Тақырыбы: «Жігітке жеті өнерде аз » сайысы Мақсаты



Дата01.04.2018
өлшемі89,4 Kb.
#40020
Тақырыбы: «Жігітке жеті өнерде аз...» сайысы
Мақсаты: Ер балаларды ұлттық тұлғада халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеу, ұлтжанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу, тәрбиелеу. Оқушылар арасынан қабілетті, яғни, білімді, спортқа икемді, еңбекке бейімді, жан-жақты, сегіз қырлы – бір сырлы оқушыларды анықтау. Өмірде кездесетін ұлттық нақыштарды сақтауға, тілді сүюге деген шәкірт ынтасын ояту.

Жүргізіші:

Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, оқушылар және келген қонақтар.

Армысыздар, ұстаздарым қымбатты,

Армысыздар, сұлу қыздар сымбатты.

Талай ғасыр небір ақын жыраулар

Жігіттердің батырлығын жырлапты.

Бүгінгі оқушылар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, ұлттық тұлғада халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін қадірлеу, ұлт жанды, отан сүйгіш, патриоттық сезімдерге баулу және тәрбиелеу. Білімді жастарды анықтайтын, сегіз қырлы – бір сырлы жігіттер арасында өтетін «Жігітке жеті өнерде аз» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Өмірдің өзі адамды тірестірген,

Бірі жаңа, жарыстың бірі ескірген.

Айнала отырып ап исі қазақ,

Азаматын өзара күрестірген

Сыныптың төріне сұлу да сымбатты, сыпайы да да ұстамды, өнегелі де өнерлі, жігерлі, сері жігіттерді шақырайық.

5 сынып оқушылары;

6 сынып оқушылары;

7 сынып оқушылары;

8 сынып оқушылары:

Өрендерге бақ тілеп, қуанышқа бөлейтін

Сезімтал мен зерегін таразылап көретін

Таныстырсақ сіздерді қазылармен бұл кештің

Тарландардың бағасын әділ шешіп беретін – сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Енді сайсытың барысына тоқталайық. сайыс 8 кезеңнен тұрады.

Сайыс бағдарламасы

1. « Тегімді менің сұрасаң...». Таныстыру.

2. «Сұрақ - жауап»

(сандықтан алынған сұрақтарға жауап беру)

3. «Білімді мыңды жығар» (Мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып айту)

4. «Тіл өнері»

5. «Жеті атаны атай білеміз бе?»

6. « Көркіне ақылы сай» оқушылардан сұрақ-жауаптар сайысы.

7. «Күштілер сайысы» (мылтық ату).
Армысың айналайын дана халқым,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Тіл ұшына оралар кездескенде,

«Сәлем – сөздің анасы» деген нақыл

Топ алдына шыққанда басын иіп

Сәлемдесу – парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер топтарменен

Сәтте келіп қалғандай бір танысатын – дей отыра.



1 – кезең: « Тегімді менің сұрасаң...» сыныптар өздерің таныстырады

Таныстыру кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл).


2 – кезең: «Сұрақ - жауап»

«Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Инемен құдық қазғандай

Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысы.

Бұл шартта ортаға сандыққа салынған сұрақтар әкелінеді. Әр топқа арналған 2 сұрақ бар және бір сұраққа 5 ұпай егер екеуіне де дұрыс жауап берсе 10 ұпай беріледі. Сандықтан әр топтың топ басшысы сұрақты алады. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. Жауабын ортаға әр топтан бір адам ортаға шығып жауап береді.

1) Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз?

- Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз;

- Нақақ қан төгу, кісі малын ұрлап алу, ата - бабадан қалған жұртты бұзбау;

2) Қазақша ай аттарын ата?

- Қаңтар, Ақпан, Наурыз, Мамыр, Маусым, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желтоқсан;

3) Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?

- Түйе - Ойсылқара, Жылқы - Қамбар ата, Қой - Шопан ата, Ешкі - Сексек ата, Сиыр - Зеңгі баба;

4) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

- Домбыра, сазсырнай, жетіген, қобыз, сыбызғы т. б.

5) Жеті атаны атап беріңіз?

- Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене;

6) Жеті қазынаны атап беріңіз?

- Ер жігіт, Сұлу әйел, Ақыл - білім, Жүйрік ат, Қыран бүркіт, Берен мылтық, Жүйрік тазы;

7) Үш жүзді және үш көзді атаңыз?

- Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз;

- Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ, Сөз анасы – құлақ;

8) Бес қару деген не?

- Садақ, Қылыш, Найза сүңгі, Айбалта, Шоқпар;

Ақыл – тон аңдығанға тозбайтұғын,

Білім – кен қанша болса азбайтұғын

Қатарың оза шауып бара жатса

Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағамбет Ізтелеуов бабамыз айтқандай, сайысымыздың «Білімді мыңды жығар»кезеңіне берсек.



3 – кезең: «Білімді мыңды жығар» (Мақал-мәтел жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып айту).

«Білімді мыңды жығар» кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)

1.Ауылдан асқан байлық жоқ

Неден қымбат қазына жоқ (КІТАП)

2.Талапсыз жас, қанатсыз не? (ҚҰС)

3.Бас кеспек болса да, не кеспек жоқ? (ТІЛ)

4.Отансыз кім, ормансыз бұлбұл (АДАМ)

5.Өнер алды қандай тіл (ҚЫЗЫЛ)

6. Білім – теңіз, не кеме? (МЕКТЕП)

7. Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны нешеу болмайды? (ЖЕТЕУ)

8. Дені сау адам-қандай адам? (ДӘУЛЕТТІ)

9. Күш-...неде? (БІЛІМДЕ)

10. Анасын көріп, кімді ал? (ҚЫЗЫН)
4 – кезең: «Тіл өнері»

Бұл сайыста тапқан сөздеріңізді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтасыздар, егер бір сөзді дұрыс тапсаңыз 5 ұпай, екі сөзге 10 ұпай, үш сөзге 15 ұпай. Интерактивті тақтада әр топқа арналған сұрақтар беріледі сол сұраққа жауап береді. «Не» деген жерге керекті сөз қоясыздар.

1) Жаңбырменен не көгерер? (жер, земля, earth);

2) Не қорқақ, қол батыр? (көз, глаза, eye);

3) Қанша жуан болса да жалғыз не үй болмас? (ағаш, дерево, tree);

4) Не отбасынан басталады? (Отан, Родина, Motherland);

5) Туған жерге неңді тік?(ту, флаг, flag);

6) Не басынан шіриді? (балық, рыба, fish);

7) Шебердің саусағы не?(алтын, золото, gold);

8) Жақсыдан үйрен, жаманнан не? (жирен, отвращение, away);

9) Ауылымыздың ең биік ғимараты? (мектеп, школа, school);

10) Кітап арабтың қандай сөзінен шыққан? (жазу, писать, write).


5 – кезең: Бұл кезеңде «Жеті атаны білеміз бе деп аталады.» (2-5 балл)

«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер дегендей» балалар неше атасының атын атай біледі екен.


Қазақтың түрлі – түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын ашқанда жұрт қызығар

Жауаптарын табар ма екен, сайыскерлер

Сол себептен қоятын сұрақтар бар – деп



6 – кезең: « Көркіне ақылы сай» оқушылардан қызықты сұрақ-жауаптар сайысы.

«Көркіне ақылы сай» кезеңінің ұпай сандары. (2-5 балл)

1-сұрақ: Жігіттің үш жақын жұртын ата.

Жауабы: Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.

2-сұрақ: су түбінде не жоқ?

Жауабы: құрғақ тас жоқ.

3-сұрақ.Қазақ халқының дәстүр-салты мен той-томалақтарын атап шық,

Жауабы: Бесікке салу,қырқынан шығару, тұсау кесер,сүндетке отырғызу, бет ашар, көкпар, той бастар.

4-сұрақ .5 асыл мен 5 дұшпанды ата.

Жауабы: Бес дұшпан мыналар: өсек,өтірік, мақтаншақ,еріншек, бекер мал шашпақ. Бес асыл мыналар: талап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.

5-сұрақ. Жігіттің үш асыл мінезін ата.

Жауабы: Туған елі мен дос жарандарына адал болу, қара қылды қақ жараған әділетті болу, қаймықпастан турасын айтар шыншыл болу.

6-сұрақ. Үйленген ұлға беретін үлес қалай аталады?

Жауабы: енші

7 – сұрақ: Қазанға не сыймайды?

Жауабы: қақпағы

8 – сұрақ: 7 мамыр қандай күн, 9 мамыр ше?

Жауабы: 7 мамыр – отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – ұлы жеңіс күні

9 – сұрақ: Теңізге қызыл шүберек салсаң не болады?

Жауабы: шүберек су болады

10 – сұрақ: Бір жұмыртқа 15 минутта піскенде, 3 жұмырытқа ше?

Жауабы: 15 минутта

11 – сұрақ: Тауық бір аяғымен турғанда 2 килограмм, ал екі аяғымен тұрса?

Жауабы: 2 килограмм


Сен жігіт болсаң кең тұлғалы,

Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы

Сан шыңға шыдай білсең

Тек төзе біл бұл сынғада

Қазіргі таңда жалпы қоғам алдында қойылып отырған басты мақсат, салауатты өмір салтын құру. Берік қоғам құру үшін қоғамда денсаулығы мықты азаматтардың көп болуы қажет. Ол үшін спортты жанымызға жолдас қылу керек. Біздің жігіттеріміз ертеңгі берік қоғамның негізі бола ала ма? Сол себебтен жігіттердің күшін сынға салып көрейік.

7 – кезең: «Күштілер сайысы» (мылтық ату).

«Батыр болған бабамнан

Ел қорғауды үйренген

Ару болған анамнан

Ар қорғауды үйренген»

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,— дей отырып, ендігі сөз кезегін

әділқазылар алқасына береміз.




Жүргізуші:

Тұяқтарың мұқалмасын

Қанаттарың талмасын

Жаман адам кез келмесін

Аяқтардан шалмасын

Жігер болсын көздеріңде

Қатардан еш қалмаңдар

Шат заманда, сүйікті елде

Биіктерге самғаңдар!
Қорытынды:

Сіздер, біздің «Жігітке жеті өнерде аз...» сайысты тамашаладыңыздар.

Өнер - құдірет, күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады.

Талант пен өнер атаулының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарыңыз талмай, дарындылық қасиетіңіз арта берсін.

1. Үш арсыз, үш жамандықты атап беріңіз?
2) Қазақша ай аттарын ата?

1) Төрт түлік малдың иесі қалай аталады?


2) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

1) Жеті атаны атап беріңіз?


2) Жеті қазынаны атап беріңіз?

1) Үш жүзді және үш көзді атаңыз?


2) Бес қару деген не?
___________________________________________________________________________________

Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп-балабақшасы



Сайыс-сабақ

«Жігітке жеті

өнерде аз...»

Мұғалімі: Бахашев Н.С



2015-2016 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет