kb.
#121968
Байланысты:
1 дәріс (6)
оооз, қысқа мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар, Силабус Test, Есеп ТЖБ, 27.04.20, 27.04.20, 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), 83fe017eaff367daa5b740e4ef4953d1 (3), тест, шт практикум, шт практикум, тест, Документ (5), №1 тапсырма

Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі, мақсаты мен міндеті. Қоғамдық қызметі,тәрбиелік-тағылымдық, танымдық, эстетикалық маңызы.
Мақсаты: Балалар әдебиеті – бүгінгі ұлттық әдебиетімізде көркемдік - шығармашылық және тағылымдық – тәрбиелік мақсаттарды басты назарда ұстап, балалардың жас ерекшелігіне қарай дамып келе жатқан сала. Бұл салада балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынады.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. «Қазақ балалар әдебиетінің» мазмұны мен міндеті.
2. Қалыптасу және даму тарихы, кезеңдері.
Қазақ балалар әдебиеті де қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Балалар әдебиеті - келешек әдебиеті. Белгілі академик жазушы Мұхтар Әуезов : «Ел боламын десең , бесігіңді түзе» деген екен. «Бесікті » түзетудің бір жолы – бесік жырын түзеу. Бүгінгі балалар әдебиеті өрісі биік, өресі кең, мәдениеті үлкен әдебиет. Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бастысы балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге , ата-анасын сыйлау , үлкенге құрмет көрсету , имандылыққа тәрбиелеу.
Балалар әдебиеті – қазақ әдебиетінің өскелең бір бұтағы. Оның өсу, өркендеу, даму жолдары бар. Алғашқыда жалпы әдебиеттік мұралармен бірге дамып келсе, соңынан өз алдына дараланып, өз ерекшеліктерімен таныла бастады. Балалардың жастық, білімділік ерекшеліктері еске алынды. Балалар әдебиеті балаларға тәлім – тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды.
Балалар әдебиетінің негізі – ауыз әдебиетінде. Сондықтан балалар әдебиетін зерттегенде халық ауыз әдебиетінен аттап өтуге болмайды. Өйткені, халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры, алтын бесігі. Оқу жасына дейінгі балалар, оқушылар ертегілерді тыңдауды өте жақсы көреді. Ертегілердегі ғажайып оқиғалар, қызықты тартыстар мен түрлі егестер, тапқырлық пен айлакерліктер, зұлымдық әрекеттерге қарсы күрескен қажырлы адамдардың қиян кескі батырлық істері оларды таң-тамаша етеді. Мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқитындығы сондықтан.
Балалар фольклорындағы сөз өнерінің әдемі кестелері, мазмұнды терең ойлары, парасатты тұжырымдары олардың сөздік қорын байытып, мағыналы да мәнерлі сөйлеуге жаттықтырады. Тек бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады [1]. «Халықтың көкейкесті ой – арманын, тілегін бейнелеген, оның рухани және эстетикалық қажеттеріне сай келген халық ауыз әдебиеті тәрбиелік, білімділік, танымдық, эстетикалық қасиеттері мол мәңгі өшпес үлгілерімен де балалар әдебиетін дамытудың сарқылмас қайнар бұлағы ретінде қызмет етіп отырғандығымен де қымбат» [2] ,- дейді М.Қ.Қаратаев.
Қазан революциясына дейін қазақ балалары тек қана қазақ ауыз әдебиетінің ғана мұраларын пайдаланып келсе, содан басқаны білмеген. Қазан төңкерісінен кейін орыс халқының және туысқан одақтас республикалардың халықтық шығармалардың бай мұраларын пайдалануға мүмкіндік алды.
Бізде балалар әдебиетін жасау, бастыру, оны бір жүйеге келтіріп, жас өспірімдерге ұсыну жұмысы тек ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғана қолға алына бастады. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап балаларға арналған жаңа типті орыс-қазақ мектептерінде оқытылатын “Букварь” (1892) , “Әліппе”, “Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1876) “Қазақ хрестоматиясы” (1879) шыға басталды. Мұның өзі жаңа типті орыс-қазақ мектептерінің ашылуына байланысты туған игілік еді. Қазақ балалары үшін ашылған мектептер, соншама аз болса да, қазақ халқының арасында олар орыс білімінің тарауына көмектесті.
Балалар әдебиеті тарихында XIX ғасырдың алғашқы оныңшы жылдарынан бастап, балалардың оқуына лайықталып,іріктелген ең алдымен И. А. Крыловтың мысал өлеңдері болғаны айтылған. Өйткені И. А. Қрыловтың мысалдарында орыс халқының өмірі шынайы тұрде бейнеленген еді. Оның өзі балалардың білімін арттырып, ой дүниесін толықтыруда үздік роль атқарған. И. А. Крылов халық жазушысы болғандықтан, оның мысалдарында халықтың данышпандық ойлары мен көрегендік пікірлері 
қамтылған. Сонымен бірге халықтың жауына деген жиіркенішті 
көзқарастары суреттелген «Россияда сауатты адамдардың саны 
көбейе түскен сайын, Крыловты оқушылардың саны да үздіксіз 
арта түседі. Оның мысалдарын Россиядағы білімді және шала 
сауатты еословиелер әлдеқашан жаттап алды, бара-бара оны бүкіл орыс халқы оқитынына дау жоқ. Бұл — даңқ, бұл өшпес 
атақ!» деген еді В. Г. Белинский. Осы пікірді дұрыс түсіне білген 
ЬІбырай Алтынсарин И. А. Крыловтың «Қарға мен түлкі», «Екі 
тышқан», «Қайырымды түлкі» деген мысал өлеңдерін ең бірінші 
болып аударып, 1879 жылы «Киргизская хрестотатиясында» 
бастырып шығарған еді. Міне, бұл ұлы орыс халқы әдебиеті мен 
қазақ халқы әдебиетінің өз ара байланыс қарым-қатынасы, бірін-бірі толықтыру, жетілдіру бағытының алғашқы бастамасы 
болатын.
Ыбырай қазақ балаларына арнаған хрестоматиясын даярлау, жазу үстінде ең алдымен И. А. Крыловтың мысалдарын аударуды лайық көруінің мынадай пайдалы жақтары бар еді
Мәселен, Крыловтың Ыбырай аударған «Екі шыбын» мысалында: 

  • Көзіме күні бойы көрінбеп ең, Келесін, сөйле! — деді, — сен қай жақтан? Сонда бұл мұрнын көкке көтереді, Адамсып, маңызданып жетеледі. 

  • Жер жыртып, күні бойы шаршап келем, Мазалап сұрап саған не керегі, — деп, өгіздің мүйізінде отырған қара шыбын паңдана түседі.

Бұл былайша қарағанда тіпті әдемі күлкі. Ал оның мазмұнына, маңызына көз жіберсек, басқаша көріністі байқаймыз. Біреу еңбек етеді; оның еңбегін қанаған екінші біреу оны мақтаныш көретіш" сыналған. Ұлы мысалшы ездерін өмірдің билеп-төстеушісі, көркі мен сәні деп ұғатын үстем тап екілдерін қара шыбын бейнесінде суреттеп әжуалайдын.
Қазақ халкының ұлы ақыны Абай да 1898 жылдары Крыловтан «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа». «Піл мен қанден», «Қарға мен түлкі», «Бақа мен өгіз» деген мысалдарын аударған. Бұл аудармалардың қазақ балалар жазба әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына зор мәні болды. Мысал өлеңдерде көбіне жануарлар немесе басқа да жансыз нәрселер сөз етілгенімен, олардың бәрі де адамша сөйлеп, адамша көңіл күйін білдіріп, сезініп отырады, яғни мысалдарда адамдар және олардың өз ара қарым-қатынастары бейнеленеді. Міне, осылайша өмір құбылыстарын, адам арасындағы қарым-қатынастарды астарлы түрде тұспалдай суреттеуді аллегория дейді. Ал, мысал өлең дегеніміз — тәлім-тәрбие беретін келемі шағын аллегориялық шығарма. 1898 жылы Абай аударған Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңінің әсіресе төменгі класс оқушыларының оқуына жеңіл тиетін және олардың мінез-құлқын тәрбиелеуде ерекше маңызы зор. Мұнда еңбек етуді сүймейтін, тойдуманның еркесіне айналған жалқаулар мен сәнқойларды, тоғышарларды өлтіре сынаған.
Оқылатын материалды өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:



  • дәрістің өз мақсатына жетуі

  • негізгі тұжырымдар

  • мәселенің теориялық маңызы

  • мәселенің практикалық маңызы

Еркін қолжетімді әдеби көздердің ұсынылатын тізімі (беттерді, гиперсілтемелерді көрсете отырып)):

1.А. Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Жазушы, 2018.- 467 б.


2.Ж.А.Рүстемова.Қазақ балалар әдебиеті. Оқулық. А: Эверо, 2018
3.https://youtu.be/aqi8TSFb-wQ

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет