Тақырыбы: Денсаулықты нығайту. Салауатты өмір салтын насихаттау. ІІ жаңа тақырыпты түсіндіру: Денсаулықты нығайту



бет5/85
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#88565
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
Пән Денсаулықты нығайту
sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, sabaq-kz attachment omzh.-aza-tl-8-synyp, «Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау, zharatylystanu4b, 4-сынып срез тапсырмалары
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту
Тапсырма 1
Блиц сұрақтар
1.Қауіп қатер факторларын ата.
2.Қауіп қатер топтары деген не?
3.Мониторинг қалай жүргізіледі?
Тапсырма 2
Тест
І-нұсқа
1.Тұрғындар денсаулығына әсер ететін зиян факторлар
А) дұрыс тамақтану
В) темекі шегу
С) СӨС ұстану
Д) дене шынықтырумен айналысу
Е) барлығы дұрыс
2. Ірі қалалардың бірінші мәселесін атаңыз
А) нейропсихикалық
В) гиподинамия
С) жүрек қан тамырлар ауруы
Д) ОЖЖ аурулары
Е) жарақаттың өсуі
3. Гиподинамия қазіргі таңда қол күшімен қанша пайызын құрайды?
А) 20%
В) 3%
С) 99%
Д) 1%
Е) 10%
4.Тағамдық компоненттердің тамақтану уақытының сай келмеуінен сипаттайтын энергия түсімі мен шығынының сай келмеуі.
А) СӨС
В) шылым шегу
С) есірткі пайдалану
Д) алкаголь пайдалану
Е) балансирленбеген
5. Артық салмақ бұл қандай аурудың бастамасы болып табылады?
А) қызылша
В) сары ауру
С) өкпе рагы
Д) жүрек қан тамыр ауруы
Е) гепотит
6.Темекі адам өмірін қанша жылға қысқартады?
А) 40-50 жыл
В) 5-6 жыл
С) 8-15 жыл
Д) 1-3 жыл
Е)20-30 жыл
7. Темекі тартпайтындарға қарағанда темекі тартатындардың өлімі қанша пайыз жоғары?
А) 20%
В) 50%
С) 60%
Д) 70%
Е) 90%
8. Темекі тарту қандай қатерлі аурудың себепшісі?
А) кант диабеті
В) өкпе рагы
С) сүйек рагы
Д) асқазан рагы
Е) бауыр циррозы
9. Алкагольды жүйелі пайдаланудың өлім ерекшелігінде үшінші орында
А) қатерлі жаңа өспелер
В) улану
С) журек қан тамыр жүйесі аурулары
Д) жарақаттану
Е) естен тану
10. Арнайы мәліметтер бойынша токсикомандар саны
А) 54 мың
В) 22 мың
С) 10 мың
Д) 52 мың
Е) 15 мың
Тест жауаптары



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10



В

А

Д

Е

Д

С

Д

В

А

В



Тапсырма 3
Аудандық емхана денсаулық мектебінің «қауіп-қатер факторы» бойынша 2020 жылдың атқарылатын іс-шаралар кестесі өз нұскаңызды құрастырыңыз
Мысалы:



Іс-шара тақырыбы

Орындау
күні

Уақыты

Жауапты орындаушылар

1

Семіздік кезінде қалай тамақтану керек екенін білу?

Дүйсенбі

10.00-12.00

Емхана психологі И.Шалбаева

2

Дене белсенділігі жайлы не білеміз?

Сейсенбі

14.00-16.00

Емхана психологі А.Азаматова

3

Не себепті адамдар темекі шегеді, шылым шегудің емдеудің заманауи тәсілдері.

Сәрсенбі

15.00-17.00

Емхана психологі А.Асан

4

Кімнен кеңес және көмек сұрауға болады «Күйзеліс»

Бейсенбі

10.00-12.00

Емхана психологі А.Базарбаева

5

Дұрыс тамақтану пирамидасын жайлы білу?

Жұма

15.00-17.00

Профилактика және әлеуметтік-
психологиялық көмек бөлімі меңгерушісі Г.Оразбекова

6

Көңіл күйіңді көтеріп, қуана біл.

Дүйсенбі

10.00-12.00

Емхана психологі И.Шалбаева

7

Отбасы бақыты үшін не керек?

Сейсенбі

14.00-16.00

Емхана психологі А.Азаматова

8

Дұрыс тамақтану қаншалықты маңызды

Сәрсенбі

10.00-12.00

Емхана психологі А.Базарбаева

9

Зиянды әдеттерге «жоқ» дей біл?

Бейсенбі

14.00-16.00

Емхана психологі А.Асан

10

Психикалық денсаулықтың маңызы? «Күйзеліс»

Жұма

15.00-17.00

Емхана психологі И.Шалбаева

11

Эмоционалды қажудың алдын алу.

Дүйсенбі

10.00-12.00

Емхана психологі А.Азаматова



V. Үйге тапсырма
Тақырыпты қайталау.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.«Саламатты Қазақстан».ҚР Мемлекеттік бағдарламасы 2017-2020ж.
2. Интернетресурстар.

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы


Пән: «Денсаулықты нығайту»


Тақырыбы: Профилактика. Профилактиканың түрлері.


ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма 1.
Сұрақтарға жауап:
1.Денсаулықты нығайту дегеніміз не?
2.Халыққа қандай насихаттау түрлері бар?
3.Денсаулық мектебі қалай жүргізіледі?


ІІІ Жаңа тақырып:
Тақырыбы: Профилактика-алдын алу,ескерту, сақтандыру деген сөзді білдіреді.Бұл тер мин ғылымның барлық саласына енген, ал медицинада –ол аурудың алдын алу деген ұғымды білдіреді.Профилактика алғашқы және екінші (Қайтара) болып бөлінеді.
Алғашқы алдын алу- ауруды болдырмауды ескертуге арналған шаралар жиынтығы
Екінші (қайтар) алдын алу – организмде бар ауруды өршітпей, асқындырмай алдын алу шаралары болып табылады.


Бірінші және екінші алдын алу шаралары үшке бөлінеді, олар:

  • Медициналық

  • Гигиеналық

  • Әлеуметтік болып.



Медициналық алдын алу шаралары төмендегідей:

  • Салауатты өмір салтын насихаттау

  • Алдын алу егу жұмыстарын жүргізу және оны ұйымдастыру

  • Мерзімді және мақсатты медициналық тексеру

  • Диспансерлік бақылау

  • Гигиеналық тәрбие



Гигиеналық алдын алу- денсаулық негізі. Гигиена-адам ағзасына қоршаған орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларлың тигізер әсерін зерттейтін ғылым.Гигиена аурудың алдын алуға және денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған шараларды белгілейді.Гигиенистер қоршаған ортаның зерттелген факторларын негізге ала отырып, адам өмірі мен еңбек етуіне қолайлы жағдай жасауға,тұрғындарды сауықтыруға, аурушаңдық пен өлім деңгейін төмендетуге, өмір сүру уақытын ұзартуға, жұмыс істейге қабілетті және т.б.жағдайларды жақсартуға бағытталған қолданбалы шара -ларды ұсынады.Гигиена ғылымының басты мақсаты –қоршаған ортаны сауықтыру арқылы алғашқы (біріншілік) профилактиканы өткізу, яғни адамға әсер ететін қолайсыз факторлардың алдын алу болып табылады.Гигиенистер жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы бағытталған іс шаралар жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет