Тақырыбы: Жер ресурстарын басқару


Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары



бет5/8
Дата21.02.2023
өлшемі75,15 Kb.
#169684
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жер ресурстары
Қарым-қатынас түсінігі, түрлері, формалары
4. Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары
Біздің көзқарасымызша, 1913жылы ресейлік бағалаушылар шығарған жерді бағалаудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру пайдалы болды. Жерді бағалау әдістемесі негізінде жер құны оның табысымен анықталуы керек деген постулат қаланған. Бұл жағдайда өз жері бойынша табыс топырақ сипатына, түсім өтімінің мүмкіншілігіне, метеорологиялық жағдайларға, көлік коммуникациясы арақашықтығына және өтім нарығына, шаруашылықты жүргізуге қабылданған тәсілге, иесінің жеке қасиеттеріне және т.б. байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бағалаушыдан алынған табыстың қаншалықты тұрақтылығын және жалпы қабылданған шаруашылық және экономикалық шарттардың жергілікті жерге сәйкестігін анықтау талап етіледі. Егер де бағаланушы жер белгілі бір себептерге байланысты тиіссіз дәрежеде пайдаланылса, бағалаушы жерді пайдалану мүмкіндіктері туралы сауалды шешіп, мүмкін табысты анықтауы қажет.
Жалпы табыстан пайдалануға кеткен барлық шығындар шығару нәтижесінде таза табыс шығады, оны жерге салынған капитал пайызы ретінде қарастырған. Жер құнын анықтау үшін капиталға айналдыру пайызы мемлекеттің құнды қағаздарының табыстарын немесе ұзақ мерзімді банк дипозиттерінің пайыздарын есепке алып қабылданады. Ресей жағдайы үшін орналасқан жердегі капиталдың қалыпты пайызы 5% деңгейде қабылданады.
Тәжірибеде жерден алынатын таза табыс кемінде 5% жиі болатын. Алайда төмен пайыздағы капитал жерді тиімсіз пайдалануға сыйлық алу ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, капитал пайызын анықтауда маңызды мәнге жерден табыс алу тәсілі ие болады. Ең сенімді тәсіл жерді ұзақ мерзімді жалға беру болып есептеледі, әрі қарай бір егіске жалға беру жүрді, ал ең қауіптілеуі шаруашылықты иесінің өзі жүргізіп табыс құндылығындағы және сәйкесінше жоғары пайызбен капиталға тең келді. Жерді бағалаудың жалпы қағидаларымен танысып болып, енді бағалаушылар қолданған талдау тәсілдері мен әдістеріне жекелей тоқталайық.
Табыс табу тәсілдері. Әрбір жергілікті жерден табыс табудың белгілі бір формалары дәстүрлі қалыптасады. Негізгі формаларға шаруашылықты өз күшімен жүргізу және жерді жалға беру жатқызылады. Жалпы ережеге сай, жер белгілі бір мерзімге белгіленеді, алайда Ресейдің солтүстік батысы мен оңтүстік батысында меншіктік жалға беру деп аталатын жалға беру кең тарады. Жерді мұрагерлікте пайдалану құқығында иесіне жыл сайынғы тұрақты белгілі төлемді төлеп тұруға негізделді.
Егер жер ұзақ мерзімді жалға берілетін болса немесе берілсе, онда оны бағалауда төменгі факторларды ескеру қажет.

  • Жерді жалға беруші және жалгер кім болып табылады;

  • Орналасқан жері, құрамы, жалға алынатын жердің сапасы мен мөлшері;

  • Жалға беру мерзімі, жалға беру төлемінің көлемі, жалгер және жалға беруші арасындағы сақтандыру және басқа төлемдерді бөлу;

  • Табыстылықты (тыңайтқыштар себу, тиімді пайдалану т.б.) қолдауға әсер ететін, жерді пайдалану шарттары.

Егер бағаланатын жер жалға берілмеген жағдайда, онда экономикалық жағдайлары бірдей және сол ауданда орналасқан ұқсас жерлердің жалға беру бағасынан шығып, бағалау жүргізу қажет.
Қысқа мерзімді жалға бір егіске берілген жер, үлестік жер жатады. Шабындық жердің табысын анықтауда бір егісті жинауда оның орташа табыстылығын анықтау қажет.
Егер иегер шаруашылықты өзі жүргізсе, онда жалпы табысты есептеуде жалмен салыстырмалы түрде, жалгерге түсетін кәсіпкерлік пайданы ескеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет