Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет8/10
Дата09.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#152318
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану
13 лекция протозойлы инфекц, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 6клфак, ОСӨЖ 9апта , 11 нед тарих срс, циклограмма наурыз 4 апта[1], Документ (58), Семинар 1 (3 сұрақ)
«Шайбани-наме» және «Футухат-и хани» деген екі тарихи еңбек жазған. Камал ад-дин Бинаи Мұхаммед Шайбанидің жастық шағынан бастап, Мауараннахрда Темір ұрпақтары мемлекетінің құлауына дейінгі (1502-1503) өмір жолын баяндаған. Ол Темір ұрпақтарының күйреуіне Мұхаммед Шайбанидің әскери күші мен қолбасшылық талантынан гөрі, Орта Азияның бұрынғы билеушілері мен шонжарларының арасындағы өзара қырқыстар мен кикілжің себеп болғанын көрсеткен.
Бинаи Әбілхайыр ханнан кейінгі Шығыс Дешті Қыпшақтағы жағдай туралы, оның ұлы Шайх Хайдар ханның билікті қолдан шығарып алғаны туралы, оған Жошы ұрпақтарының, соның ішінде қазақ хандары Керей мен Жәнібектің, сондай-ақ маңғыт мырзаларының қарсы шыққаны туралы, Сырдария өңірі қалалары аймағында ықпал жасау жолындағы күрес туралы сөз етеді. Түркістанның Отырар, Сығанақ, Сауран қалалары туралы материалдары, сондай-ақ Дешті Қыпшақтың құсшы, қоңырат, қият, найман, күрлейіт, маңғыт тайпалары және өзбек, қазақ, башқұрт және басқа да түркі тілдес халықтарының құрамына кірген тайпалар туралы мәліметтері құнды.
Молла Шадидің өлеңмен парсы тілінде жазылған «Фатх-наме» («Жеңістер кітабы») еңбегі 1501-жылға дейінгі оқиғаларды қамтиды. Оның мазмұнында шайбанилер тобының басқа шығармаларында жоқ бірқатар мәліметтер, мысалы, Әбілхайырдан кейін Шығыс Дешті Қыпшақта Жәдігер ханның билік етуі туралы хабар бар. Дастан мәтінін аударушы және зерттеуші В. П. Юдин өз еңбегі үшін Молла Шади қосымша ақпарат көздерін, атап айтқанда, хандар мен олардың серіктерінің өздері ауызша айтқан әңгімелерін пайдаланған деп топшылайды.
Шайбанилік тарихнама қатарында Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі аса маңызды түпнұсқа еңбек – Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаханидің «Михман-наме-йи Бухара» («Бұхар мейманының кітабы») деген еңбегі ерекше орын алады. Ибн Рузбихан Хиджаз бен Египетте білім алып, көрнекті діни ғалым әрі әдебиетші болды. Кейін ол XV ғ. аяғы – XVI ғ. басындағы Иран мен Орта Азияның бірқатар билеушілерінің сарайларында жоғары қызметтер атқарды. Әзербайжандағы Ақ-Қойынлы әулетінің тарихына арналған «Тарих-и аламара-йи Амини» деген тарихи шығарма жазды. 1504-жылы Шах Исмаил Сефевидің әскерлері сунниттерді талқандағаннан кейін Ибн Рузбихан Ираннан кетіп, Мауараннахрдағы Мұхаммед Шайбани ханның сарайына барды. Жорықтарда оған еріп жүріп, ханмен діни ілім сайыстар мен әңгімелерге қатысты.
Ибн Рузбиханның «Бұхар мейманының кітабы» еңбегі Мұхаммед Шайбани ханның 1508-1509 жж. қазақтарға қарсы жорығына әзірлік пен жорықтың өзіне арналған. Шынына келгенде ол XV-XVI ғғ. шебіндегі қазақтар мен көшпелі өзбектердің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси өмірінің көптеген жақтарын емін-еркін сипаттайтын замандастың нақты айғақтары болып табылады. Ибн Рузбиханның қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы, Шығыс Дешті Қыпшақ халқының этникалық құрамы, Қазақстан мен Орта Азия халқының сауда-экономикалық байланыстары, Қазақ хандығының билеушілері мен шайбанилердің өзара саяси қатынастары туралы мәліметтері ерекше.
Дешті Қыпшақ пен Түркістан жөніндегі тарихи-географиялық материалдар қызығушылық туғызады. Оңтүстік Қазақстанның Сырдария өңіріндегі қалалары туралы мәліметтер ерекше маңызды. Олардың көпшілігіне – Түркістанға, Сауранға, Аркөкке және басқаларына ол өз еңбегінің көптеген беттерін арнаған. Ибн Рузбиханның шығармасы 1962-жылы Тегеран қаласында басылып шығарылды.
Шайбанилік тарихи әдебиет арасында Масуд ибн Осман Кухистанидің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет