Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты Мақсаты


Тақырыбы: Тактикалық тәсілдер. Комбинация құру



бет9/13
Дата06.02.2022
өлшемі130,77 Kb.
#81784
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
1513511708, 1513511708, Инфекции кожи и мягких тканей
Тақырыбы: Тактикалық тәсілдер. Комбинация құру.


Тақырыбы: Тактикалық тәсілдер. Комбинация құру.
Мақсаты: Оқушыларды ойын күрделігімен жақынырақтаныстырып олардың логикалық ойлау шеберлігін шыңдау.
Керекті құрал: Ойын тақтасы.
Мәтіні:Ойынның басталуы да,өрбуі де қарсы жақтар үшін ойдағыдай өтіп жатады. Төніп тұрған қауіп те білінбейді. Ал бір сәт ойыншы екінші қарсыласының өте күшті жүрісінен соң құтылуға жол таппай, аңтарылып қалады. Мұнан соң қарсыласының әр жүрісі тақтадағы позицияларды өзгертіп, күштердің ара салмағын да өз жағына бұрып алады. Ал екінші ойыншы: «Менің тақтадағы жағдайым жақсы еді, комбинацияны байқамай қалдым ....» деп өкінеді. Міне, комбинацияның күші де сонда. Ол аңысын-аңдап тап береді.
Осы айтылғандай, комбинация жоқ жерден тумайды. Бұл есептеу ойынның заңды өріс алуы.
Тактикалық тәсілдердің ішіндегі ең күрделісі және маңызды да осы комбинация жасау болып табылады. Комбинация дегеніміз – көздеген мақсатқа жылдам жеткізетін бірнеше ойлы жүрістердің нәтижесі.
«Аңысын-аңдап тап берді» демекші, комбинация алғы шартсыз, бірден жасалмайды. Тақтадағы позиция комбинация жасауға келгенде ғана ойыншы қажет жүріске бекінеді. Әрине, қарсы жақтың әлсіз жерін тауып, комбинация жасамаса болмайды. Ал қарсы жағының отауларынан комбинация жасауға лайық позиция қарастыратын да ойыншының өзі. Яғни, ойыншы ең алғаш комбинацияның алғы шартын жасап алу керек. Дәлірек айтқанда, әр жүрісімен қарсы жақтың отауларынан құмалақтардың орналасуын өзіне тиімді етіп өзгертіп отыруы қажет. Ал уақыты келді-ау дегенде комбинациялы жүрісті бастап кетеді.
Комбинация екі кезеңнен тұрады. 1. Әзірлік кезеңі. Бұл кезеңде комбинацияны жасауға қажетті позиция дайындалады немесе тақтадағы дайын позициядан комбинацияның жолдары іздестірілді.
2. Мақсатқа жету кезеңі. Бұл кезеңде мақсатқа жету үшін ойын барысындағы тактикалық тәсілдерді («байлау», «айырбастау») қолдана отырып, қарсы жақтың немесе өз жағының отауларында жатқан құмалақтардың санын өзгерту қажет. Бұл әрекет көбінесе отауда жатқан құмалақтарды беру арқылы жүзеге асады. Белгілі бір отауда жатқан құмалақтарды жеуге берген кезде отаулардағы құмалақтардың саны өзгереді, осыдан барып комбинация жасауға қолайлы жағдай туады. Төмендегі мысалды (№31 – диаграмма) жүріс қара жағынан. Бұл жерде қара жағы көп құмалақ ұту үшін комбинация қалай жасайды екен.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

3

2

Х

4

8

8

7







39




4

18

16

2

1

2

Х

6

40

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 31 диаграмма

Диаграммадан көрінгендей ақ жағының 3 және 4-отауларындағы «бай» құмалақтарының жүрістері тарылып тұрғандығы (жүрсе өз отауларына қайта келіп түседі) қара жағын комбинация жасауға итермелейді. Қара жағы қарсыласының 4-отауына «байлау» әдісін қолданып, отауына шабуыл жасауды ойланады. Бұл жеңіске жеткізуге тиіс. Шынында, солай ма?


1. ... 72-84! Бұл жүріс ештеңе сездірмейді. 2. 61-73. Бұл жүріс те заңды. 2. ...27-85 құмалақтарын «құрбандыққа» беріп тұр. 3. 96:56. Ақ жағы алады. 3. ... 85-319!.Міне, комбинациядағы шешуші жүріс осы. Қара жағы бесінші отаудан алты құмалақ беру арқылы ойға алған ісін (4-отауын «байлады», 3-отауға қауіп төндірді) орындады. 4. 25-61 410:418. Егер 4. 319-32 жүрсе, бәрі-бір 4. ... 311:418. Ал, 4. 416-15 жүрсе, онда да 4. ... 94:320
Сөйтіп, қара жағы комбинация нәтижесінде бірден 20 құмалақ ұтып алды.
Мына диаграммадан да (№32 – диаграмма) «байлау» әдісін жасау арқылы жасалған комбинацияны көресіздер.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



3

2

17




3

3

4

18







36




4

3

3

5

4

1

18

6

42

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 32 диаграмма

1. ... 82-94 өте қате. Міне, осы ағаттық ақ жағының комбинация жасауына мүмкіндік туғызады. Ал қара жағы былай ойнау қажет еді: 1. ... 218-11, 2. 64-79! 53-718. Амалсыз жүрді. 2. ... 717-54 (218-11) бұлай да жүруге болмайды. Өйткені 3. 810-83Х 3. 24-56! Аса күшті айлалы жүріс. 3. ... 81-95. «Байлаудан» құтылады. 4. 61-73. Енді ақ жағы қажетті жүрісті күте тұрады. Ал қара жағында тек сәтсіз жүрістер ғана қалады: 4. ... 218-11 егер 4. ... 718-62 жүрсе 5. 57:220. Ал 4. ... 51-62 немесе 4. ... 42-62 немесе 4. ... 34-62. Онда 5. 97:63Х «Тұздық» алады. Сондықтан, 5. 98:720 12-23 мәжбүр болады. 6. 57:74 12-21 т. с. с. Бұл мысалдан шығатын қорытынды мынау: комбинация үнемі көп құмалақты «құрбандыққа» шалудан басталмайды екен. Екінші, комбинация жасаған жағы тек шабуыл жасай бермей, тасадан күтетін жүріспен қарсыласының «қақпанға түсіріп», не «бай» құмалақты, не «тұздық» ұтады.


Егер жоғарыдағы мысалдарда комбинация жасау жолында құмалақтарды құрбан ету мен «байлау» әдісі қолданылса, мына мысалдан (№33 - диаграмма) шабуылдау арқылы жасалған комбинациямен танысасыздар.
9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

3

1

2




1

4

17

4




45

Х

7

3

9

6

9

2

5

1

42

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 33 диаграмма

1. ... 91-1Х? Былай ойнау қажет еді. 1. ... 62-72, 2. 49-35! Шабуылдарға даярлық жүрісі. 2. ... 62-72 мәжбүр болады. Ал 2. ... 35-72 (немесе 15-51) жүруге болмайды. 3. 86:43Х егер 2. ... 218-16 жүрсе 3. 611-73Х. 3. 57-219! Бұл – шешуші жүріс. 3. ... 72-84 мәжбүр болады. Ал. 3. ... 219-22 жүрсе 4. 86:63Х, 4. 93:220 84:28. Ал 4. 17-72 жүрсе 5. 611:73Х, 5. 91:18 71-82, 6. 51-612 82-92, 7. 612:82 62-72, 8. 88:62 22-38,


9. 92-13 92-1Х, 10. 91-14 91-1Х, 11. 75:12 11-21. Сонда мына позиция пайда болады (№34 – диаграмма).
9 8 7 6 5 4 3 2 1







2




2

3

8

1







57

Х




3

1




1

1

2

1

80

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 34 диаграмма

Ақ жағы мұндай позициядан кейін өз отауларында құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастыру тәсілі арқылы тағы да 4 құмалақ ұтып жеңіске ие болады.




Байлау қою.Бұл есеп ойыны, творчестволық ойын екенін естен шығармай, қалай болса солай бастап, отаудағы құмалақтарды мақсатсыз жүре беруден сақ болу керек. Жүріске мән бермеу ойынның сапасын төмендетеді, ойың нәтижесіне, ойыншының көңіл-күйіне де кері әсерін тигізеді. Ойынға творчестволық тұрғыдан қарау қажет. Сонда ғана аса күрделі де, қызықты ойынның табиғатын терең түсінесіз.
Ойыннан шығатын нәтиже ең алдымен сайысқа түсіп отырған екі адамның ақыл-ойымен, творчестволық ізденімпаздығымен, тәжірибесімен тығыз байланысты. Сондықтан ойынды байыпты түрде бастап, әрбір жүрістің алдына белгілі мақсат қойып, қарсы жақты өздері жақсы білетін позицияларға тарта ойнау керек. Алға қойған мақсатты жүзеге асырудың жоспары болады. осындай жоспарлы ойынның әрбір кезеңдеріне сай, жасалған тартыстың жалпы барысын, негізгі бағытын – стратегия деп, , ал қолданылған жеке айла – тәсілдерді тактика деп атайды. «Тоғызқұмалақ» ойынын жаңадан үйренуші адам әрбір ойында бірінші жүрістен бастап-ақ өзінің алдына айқын стратегиялық жоспар қойып ойнауды дағдыға айналдыру керек.
Сонымен, стратегия «тоғызқұмалақ» ойынының негізгі принциптерімен, айла-тәсілдерімен де тығыз байланысты екен.
Жалпы стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз ұштасып, әрі бір-бірін толықтырып тұрады. Сондықтан кезінде бірнеше тактикалық әдістерді қолдана біліп, стратегиялық жоспар құрған ойыншы тек спорттық нәтижеге ие болып қоймастан, үлкен творчестволық өсу жолына түседі. Демек, талапкер «мүлдем жоспарсыз ойнағаннан, жаман болса да жоспар құрып, ойнау жүз есе артық!» деген қағиданы есте ұстауға тиіс.
Тақта үстінде ойыншы қарсыласының отауларында жатқан құмалақтарының жүрістерін тарылтып, немесе жүрістеріне кедергі жасап, ұстап тұру арқылы не «тұздық» алуға, не «байын» (құмалақ көп жиылып қалған) ұтуға әрекет жасайды. Бұл «байлау» қойған болып есептелінеді. «Байлау» қойып ойнау көбінесе ойынның бастапқы және орта шенінде, кейде тақта үстіндегі позицияға байланысты, ойынның аяғында да кездеседі. «Байлау» қойып ойнау әдісін дұрыс қолдану, отаудағы құмалақтарға стратегиялық күш беріп, позициялық үстемдік әперетін болса, оны «тоғызқұмалақ» ойынының басқа негіздерімен байланыстыра білу жеңіске жеткізеді. Ойымыз түсінікті болу үшін мысалдар келтіре отырып сөйлесейік. 1975 жылы республикалық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының ашық біріншілігіндеойналған қырғызстандық Ө. Асанов пен қаратаулық С. Тілеубаевтың ойынына назар аударыңыз:

Ақ жағы: Қара жағы:


1. 79:610 79:610
2. 910-911 911-112
3. 61-73 61-73
4. 411:512 811:94
5. 312-51!
Бұл жүрістен соң тақта үстінде №35 – диаграммадағыдай өзгерістер пайда болады.
Ақ жағы өзінің соңғы (5. 312-51!) бесінші жүрісімен қара жағының 5-отауынан «байлау» қойды. Қара жағы 1, 2, 3-отауларында жатқан құмалақтарын да жүре алмайды, ал жүре қалған жағдайда, өзінің 5-отауынан қарсыласына тиімді «тұздық» беріп қояды. Сондықтан, 5. ... 92-113? жүрісін жүрді. Бұл қате жүріс. Бұл жерде 5. ... 51-61 жүрісін жүріп, «байлаудан» құтылу керек еді.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

1

3




1

13

13

13

14




14

12

12

1

3

14

3

6

14

1

22

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 35 диаграмма
Енді ойынның әрі қарай жалғасқанын көрейік:
6. 76:314 91:114
7. 92:116 51-61 мәжбүр болған жүріс
8. 212:414 215:73Х
9. 816-517 12-23 мәжбүр болған жүріс
10. 93:24 12-21 мәжбүр болған жүріс
11. 517-35 12-23 мәжбүр болған жүріс
12. 66:24 12-21 мәжбүр болған жүріс
13. 24-52 93:22

Енді бірнеше жүрістерден кейін ақ жағы қазанына 82 құмалақ жинап, ұтысқа ие болады.


Тағы бір мысал, тақта үстінде пайда болған төмендегідей позициядан кейін (№36 – диаграмма) қара жағына жүріс кезегі келеді.
9 8 7 6 5 4 3 2 1




19




3

1




7




1




44




14

14

2

1

1

4




3

48

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 36 диаграмма

Қара жағы өзінің 6-отауында жатқан 3 құмалақты беріп қоймау үшін, 8-отауына екі айналымнан артық (19 құмалақ бар болатын) құмалақ жинап, ақ жағының отауларынан «тұздық» алудың қаупін туғызбақ болады да: 1. ... 63-820? Жүрісін жасады. Бұл қара жағының қате жүрісі еді. Себебі, ақ жағы 2. 214:62! жүрісін жасап, қара жағының екі отауына (8 және 3-отауларына) «байлау» қояды. Осыдан соң тақта үстінде пайда болған №39 – диаграммадағыдай позицияны қарап көріңіздер.


Мұндай позициядан кейін қара жағы ақ жағының соққысынан құтыларлық ешбір амалы болмай, өзінің 8-отауында жатқан 20 құмалақты таратып, 3-отауында жатқан құмалақтарды қарсыласына ұтқызады екен. Осы табысқа жетер жолдағы жүрістер мына төмендегідей:

Ақ жағы: Қара жағы:


2. ... 52-61
3. 52-63 61-72
4. 51-64 51-61

9 8 7 6 5 4 3 2 1






20

1




2

1

8

1

2




44




1

15

3

2

2

5

1

4

50

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 37 диаграмма

т. с. с. жүрістер жасалса, қара жағының жүрістері бұрын таусылып, 8-отауындағы 20 құмалақты таратуға мәжбүр болады екен. Ал егер қара жағы 2. ... 12-22? Жүрісін мүлдем жүруге болмайды. Мұндай жағдайда ақ жағы жетінші отауындағы 5 құмалағын жүріп, қара жағының 2-отауынан «тұздық» алып алады. Яғни бұл сәтте қара жағының екі отауына (2 және 8-отаулары) «байлау» салынып тұр.


Ақ жағы: Қара жағы:


2. ... 21-39 жүрісі жүрілсе
3. 94:310 21-31
4. 91:14

Бәрібір ақ жағы қара жағының 14 құмалағын ұтып алады. Сондықтан қара жағы қайтсе де 3-отауында жатқан құмалақтарды беретін болғандықтан «байын» таратып, қарсы ойын құрып алуға бел байлады да:


2. ... 820-92 жүрісін жасады. Одан әрі ойын былай жалғасады:
3. 76:310 42:54 т. с. с.
Бұл мысалдар «Байлау» атты тактикалық тәсілді анық көрсетеді.
Айырбасқа шақыру.Айырбасқа шақыру дегеніміз - өзінің бір отауындағы құмалақтарды қарсыласына жеуге беріп, сонша құмалақтарды қайтарып ұтып алу. Айырбасқа шақыру тақта үстіндегі стратегиялық пунктері (маңызды-маңызды отауларды) «жаулап» алу үшін, қарсы жақтың позициясына әлсіздік тудыру үшін, отаудағы құмалақтардың шабуылдық күшін өзгерту үшін, қолайсыз жағдайдан шығып кету үшін және мүмкіншілігі болса ойынды өз пайдасына шешу үшін жасалады. Түсінікті болу үшін мына төмендегі мысалдарды талдап өтелік. 0. Әмриев пен осы жолдар авторының тәсілдеріне тоқталайық.

Ақ жағы: Қара жағы:


1. 79:610 79:610
2. 910-911 911-912
3. 61-73 91:112
4. 311:412 511:62
5. 74:114 312:514 айырбасқа шақыру
6. 414:814 92:13Х
7. 95:43Х 75:214

Осындай 7 жүрістен кейін тақта үстіндегі көрініс №38 – диаграммадағыдай болады:


9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

1

1

4

3

Х

3

14

2




56

Х




3

1

1

1

2

14

1

53

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 38 диаграмма

Бұл позицияны есептеп, тереңірек талдап қарасақ, тақта үстінде не бары жеті-ақ жүріс жасалған болса да, ойын қара жағының пайдасына шешіліп тұр. Себебі, қара жағы бірнеше жүрістерден кейін, өз жағындағы жатқан отаулардағы құмалақтардан «тұздығына» 20 құмалақ салып алып және ақ жағы өзінің


8-отауында жатқан құмалақтарды амалсыз таратқан кезде, тағы қазанына кем дегенде 7 құмалақ қосып алады да, ойынды өз пайдасына шешеді екен.
1975 жылы республикалық «Қайрат» ерікті спорт қоғамының ашық біріншілігінде ойналған қырғыз тоғызқұмалақшысы Ө. Асанов пен шымкенттік С. Қаратаевтың ойынына назар аударайықшы:

Ақ жағы: Қара жағы:


1. 79:610 79:610
2. 910-911 911-112
3. 61-73 91:112
4. 211.312 61-73
5. 74:114 511:62
6. 71:814! айырбасқа шақыру 212:414?
7. 513:814 92-13Х
8. 95.414 76-315

9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

1

1

3

3




3

3

2




42

Х

4

15




1

1

1

15

1

64

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 39 диаграмма

Осындай сегіз жүрістен кейін тақта үстіндегі құмалақтар №39 – диаграммадағыдай орналасады.


Енді ақ жағына 16 құмалақ ұтып алу қиынға соқпайды. Шынында да, ол ойынды өз пайдасына шешті.
Тұздық алу тәсілдері. Комбинация арқылы «тұздық» алу жолдары өте көп. Мысалы мына позициядан (№40 – диаграмма) кейін ақ жағының тұздық алу мақсаты мен жасаған комбинациясын қарайық. Жүріс кезегі ақ жағынан.
1. 54-810 жүрісімен қара жағының 8-отауынан тұздық алмақшы. Енді қара жағы 82-95 жүрісімен тұздықтан қашып, ақ жағының 4-ші отауына шабуыл жасады. 2. 61-74! жүрісін жүріп, өзінің 4-отауындағы 11 құмалақты қарсыласына беруді ұйғарды. Себебі, ол мұндай позициядан кейін комбинация жасауға дайындала бастады. «Өзі беріп отырғанда алғанға не жетсін» деген мақсатпен, қара жағы 2. ... 95:412? жүрісін жүрді. Қара жағының бұл жүрісі қате жүріс. Енді осы қате жүрісті ақ жағы қалай пайдаланады екен, соған келейік (№41 – диаграмма).

9 8 7 6 5 4 3 2 1



4

2




4

1




12

1

3




36

4

14

10

11

4




2

9

1

44

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 40 диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

1




4

1




12

1

3




48

5

15

11




1




4

10

1

46

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 41 диаграмма

Ақ жағының комбинацияға әзерлік жасауына себеп болған жағдай, қара жағының 2 және 5-отауларында құмалақтардың бір-бірден жатқандығы еді. Ол енді осы отаулардағы (2, 5) құмалақтардың санын екіден ететін жүрісті табуы керек. Байқап қарасақ, екінші отаудағы 15 құмалақты яғни 3. 215-71!! жүрісін жүреді екенбіз. Бұл тамаша жүріс. Қара жағының екі отауына «тұздық» алу қаупін төндірді. Енді қара жағы қалай жүрсе де ақ жағының бұл жүрісіне ешбір кедергі жасай алмайды. Ақ жағы қарсыласының 2-ші немесе 5-отауынан «тұздық» алғаннан кейін жақсы позицияға ие болып, ойынды өз пайдасына шешуіне толық мүмкіншілік алады.


Мына мысалдарда (№42 – диаграмма) ақ жағы қарсыласынан едәуір әлсіз.
9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

1

3




9

3

3

2







45

Х

7

10

6

1

12

1

8




50

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 42 диаграмма
Әрі қара жағының бірінші отауда тұздығы бар. Жүріс қара жағынан. Бірақ ақ жағы «тұздық» үшін комбинация жасайды деп ойлай қою қиын. Себебі, қара жағында бір құмалағы бар бірде-бір отау жоқ.
1...81-92 жүрісінен кейін, ақ жағы «құрбандық» ұсынады. 2. 27-89! 59:48? алды. Бірақ бұл қате еді. 3. 613:64 бұл – шешуші жүріс болды. 3. ... 82-91 амалсыз жүрді. 4. 312:53Х. Сөйтіп, комбинация жасау арқылы «тұздық» алды әрі позициясын жақсартып алды. Енді ақ жағының позициясы тәуір.
Комбинация жасау – «тоғызқұмалақ» ойынында талдауды, алдын ала болжауды, жүрісті жалықпай есептеуді керек ететін тактикалық тәсілдердің ішіндегі өз алдына заңдылықтары бар, өте күрделі процесс. Тақта үстінде пайда болған кез-келген позициядан жүріс іздеу қажет қандай қажет болса, комбинация жасау жолдарын іздестіру де сондай қажет.
Комбинацияны жасау жолдарын яғни отаудағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастыру жолдарын тауып алғаннан кейін, оны белгілі тәртіппен жүзеге асыра білу керек. Талапкерлерге бір ескерте кететін нәрсе, комбинация жасағанда, позициялық артықшылық алғанына қарамай, кейін пайда болатын позицияны да ойлап, болжай отырып, ойнау керек. Демек, комбинацияны ойдағыдай жасау ойыншының шеберлігіне, ой-өрісіне және алғырлығына байланысты. Мысалы мына позицияны (№43 – диаграмма) бір қарасақ, қара жағының позициялық артықшылығы бар сияқты болып көрінеді. Қара жағы ақ жағының 8-отауынан «тұздық» алып алған және қазанына 5 құмалақ артық жинаған. Жүріс кезегі қара жағынан.
Тереңірек қарасақ, ақ жағы ойынды мұқият есептеп, комбинация жасауға қажетті позицияны дайындап қойған екен. Себебі, 4-отауына жинаған 27 құмалағы бар отауды екі айналып барып, қара жағының 2-отауында жатқан бір құмалақтың жолын бөгеп қояды. Жүре қалған жағдайда ақ жағы қара жағының позициясынан «тұздық» алып алады. Сонымен бұл комбинацияны жасаудағы негізгі әдіс мәжбүр еткен жүрісті пайдалану болып табылады.
9 8 7 6 5 4 3 2 1

4










1







1







63




1

2

27







1

Х




62

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 43 диаграмма
Мәселен: Ақ жағы: Қара жағы:
1. ... 51-61
2. 21-33 94:34
3. 11-22 61-71
4. 22-31 71-81
5. 21-32 81-92
6. 32-428! 21-31
7. 71-8Х! 31-41 мәжбүр болған жүріс
8. 428:43Х
Бұл позиция (№44 – диаграмма) мынадай:
9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

1

1

1

1

Х

2

2

2




70

1

1

2

2

2

2

2

Х

2

65

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 44 диаграмма
Мұндай позициядан кейін қара жағы өз қазанына көп дегенде тағы да 10 құмалақ қана қосып, ұтылып қалады екен. Егер Ақ жағы: Қара жағы:
1. ... 51-61 жүрсе
2. 21-33 61-71
3. 33-51 71-81
4. 51-61 81-95
5. 61-72 21-31
6. 72-8Х 31-41 мәжбүр болған жүріс
7. 428:43Х
Ақыры №45 – диаграммадағыдай позиция шығады.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



6

1

1

1

1

Х

2

2

2




66

1

1

2

2

2

2

3

Х

2

65

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 45 диаграмма
Мұндай позициядан кейін де қара жағы атсырап ұтылып тұр.
«Тұздық» алу үшін жасалатын комбинацияға керекті шарттың бірі – отаудағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастырып алып, ойын барысындағы басқа тәсілдермен (байлау, айырбастау) тікелей байланыстыра білу керек. Бұған мысал ретінде, мына позицияны (№46 – диаграмма) қарап өтелік. Жүріс кезегі ақ жағынан.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



6

1

2

3

4

4

2










50

1

2

2

1

5

3

3

19

2

52

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 46 диаграмма

Қара жағы өзінің соңғы 82-96 жүрісімен ақ жағының 5-отауында жатқан бес құмалаққа шабуыл жасады. Ақ жағы 5 құмалақты қорғамастан, басқа жүрісті жүріп кетті: 1. 63-820 96:56, 2. 61-75!! 81-92.


Сондағы позиция (№47 – диаграмма) мынадай:

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2




2

3

4

4

2










56

4

3

3

2







5

20

2

52

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 47 диаграмма


Ақ жағы өзінің соңғы жүрісімен (61-75!!) комбинацияны жасауға қажетті позицияны дайындап алып, мақсатқа жету жүрісін 3. 75-21 жүрді. Бұл тамаша жүріс. Қара жағы өзінің 1 немесе 2-отауынан «тұздық» беруге мәжбүр: 3. ... 11-22, 4. 93:23Х. Егер де 3. ... 21-33 жүрсе, онда 4. 821:13Х бәрібір «тұздық» алады.


Отауларға шабуыл жасау.«Тоғызқұмалақ» тақтасындағы осал отаулар дегеніміз – ойын барысында шабуылдау өрісі әлсіз орналасқан, бір-бірімен байланысы және қарсы жаққа соққы бере алатын қабілеті аз отаулар. Қарсыласы бұл отауларға шабуыл жасай қалған жағдайда олар бір-біріне дер кезінде көмекке келе алмай қалады. Сондықтан, осал отауларды көрісімен, оны дереу пайдаланып қалу «тоғызқұмалақ» ойынын үйренушілерге бірден-бір керекті шарт болып табылады. Осы айтылған пікір түсінікті болу үшін мына позицияны (№48 –диаграмма) талдап көрелік.

Ақ жағы: Қара жағы:


1. 29:110 29:110
2. 910-911 411-511
3. 810-813 312:512
4. 92:13Х 913-32
5. 711-815 715-34
6. 94-35 816-516
7. 613:94 517-38
8. 75-211?

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

3

3

17

1

6

8

11

Х




22

6

7

16

16

4

2

1

8

5

25

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 48 диаграмма


Ақ жағының соңғы (8. 75-211) жүрісінің мақсаты, біріншіден, өзінің 2-отауында жатқан 7-құмалақты қорғау, екіншіден, 8-ші отауында болатын сегіз құмалақпен қара жағының 6-отауындағы жатқан 17 құмалаққа қауіп төндіру еді. Позицияны тереңірек талдап қарасақ, ақ жағының бұл жүрісі 8. 75-211 қате жүріс екен. Оның орнына 8.16-63 жүрісін жасап, осал, ыңғайсыз жатқан отаулардан (1, 2, 3, 4-ші) құтылу керек еді. Ал жоғарғы жүрістен соң 8. ... 46-92. Қара жағы осы жүрісі арқылы 6-отауындағы 17құмалақты қорғады да,


8-отауындағы 4 құмалақпен, ақ жағының 2-отауында жатқан 7 құмалаққа қауіп төндірді. Ақ жағының
7 құмалақты қорғайтын ешқандай жүрісі жоқ. 1, 2, 3-отауларындағы құмалақтарын мүлдем жүре алмайды.
9. 95:42 84:28, 10. 316:94? 213:56! Бұл жүрістен кейін ақ жағы не «тұздық», не бір «бай» береді.
Егер 11. 418-33 84:23Х тұздық алады.
Егер 11. 32-419 (18-810) 311:420
Егер 11. 89-77 91-19, 12. 00 83:110
Ойынның ортасында не аяғында ойыншы өзінің ең күшті тірек отауларынан бастап жүрмеуі, яғни шабуыл жасамауы қажет. Өйткені, бірнеше құмалақ ұтуға ғана жеткізетін мұндай жүрістен соң ойыншы өз жүрісін азайтып алады да, атсырап қалады. Мысалы, №49 – диаграммадағыдай позицияны талдайық:

9 8 7 6 5 4 3 2 1









1

4







2

1







70




2

9










2

1

2

68

1 2 3 4 5 6 7 8 9
№ 49 диаграмма
1. ... 21-33 қара жағы осылай жүрді дейік
2. 22-310? 33-51
3. 310:32? 64-91
4. ... ... т. с. с.
Мұндай жүрістерден кейін ақ жағы атсырап ұтылып қалады.
Егер 1. ... 21-33
2. 72-82! 33-51
3. 82-93 64-91
4. 39-21 72-82
5. ... ... т. с. с.

Жүрістерден кейін қара жағы атсырап ұтылып қалар еді. Яғни бұл жерде ақ жағы өзінің жүрістерін азайтып, қарсыласын атсыратуға тырысуы қажет.


Отаулардағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастыру арқылы құмалақтар ұту.
Отаулардағы құмалақтардың бір-бірімен байланысын (өрісін) өрбіте білу ойыншыға алға қойған мақсатты, кейбір мүмкіншіліктерді іске асыруға үлкен септігін тигізеді. Сондықтан ойыншы ойын барысында бірінші жүрістен бастап, әсіресе ойын соңында (бұл туралы төменгі сабақтарда айтылады) бұл тәсілді іс жүзінде қолдана білу керек. Мысалдар келтірейік. Мұндай позициядан (№50 – диаграмма) кейін, бір қарағанда екі жақтың жағдайы тең сияқты. Жүріс ақ жағынан.
9 8 7 6 5 4 3 2 1




2

1

2

4

5

4

12







46




5

7

4

5

3

4

3

2

52

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 50 диаграмма


1. 92-11! (дайындық жүрісі) 82-91 (сұранып тұрған жүріс) 2. 25-64! (астыртын жүріс. Құмалақтарын құрбандыққа бере отырып, отаулардағы құмалақтарын ыңғайлы орналастырып алмақшы) 2. ... 212:46? (қате жүріс). Бұл жүрістің орнына 2. ... 81-92 жүрісін жүруі керек еді.
Бұдан кейін ақ жағына алға қойған жоспарын толық орындауға мүмкіншілігі бар. 3. 39:22! 12-21 мәжбүр. Бұл жерде «тұздық» берсе ойынды ұтқызғаны.
4. 84:22 12-21 мәжбүр 5. 93:22 12-21 мәжбүр
6. 57:22 12-21 мәжбүр 7. 76:36 12-23 мәжбүр
8. 93:24 12-21 мәжбүр 9. 66:22 12-21 мәжбүр
10. 84:22 (құрбандыққа 6 құмалақ беріп, ақ жағы 22 құмалақ ұтып алады).
1976 жылы Қазақстанның ашық біріншілігінде Исақанов пен Ерімбетовтың арасында өткен ойында, 13 жүрістен кейін төмендегідей позиция (№51 – диаграмма) пайда болды.
9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

4

2

2

4

4

2

9

4




28

1

1

18

8

3

16

4

4

4

42

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 51 диаграмма


Жүріс қара жағынан. 14. ... 29:12 (дұрысы 14. ... 14-45). 15. 94:34 15-56 (орнына 15. ... 22-31 жүрісін жүру керек еді). 16. 48:24 12-21 мәжбүр. 17. 85:22 22-31 мәжбүр. 18. 93:22 13-32 мәжбүр. 19. 54-82! 32-47 мәжбүр. 20. 76:32 12-23 мәжбүр. 21. 83:12 23-48. 22. 93:22.


Ойын соңында төмендегідей жағдай пайда болды дейік (№52 – диаграмма).

9 8 7 6 5 4 3 2 1






2

21

Х






















Х
















2

2

1




1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 52 диаграмма


Қара жағының артқы (1, 2, 3) отауларында құмалақтар жоқ. Жүріс кезегі ақ жағынан. Оған отауларда 5 құмалақтан екі құмалақ ұтып алатын болса ойын тең аяқталмақшы. Енді сол екі құмалақты ұтып алу үшін жасалатын жүрістердің жолдары екі кезеңнен тұрады да, өте тапқырлықты талап етеді. Бірінші кезеңде алдын-ала отаулардағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы, өте тиімді орналастырып алу, яғни қажетті позиция дайындау керек болса, екінші мақсатқа жету кезеңінде тактикалық «байлау» тәсілдерін дұрыс қолдана отырып, құмалақтар ұтып алу жолдарын белгілі тәртіппен жүзеге асыра білу қажет.
Бірінші жолы: Ақ жағы өзінің мынадай 1. 82-92 82-91. 2. 72-82 91-1Х. 3. 71-83 81-91 жүрістерінен кейін, қажетті, яғни 2 құмалақ ұту үшін, төмендегідей позицияны (№53 – диаграмма) дайындап алады да, мақсатқа жету жүрістерін жасайды.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1




2

1

Х
















74

Х



















3

2

79

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 53 диаграмма


Мақсатқа жету жүрістері: 4. 83-11 91-1Х. 5. 93-21 21-31. 6. 81-91 31-41. 7. 92-13 13-31. 8. 91:12.


Екінші жолы: Қажетті, яғни 2 құмалақ ұту үшін, төмендегідей позицияны (№54 – диаграмма) дайындап алады.

9 8 7 6 5 4 3 2 1






1

1

1

Х
















75

Х



















4

1

79

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 54 диаграмма


Мақсатқа жету жүрістері: 1. 91-11 81-91. 2. 84-21 21-31. 3. 81-92 91-1Х. 4. 92-13 13-31. 5. 91:12


Сонымен, бес құмалақтан екі құмалақ ұтып алу жолын білудің пайдасы ойын соңында орасан және бұл позиция ойын соңында көп кездесіп отырады.
Тоғызқұмалақ ойынын жаңадан үйренушілерге, тіпті көптеген жағдайда тәжірибеге нағыз сағылық деген, ойын шеберлерінің өздері де ойынның аяқ жағындағы шағын санды құмалақтары бар позицияларды нашар ойнайды. Олар, көбінесе, «Тоғызқұмалақ» ойынының ӘЛІППЕСІ деп аталып жүрген позициядан, яғни тақта үстіндегі өз жағының отауларында жатқан бар болғаны бес құмалақтан екі құмалақ ұтып алу жолын білмейді. Себебі, бұл жерде ойыншы тереңірек ойланып жүрісті таразыға салуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет