Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты Мақсаты


Тақырыбы: Ойынды жазып ойнау тәртібі



бет2/13
Дата06.02.2022
өлшемі130,77 Kb.
#81784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1513511708, 1513511708, Инфекции кожи и мягких тканей
Тақырыбы: Ойынды жазып ойнау тәртібі

Мақсаты: Ойынды жазу үлгісімен таныстыру. Ойынды жазып ойнаудың маңыздылығын түсіндіру.


Көрнекі құралдар: Жазу бланкалары, қаламсап, тақта, бор және тоғызқұмалақ тақтасы
Мәтіні:Тоғызқұмалақ ойынын қағазға жазып ойнау – ойынды жақсы ойнаудың алғы шарты.Жазып ойнау ойындарды есте сақтауға, кейіннен оқып, талдауға, ойыншылардың шеберлігін дамытуға мүмкіндік береді.
Жүрісті жазу үшін әуелі жүріс жасалатын отаудың рет саны онан соң сол отаудағы құмалақтар саны жазылады. Мысалы,12 бұл бірінші отауда 2 құмалақ бар деген сөз; 816 – сегізінші отауда 16 құмалақ бар. Мұнан кейін жүріс жасау белгілері (егер табысты болса қос нүкте-:, ал жай жүріс болса сызықша- -) қойылады да соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақтар саны жазылады.
Мысалы, 216-87 деген жазу екінші отаудағы 16 құмалақты таратқанда соңғы құмалақ сегізінші отауға барды –дағы ондағы құмалақтар санын 7-ге жеткізді деген сөз.Бұл жай жүріс болды, яғни құмалақ ұтпады сол себепті жазулар арасына жай жүрістің белгісін ( - - сызықша) қоямыз.
Ал 613:94 деген жазу алтыншы отаудағы 13 құмалақты таратқан кезде соңғы құмалақ тоғызыншы отауға түсті-дағы ондағы құмалақ санын 4-ке жеткізді деген сөз. Бұл табысты жүріс болды, яғни құмалақ ұтып алады, сол себепті жазулар арасына табысты жүрістің белгісін (:-қос нүкте) қоямыз.
Ойын барысында «тұздық» алынса онда «тұздық» белгісін – «Х» қоямыз.
Мысалы: 214:63Х (екінші отаудағы 14 құмалақты таратқан кезде соңғы құмалақ алтыншы отауға түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырды, яғни «тұздық» алады деген сөз).
Ойынды жазып ойнағанда пайдаланатын шартты белгілер:
- -жай жүріс
: -табысты жүріс
Х -тұздық белгісі
! -күшті жүріс
? -әлсіз жүріс

  1. -қандай жүріс жасаса да бәрі бір деген мағына береді.

Тоғызқұмалақ ойынын жазғанда мына үлгідегі бланк қолданылады:
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
/ жарыстың атауы /

Ойын № _____


Стол № _____

Бастаушы ________________________________


Қостаушы________________________________

р/с

Бастаушы

Қостаушы

р/с

Бастаушы

Қостаушы

1

79:610

79:610

21







2

910-911

911-112

22







3

61-73

91:112

23







Ойын нәтижесі: 1:0 82-80 қостаушы ұтылды

Қолы___________ Жазған:__________________


Қабылдаған төреші:____________ Қолы_________


Төреші-хатшы:_______________________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет