Тақырыбы: жаратылыстану пәндер бірлестігінің жабылу кеші мақсаты



бет1/2
Дата08.06.2018
өлшемі350,23 Kb.
#41802
  1   2
Тақырыбы: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР БІРЛЕСТІГІНІҢ

ЖАБЫЛУ КЕШІ



Мақсаты:

  • Жаратылстану пәндер бірлестігінің атқарған жұмыстарын қорытындылау.

  • Жас мамандар мен окушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

  • Оқушылардың зияткерлік қабілеттерін арттыру

І кіріспе

1-жүргізуші:

Армызсыздар құрметті әріптестер, оқушылар.

2-жүргізуші

Салем бердік қазақ ұлтының атомдай бөлігіне.
1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш жаратылыстану пәндер бірлестігінің он күн бойы атқарған жұмыстарына қорытынды жасамақ. Яғни осы он күн ішінде белсенділік көрсеткен оқушыларымызды марапаттамақпыз.

2-жүргізуші

Сонымен қатар бүгін қорытынды «Бәйтерек» ойындыда осында ойнамақпыз. Олай болса, ортаға қатысушыларымызды щақырайық.



  • Физика пәнінің мұғалімі, магистрі Сейдахметова Назгүл әріптесіміз өз тобымен.

  • Информатика пәнінің мүғалімі, Қожамкулова Гүлнұр әріптесіміз өз тобымен.

  • Математика пәнінің мұғалімі Парпиева Керемет әріптесіміз өз тобымен.

1-жүргізуші:

Осы ойынның әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен танысайық



  1. Мектеп-интернат директоры Касымбекова Лаззат Ажимахановна

  2. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мурсалимова Сауле Мазыкеновна

  3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Досбаева Жақсыгул Сейдалиевна

  4. Биология пәнінің мұғалімі Аятбекова Раукен Шилдебаевна

2-жүргізуші

Бүгінгі кештің жоспарымен таныс болыңыздар.

Ойын төрт кезеңнен тұрады.


  • Нақты ғылымдар

  • Нұрдала

  • Самұрық

1-жүргізуші: әр кезеңнен кейін онкүндік белсенділері мапатталады.

2-жүргізуші

Адамға ақыл ой керек,

Біліммен көңіл жәнебет

Зияткерлікті танытар бастаймыз біз «Байтерек»
І айналым

Физика


  1. Атмосфераның жылулық күйін сипаттайтын өлшем /АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ/

  2. Аспанда орын ауыстырмайтын жұлдыз /ТЕМІРҚАЗЫҚ/

  3. Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады. /МАГНИТ/
География


  1. Жер шарындағы шөлі жоқ дүние бөлігі? / ЕУРОПА/

  2. Күзгі күн мен түннің теңелуі болатын ай? / ҚЫРКҮЙЕК/

  3. АҚШ –тың 50-ші штаты орналасқан арал /Гавай аралы/

Математика



  1. Физиканың оң қолы химия болса, математика оның көзі деп кім айтқан? / М. В. ЛОМОНОСОВ/

  2. Бір айда бес жексембі болу мүмкін бе? / ИЯ, ЕГЕР АЙДЫҢ БІРІ ЖЕКСЕМБІ КҮННЕН БАСТАЛСА /

  3. Бұл құралды әдебиет мұғалімі ешқашан қажет етпейді. Ал математика мұғалімі ешқашан қолынан тастаған емес. Ол өзі ерекше бір зат: өлшеп-өлшеп алып, түр-түрге бөліп тастайды. / ТРАНСПОРТИР/

Жаратылыстану пәндер онкүндігінде белсендік танытқан оқушыларымызды марапаттайық. Марапат иелерінің құрметіне Бекдаулет Нұрболаттың орындауындағы «Ғалыммын мен» әнін қабыл алыңыздар.


ІІ айналым «Нұрдала»

1. Ақын жанды болмаған адам математик те бола алмайды. Орыстың ұлы математик қызы - София Ковалевская

2. Шынайы өмірге қатысы бар математика заңдылықтары сенімді емес, ал сенімді математика заңдылықтарының шынайы өмірге түк қатысы жоқ. Физик-теорик - Альберт Эйнштейн

3. Барлық өнердің музыкаға тартылғаны сияқты, барлық ғылым математикаға ұмтылады. Испандық американ философы, жазушы, сыншыл реализм өкілі -Джордж Сантаяна

4. Рух пен материя арасында математика бар. Математик - Хуго Штейнхаус

5. Алгебра біреу. Ол ұлтқа, дінге, мәдениетке, елге, жерге бөлінбейді. «Төрткен төртқараның» айырмашылығы неде? Тек қазақша атауында ғана. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор-Асқар Жұмаділдаев

6. Табиғат – математика тілімен сөйлейді. Бұл тілдің әріптері-дөңгелектер, үшбұрыштар және басқа математикалық фигуралар.Итальян философы, математик, физик, механик және астроном - Галилео Галилей

7. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек. Орыстың ұлы ғалымы, жаратылыстанушы, ақын, философ – Ломоносов

8. Математика – барлық нақты ғылымдар сөйлейтін тіл. /Н. И. Лобачевский/

9. Арифметика мен геометрия басқа ғылымдарға аса қажет /Әл-Фараби/

8-11 сынып аралығында өткен жаратылыстану пәндер олимпиадасының марапаттауға кезек берсек.

Музыкалық үзіліс: Бекдаулет Нұрболат «Білімсіз өмірді кім сүрмек»



ІІІ айналым «Самұрық»

  1. Астанадағы Бәйтеректің биіктігі қанша метр?/ Еліміздің астанасы болып Астана қаласы 1997 жылы бекітілді, сондықтанда Елордадағы Бәйтеректің биіктігі 97 м/

  2. Алтын адам киімінде қандай хайуанат әшекейлері бейнеленген? /Барыс, бұлан, тауешкі, арқар/

  3. Қазақстан Республикасы жер көлемі бойынша 9-шы болса, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында нешінші орынды алады. /1/

  4. «Қазақстан-2017» экспо көрмесі қанша күнге созылды? Қанша мемлекет қатысты? 93 күн, 115

  5. «Бәйтерек » сөзі қандай мағына білдіреді? Өмір ағашы

  6. Тәуелсіздік монументі ұзындығы қанша? 91 м

Қорытынды: бүгінгі білімділер сайысының қатысушыларына рахмет айтып, жеңіске жеткен топты марапаттау.

Құрметті оқушылар жаратылыстану пәндер онкүндігінің жабылуына арналған кеш аяқталды, бірақ пәндер білімін беруді тоқтатқан жоқ. Білімдеріңізді шыңдауға шақырамыз.




Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет