Тақырыбы: Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ


Жүргізуші: Ей, жас жігіт, Жан едің сен гүл жүзді. Солып қапсың. Тынышынды кім бұзды? Жігіт



бет2/5
Дата12.09.2020
өлшемі44 Kb.
#63671
түріСабақ
1   2   3   4   5
Жүргізуші: Ей, жас жігіт,
Жан едің сен гүл жүзді.
Солып қапсың.
Тынышынды кім бұзды?

Жігіт: Өмір қатал
Көңіліңе қарайма?
Душар болдым қайғыға,
Енді арылу оңай ма?

Жүргізуші: Не деп кеттің?
Қандай қайғы айтқаның,
Қане отыр да тусіндірп айт бәрін.

Жігіт: Ізгілікті зұлымдыққа талаттым,
Денсаулықты барлық алтын – асылын
Пенделіктің орманында тонаттым.
Жастайымнан құлы болдым, қайтейін,
Наша менен арақтың.
Көрдей қара тұман жапқан көңілің,
Наша үшін қиған жас та өмірін
Ең сорлы жан мен боламын,
Ең соңғы жан мен болайын, Тәңірім!

Жүргізуші: Жоқ, сабыр ет,
Әттең өзін жанбай жатып,
Жақыр тұрсың сөнуге.
Сені терең ойға тартар
Бір әңгіме шертейін.
Тыңда, кәне жарқыным!
Жігіт: Тыңдап тұрмын, айтыңыз.

Жургізуші: Сонау ерте заманда
Қатерлі жау адамға,
«Дерт» деген үлкен қамалға
Сырқат атты азулы хан басшы болыпты.
Хан тағына талас екен,
Кәрілік те, енжарлық та,
Темекі мен арақ та,
Қатерлі де қатігез хан Сырқаттың
Айбарынан сескеніпті бірақ та.
Дүниені жаулап алу арманы
Хан Сырқаттың қолы жетпей қалғаны,
Бір күн халқын жинады да,
Сөз бастады байыппен.
(Сахнаға жүзі қаҺарлы Сырқат хан шығады.)
Сырқат хан: Уа, халайық!
Өз елімнің абыройын,
Қорғанысын, ақыл – ойын
Қайтсем биік көтерем деп ойлаймын.
Бірі болса бірігейі,
Хандығыма түбегейлі,
Жаңа өзгеріс енгізуге белді мықтап байладым.
Көп толғанып, ойға келдім мынадай:
Хандығымның төрт тағандап,
Тұруы үшін құламай,
Бар әлемді жаулау керек,
Кенде емеспіз күштен де,
Тағдыр біздің даңқымызды
Әлде келте пішкен бе?

Енжарлық: (әрең сөйлеп)
Алдияр хан!
Қоя тұрғын әлем жаулап алуды,
Жойып салар жанынды.
(Секіріп күліп, сахнаға арақ шығады)

Арақ: Тоқта, тоқта!
Мені көрсе ішіп алар адамдар бар, шыдамай,
Ішу үшін бұл өмірде сылтаулар көп мынадай:
Табысы мен атақ – даңқы, қолы жеткен мансабы,
Себепсіз құр ішу мақсат ауып кетсе аңсары.
Осы арқылы мен әлемді жаулаймын,
Ақырындап уақыт өте әлемді де қармаймын.
(Әдемі киінген темекі жан – жағына жымия күліп келеді.)

Темекі: Уа, тақсырым!
Маған сен!
Барлық адм өмірін
Көк түтінге улатып,
Тәнін жаулап алам мен!
Хан: (Ызаланып) Тағы кім бар?
(Жарқылдап,жалтылдап сахнаға наша шығады)

Наша: Мыны мен бар!
Уа, халайық, қараңдар,
Көз тоймайтын сиқырым бар
Еліктірер адамды.
Осы өнермен әп-сәтте-ақ
Жаулап алам ғаламды!

Сырқат хан: Өзің маған ұнап қалдың,
Пері екенсің талапты.
Таңғы азанмен жолға шыққан,
Қосып берем темекі мен арқты.
Ал, туғандар,
Енді үкім тыңдаңдар:
Серік қосып жіберейін нашаны,

Денесіне еніп алса адмның


Саулық өзі-ақ қашады.

Жүргізуші: Ертеңіне жолға шыққан үш пері,
Дуниені көтерердей күштері.
Үш күн, үш түн шарлаған срң ғаламды,
Саулық ханның ақ сарйы көрінді.
Айналасы бау-бақшаға малынған,
Ақ сарай тұр мәрмәр тастан салынған.
Бұл сарайда тұрады екен адамдар
Ашық түсті жібек шапан жамылған.
Енді үшеуі жақындады сарайға,
Жеңу керек осы өңірді қалайда.
Аралады сарай ішін армансыз,
Ешкім көңіл аудармады алайда.
Кезіккенге тиісті олар еріксіз.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет