Тақырыбы: Жер ресурстарын басқару


Жер ресурстарын басқарудың мәні мен мақсаты



бет4/8
Дата21.02.2023
өлшемі75,15 Kb.
#169684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жер ресурстары
Қарым-қатынас түсінігі, түрлері, формалары
3. Жер ресурстарын басқарудың мәні мен мақсаты.
Өндірістің басқа құралдарымен салыстырғанда жердің өзіндік ерекшеліктері бар. Негізгі айырмашылықтар №1кестедегідей. Қоғамдық өмірде жер жалпыға бірдей нәрсеге және еңбек жағдайына қызмет етеді. Ол өндірістің әр түрлі прцесінің өмір сүруінің қажетті жағдайы болып табылады. Алайда қоғамдық өндірістің түрлі салаларындағы оның рөлі бірдей емес.

Жер

Табиғи ресурс

Кеңістік базисі

Өндіріс құралы

Еңбек құралы

Нарықтық қатынастар элементі (жылжымайтын мүлік)

Қасиеті, ерекшеліктері, сипаттамасы, қатынасы

Кеңістік орналасуы; рельеф; топырақ беті; өсімдік; жер қойнауы; су; ландшафт.

Орналасу орны; тұру орны; операциялық базис.

Топырақтың түрлері мен сапасы; өсімдіктің түрлері мен өнімділігі.

Құнарлық; табиғи; экономикалық (жасанды)

Жылжымайтын меншік;

  • Нарықтық баға;

  • Нормативтік баға;

  • Жер салығы;

  • Жалдық төлем.

Жердің өндірістің басқа құрамдарына айырмашылығы


Қайта өндірілмейді

Басқа жерге көшірілмейді

Кеңістігі шектелген

Дұрыс пайдаланғанда

Тозбайды

Құнарлығы артады

Өндіруші өнеркәсіпте және құрылыста ол операциялық кеңістік базисі, яғни прцесі жүргізілетін орын ретінде қызмет етеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте ол операциялық кеңістік базисі ретінде, өзіе тән зат қоятын бөлме ретінде орын алады.
Жер кеңістік шектелген әрі ештеңемен ауыстырылмайды. Өндіруші күштерді дамыту шаралары бойынша өндірістің басқа құралдары өзгеруі мүмкін, аз жетілгені жетілдіріледі және экономикалық тиімділікке ауыстырылады. Өндіріс құралы ретінде жерді пайдалану оның кеңістік жағдайымен және орнының тұрақтылығымен байланысты.
Ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы ретінде жер өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиет-құнарлықты иеленеді. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы нашарламайды, жақсарып,құнарлығы артады. Жер ауыл шаруашылығында өндірістің мәнгі ауыстырмайтын құралы.
Меншік формаларының көп түрлі жағдайында жерді ұтымды және тиімді пайдаланудың басты құралы – жер ресурстарын мемлекеттік басқару болып табылады. Осыдан жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында жер ресурстарын басқару бірнеше деңгейді иеленеді: республикалық (ұлттық), аймақтық (шаруааралық) және жергілікті (ішкі шаруашылық). Мейлінше жоғарғы деңгейде өткен сайын, мемлекеттік, сала аралық және шаруа аралық қажеттіліктермен бірге жер ресурстарын ұтымды пайдалануды болжау және жоспарлау мәселелерін шешуге әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрғыдан келу рөлі түседі.
Жер қатынастарының өзіндік ерекшеліктері бар. Еңбек өнімдерінен жердің айырмашылығы – ол физикалық және экономикалық тұрғыдан да қайта өндірудің барлық фазасынан өтпейді, тек өндірістің өзінің фазасында ғана табиғи-материалдық фактор ретінде қатысады. Бірақ өзінің ішкі кезеңдері ретінде бұл фазада пайдалануда өзіне бөлу, ауыстыру және тұтыну прцестерін қосады.
Жер ресурстарын басқарудың мәні жер қатынастарын өндіргіш күштер мен қалыптасқан өндірістік қатынастарға сәйкес келтіру мақсатында жер қатынастарының жүйесін реттеумен сипатталады. Бұлай әсер ету объектісінде жер қатынастарының заттай (меншік, жер учаскесі) жергіліктік (құқықтық) сияқты формалары ғана емес, жанама түрде олардың материалдық негізгі, яғни жер ресурстары да орын алады.
Сол сияқты сыртқы тұрғыдан жер ресурстарын басқару жер қорын мейлінше ұтымды, тиімді пайдалануда қамтамасыз ететін мемлекеттік құқықтық, ұйымдастырушылық, жоспарлы-экономикалық шараларының жиынтығы ретінде болады.
Жерді ұтымды пайдаланудың мәні мен мазмұны туралы мәселе қоғамдық өндірісте жер қатынастары мен жердің қызмет ету мәселелерін қарастырудағы маңыздылардың бірі. Ұтымды пайдалану дегеніміз – алдымен тиімді пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет