Тақырыбы: Жер ресурстарын басқару



бет2/8
Дата21.02.2023
өлшемі75,15 Kb.
#169684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жер ресурстары
Қарым-қатынас түсінігі, түрлері, формалары
1. Жер қатынастарын реттеу
Қазіргі Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жер қатынастарының даму тарихын, біздің көзқарасымызша шартты түрде бірнеше кезкңге бөлуге болады.Бірінші кезеңге ерте кезден Ресейге қосылғанға децінгі жер қатынастарының тарихи даиуын жатқызуға болады.Үшінші кезең-бұл кеңес кезінде жер қатынастарының дамуы мен қалыптасуы ,яғни 1917 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Соңғы төртінші кезең Қазақстанда жер реформасының басталуынан қазіргі кезге дейінгі кезең.
Республикада тарихи және құқықтық аспектілерде жер қатынастарын дамыту мәселелерін әр кезеңде бірнеше ғалымдар зерттейді.Мұнда олар әртүрлі тарихи кезеңдердегі жер қатынастарының ерекшеліктері мен көзқарастар танытады. Олардың ішінде :С.И.Ілиасов, С.Л.Масанов,С.З.Зиманов және т.б.
Қазір белгілі уақыттар өткен соң , шамалы тәжірибені жинақтау негізінде жер реформасы кезінде жіберілген көптеген қателіктер туралы айтуға болады.Алайда республикадағы нарықтық қатынастарға өту процесі жерге жеке меншіктің болмауына және нарықтық жер қатынастарын қалыптастыру қажеттіліктеріне тойтарыс берді.Президент қабылдаған 1994 жылдың 24 қаңтарында «Жер қатынастарын реттеудің кейбір мәселелері туралы» және 1994 жылдың 5 сәуіріндегі «Жер қатынастарын одан әрі жетілдіру туралы»Жарлықтар жаңа жер қатынастарын дамыту,бұрын қабылданған заңдардың шектейтін ережелерін жою , алдағы заңнамалық процеске бағыт беру үшін мүмкіндіктер беру мақсаттарын иеленеді. 2003 жылы қабылданған ҚР жаңа жер Кодексі негізінен «Жер туралы»заңның заңнамасының нормаларын сақтады.Алайда оның басты жаңалығы ҚР ауыл шаруашылығы жерлеріне жеке меншіктегі енгізуді реттейтін нормалар қабылдау болады.Мұнда жерді жеке меншікке ала алатыны туралы ережелер сақталады, жер учаскілерін жеке меншікке сатып алуда жеңілдіктер беріледі, яғни жеңілдікпен сатып алуда жеңілдіктер беріледі, яғни жеңілдікпен сатып алу бағасы учаскенің базалық ставкасының 75%-ын 09рады6 учаскелерді сатып алу 10 жыл бойы жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында қабылданған «жер туралы» екі заңда жер заңнамасының негізгі принципі-жерді Қазақстан халқының өмірі мен қызметінің негізгі , табиғи объектісі ретінде сақтау белгіленген.Жер-жер қатынастарының өзара тәуелділігі мен өзара байланыстылығын тарихи, табиғи –жаратылыс демографиялық , саяси және әлеуміттік экономикалық жағдайлар мен есеп алуды талап ететін құқықтық және жердің құқықтық қатынастарының ерекшк объектісі.
Жер және азаматтық заңнаманың негіздері қалыптасып жатқандағы, нарыққа өту кезеңіндегі жер қатынастары меілінше қатаң мемлекеттік реттеу аясында жүруі керек.Одан басқа жер қатынастарын мемлекеттік реттеудің объективтік қажеттілігітөмендегідей туындайды:
- қоғамдығ ұдайы өндіріс жүйесінде жердің ереше сипаты , арна мен ролі;
- өндірістің негізгі факторы ретінде ауыл шаруашылығындағы жердің ерекше ролімен және мәнімен;
- жер алқаптарын экономикалық сақтау қажеттілігімен.
Қазақстандағы шартты жер үлесінің негізгі айырмашылығы – иеленуші иеленгеннен бастап ,республикалық заңнамаға сай ,ол оған деген құқығын жоғалтады.»Жер туралы» заңның 82-бабы шартты жер үлесін пайдаланудың 3 вариантын қарастырады:
-шаруа серіктестіктерінің жарғылық капиталының салымы ретінде немесе өндірістік кооперативтердің жарнасы ретінде шартты жер үлесіне құқық беру;
-жер учаскісін шаруа қожалықтарын ұйымдастыру немесе ауылшаруашылығы өндірісімен байланысты басқа қызметтерді ұйымдастыру үшін алу:
-мұра етіп беру немесе шартты жер үлесінің құқығын алу.
Жеке меншік интитутын енгізу кенңес өкіметі жылдары қалыптасқан жердің монополиялық мемлекеттік меншігіне ауытқуы заңды түрде рәсімделгендіктен ,республикадағы жер қатынастарына айтарлықтай өзгерістер әкелді. Осыған орай жерге мемлекеттік меншіктің мазмұны да, ролі мен мәні өзгереді. Қазақстанда объектісі республиканың жер қоры болатын жерге мемлекеттік меншіктің бір деңгейлік жүйесі сақталады. «Жер туралы» заңның 17- бабына сәйкес мемлекет меншігінде жердің жер учаскілері төмендегідей болады:
-жеке меншікке сатылған немесе тегін берілген ;
-ақылы және ақысыз негізде жерді уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген;
-қазіргі заңмен және басқа заңнамалық актілер мен немесе халықаралық келісімшартпен қарастырылған жағдайда құқықтық формаларда жүзеге асырылады.
Республикада қазіргі жер заңнамасы жерді пайдалану құқығын беруде ұсыну сияқты ұғымдардың мазмұнын ашады. Жерді пайдалануға беру құқығы адамдардың жерді пайдалану құқығында тікелей мемлекеттің бөлінуін білдіреді.Мұнда мемлекеттің заңды тұлғаларға жерді пайдалануға беру құқығы жерді тұрақты немесе уақытша ақысыз пайдалану келісімшарты негізінде жүргізіледі.
Жерді табиғи ресурс және жалпы ресурс жіне жалпы мекендеу ортасы ретінде құтты пайдалану адамзаттың даму келешегін себептейді, өйткені ол әр түрлі мақсаттарға және басқа ресурстар мен өзара байланыстармен қолданылады.Жер тек еңбекпен ,су және биоклиматтық ресурстармен өзара әрекеттестік түрде ғана өндіріс құралы болып табылады.
Жер ресурстарын реттестіру және пайдалану жөніндегі әртүрлі мәндеттерді орындау барысында мынадай бірқатар негізгі принциптерді ескетген қажет:
-өндірістің жерге теріс әсер етуін экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін барынша азайту;
-Жерді пайдалану сапасында өзгеруін қадағалау негізінде ,оның әртүрлі қолайсыз табиғат құбылыстар мен антропогендік теріс ықпалдардан қамтамасыз ету.
Жердің құнтты пайдалануы оның берікті қорғалуымен және экологиялық жағдайымен ландщафтың күйін үнемі ескеріп отыруымен тығығ байланысты. Аталған концептуалдық принциптер бірінші кезекте ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге,әсіресе негізгі ауылшаруашылық алаптарына қатысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет