Тақырыбы: Ең білімді оқушы



Дата28.01.2018
өлшемі88,99 Kb.
#35360
Тақырыбы: Ең білімді оқушы.
Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққабаулыптәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққаүйрету.


Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс
Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Жүргізуші:

Армандарым көп менің,

Оқып білім, ғылымды,

Өнер табам деп келдім.

Үйренген соң білімді,

Сайысамыз деп келдік - дей отырып, бүгінгі «Интеллектуалдық ойын» сайысына қош келдіңіздер.


Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Сайысты бастамас бұрын әділқазы алқасын сайлап алайық.

Ойынға 9 оқушы қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан


Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін. Болашақтағы ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Таныстыру.Слайд арқылы көрсету.

Ендіойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға ғылым салалары бойынша сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру қажет. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа 2 ұпайдан алады.


Әділ қазы алқасы өз ұпайын берсін.

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, .Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.Әділ қазы алқасы өз ұпайын берсін.Ұпайы аз екінші айналымнан үш оқушы ойыннан шығады.
Осы айналымнан кейін ұпайы аз 3 оқушымен қоштасамыз
1-о: Қолыменен қаламыжоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)


2-о: Қоймасын қысақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)


3-о: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі ағайынды. (әріп – буква)

4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5-о: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6-о: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)


7-о: Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)


8-о: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)


9-о: Әттең, даусым, тілімжоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга)


1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,

Айнымайды шыныдан, қорқады тек жылыдан. (мұз-лед)


2-о: Таңменкөзінашады, әлемгенұрыншашады. (күн-солнце)
3-о: Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша-свекла)


4-о: 1 санға өсірді.

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. (сынып-класс)
5-о: Сақталады алты ай жаз,

Сандығымдағы аяз. (тоңазытқыш-холодилник)


6-о: Екі аяқ пен кезек-кезек тебеді,

Зыр жүгіре береді

Ол тынымсыз домалап .(доп-мяч)
7-о: Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар. (қолғап-перчатки)


8-о:Бір қораға қамалған,

Жану үшін жаралған. (сіріңке-спички)


9-о:Ала ала тоны бар,

Аңдардың ол ұзыны,

Оны сенде танып ал (керік-жираф)

Әділқазы алқасына сөз берейік.

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінді беріледі. Әроқушыға 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан . Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.


1.Ақ киімді, денелі, ақсақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы аққырау, түсісуық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс».А.Құнанбаев)

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңдіашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар».Ы.Алтынсарин)
3. «Құлыным... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрінбір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды.»

(«Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов)


4.Кейде күн мен теңесем,

Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын.! («Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов)
5. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке ас құйғыш-итаяқ әзір болды.»

( «Көксерек» М.Әуезов)


6. «Кадет корпусында оқитын балалар да түсауа осы Ертіс бойына келеді.Омбы қаласына келіп, оқуға түскен кішкентай Шоқан қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді.»

(«Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин)

Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызық қаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,
IV айналымды бастаймыз «Сиқырлы сөздер»

Бұл айналымда берілген сөздерден сөз құрастыру. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағы да ұпай саны аз 3 оқушымен қоштасамыз.

Ән:

Әділқазы алқасына сөз беріп ,ұпайы аз 3 оқушымен қоштасамыз



Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады

Бұл айналымда 3 пән беріледі. Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыреді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (4)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Саяхатшылар 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

6. Ұзындығы 2см және 4см тіктөртбұрыштың периметрін тап?(12)

7. Екі адам тоғыз құмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)

8. 2 жылда неше ай бар?(24)

9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не депаталады? (кесінді)

10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)


Дүниетану пәнінен
1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар (піл)

3. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)

4 Киеліқұс (Аққу)

5. Ұша алмайтын құс (түйеқұс)

6. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)

7. Ауаның ластану себептері (қоқыс қалдықтары)

8. Дәрілік өсімдіктерді ата (меңдуана, адыраспан)

9. Шөлге шыдамды жануар (түйе)
6 –кезең Ана тілі және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.

1. Үш биді ата.

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3. Мәтін түрлерін ата

4. Ы. Алтынсарин не ашқан?

5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

8. Сөз таптарын ата

9. Ертегілердің қандай түрлері бар?

- Өнерді жанымменен түйсінемін

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ» биін билесін мың бұралып,

Биімен шашу шашып бишілерің.


Әділқазы алқасына сөз берейік.Ұпайы көп оқушы Ең білімді оқушы атағына ие болады.

Қорытынды

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасына.

Міне ,


Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,



Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы осы апталығымызда бастауыш сынып оқушылары өз білімдерін ортаға салды.Әр оқушы қаншалықты білім екенін түсінді.Апталықтың қорытындысына келетін болсақ барлық сыныптар белсене қатысты. Көп көп рахмет.
Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет