Тақырыбы: Әкекөргеноқжонар



бет2/4
Дата11.03.2022
өлшемі27,97 Kb.
#135019
1   2   3   4
Байланысты:
00005a06-f2932051
1602951501, 1 лекция Инклюзив, Ушинский, mikrobiologiya zerna, История Казахстана рус 9 кл 1 вар
Мұғалімнің сөзі:
Сәлеметсіздер ме? Құрметті ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар ! «Адам баласымен сымбатты,ұрпағымен қымбатты» дегендей жас ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау әр ұстаздың,ата-ананың міндеті.Тәрбиенің кілті –отбасына,өмір тіршілігіне тікелей байланысты.Отбасы адам баласының өсіп-өнетін,қаз тұрып қанат қағатын ұясы. Ағартушы педагогымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың «Әрбір оқушыны пайдалы әдетке үйрету үшін оларды сабақтан тыс уақытта бақылау» деген идеясы да қазіргі заман қажеттілігін ашып тұрғандай. Бүгін біз, 6 «Б» сынып оқушылары ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Әке көрген оқ жонар,шеше корген тон пішер» атты отбасылық сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: ӘКЕ,АНА. Осы бір сөздердің ішінде қаншама ұлылық жатыр десеңізші?! Әкесі,шешесі қасында жүріп тәрбиесін көрмей немесе әкенің отбасындағы орнын түсінбей жүргендер қаншама десеңізші.Ең бір қасиеттісі біздің қазақ халқында әкеге деген құрмет сонау ертеден қалыптасқан халықпыз.Әкеге қарсы келмеу.Әкенің алдында жаман қылықтар көрсетпеу, отбасында әкенің орнын құрметтеп отыру қанымызға сіңген халықпыз. Десек те әке де бала тәрбиесінен қол үзбеуді үнемі естен шығарған емес.Қазақтың ұлы ғалымы Шоқанды әкесі үнемі қасына ертіп жүріп, төрелікті дұрыс жасау,дауды даналықпен, ақылмен шешуге баулыған. Дегенмен Абай Құнанбаев әкесінің қара халыққа деген қатал көзқарасын ұнатпаған.Сөйтті де әкесі ұсынған билікке өз орнына бауырларын жіберіп отырған. Сөйте тұра әкесінің алдына барып сенің мұның дұрыс емес деп айтпаған..Ал Абайдың өз баласы Әбішті кедейлерге , жоқ - жітікке қамқор бола білуге тәрбиеледі. Осындай үлгі болар әкелер ортамыздан табылсын дегіміз келеді.
2-жүргізуші:Ал, ана. Ана деген 3 әріпті құдіретті сөзге тең келер жер бетінде ештеме жоқ десек артық айтпаған болар едік. Қазақ аналарын пір тұтып, анасын құрметеуден еш таймаған халық. Сонау Ұмай анамыздан бастап Домалақ ана, Зере ана, Ұлжан ана, Дінасыл аналарға тоқталар болсақ, бүгінгі бір сағатымыз жетпейді. Бірі, бүткіл халықтың анасы болса, енді бірінің тәрбиелеген баласы халықтікі. Олай болса көп сөйлеп созбай, әдептен озбай бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған отбасылармен таныс болыңыздар.
Қалыбай отбасы - «Қызғалдақ» тобы
Рахым отбасы - « Бақытты жанұя » тобы
Жұмахан отбасы - «Тұлпар» тобы
Мұхаметқали отбасы - «Шебер» тобы
1-жүргізуші:
Ендігі кезекте отбасылардың әділ бағасын берер деген үмітпен қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
№139 мектеп-гимназия директоры Қуатбеков Ерік Нұрғұмарұлы

  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мангутов Бақтыбай Мұсаұлы

  2. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәңірберген Мөлдір Жарқынбекқызы

  3. Директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Мұқатаева Назикен Нұрланқызы

  4. Филология кафедрасының меңгерушісі, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жусупова Жанар Алибековна

1-жүргізуші:
Бакытты бол өмірде асыл ана,
Осы күнге жеткізген сен ғой дана
Әлпештедің аяладың күндіз-түні,
Шын журектен бакытты бол асыл ана,- дей отырып келесі кезекті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет