Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты Мақсаты


Тақырыбы: Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары



бет3/13
Дата06.02.2022
өлшемі130,77 Kb.
#81784
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1513511708, 1513511708, Инфекции кожи и мягких тканей
Тақырыбы: Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары


Мақсаты: Жүрістің дәлдігін шығарғанда математикалық амалдарды қолдана білуге машықтандыру.
Көрнекі құралдар: Жүрісті есептеу жолдары жазылған кестелер, қаламсап, тақта, бор және тоғызқұмалақ тақтасы
Мәтіні: «Тоғызқұмалақ» ойынын үйрену онша қиын емес. Бірер ойнаған соң– ақ жүрістерді жаттап қалуға болады. Бірақ осы сәтте үйренуші бірнеше заңды сұрақтарға тап болады. «Қалай тез жүруге болады?» «Соңғы құмалақ қай отауға (әсіресе құмалақ саны көп болғанда) барып түсетінін тез арада қалай есептеуге болады?» т. с. с. Ойынның жүрісі құмалақтарды отау – отауға салып отыру болғандықтан қарт ойыншылар отау мен құмалақты сұқ саусақтарымен санайды да отырады. Бұл әрі ойынның тездігін тежейді, әрі қателесіп кетуге ұрындырады. Міне, сондықтан есептеп жүрудің біз ұсынып отырған жаңа әдісі тақтадағы қандай күрделі жағдайда да қай жүрісті жүруге болатынын көрсетіп бере алады. Енді сол әдістің мәніне назар салайық.
«Тоғызқұмалақ» ойынының бір ерекшелігі, әрі басқа ойындардан артықшылығы - әр отаудың нөмірі мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол отаудың шабуыл мүмкіншілігін (күштілігін), яғни соңғы құмалақтың дәл қай нөмірлі отауға барып түсетіндігін көрсете алатындығы. Сондықтан ойын барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласыңның қай отаудағы құмалағы сенің ашық отауыңа қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз, тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады.
Бірінші есептеу жолы. Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін анықтау үшін, әрқашанда, сол отаудың ойынды жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрларының арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы 3-отауда 17 құмалақ бар. Яғни 3+1+7= 11.
Тоғызқұмалақ ойынының мынадай ережелері бар:
а) Егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.
ә) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды алып тастаймыз.
б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе20-дан артық болса, қосындыдан 19 аламыз.
в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 аламыз.
д) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.
Енді осы ережеге сүйене отырып, жоғары мысалдағы соңғы құмалақтың 1–ші отауға барып түсетінін білеміз, себебі 11–10=1.
Жоғарыда айтқандарымыз түсінікті болу үшін, ойынның мына төмендегідей бес жүрісінен кейін пайда болған позицияны (№ 12 – диаграмма) қарап өтелік.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



3

13

1

5

1

14

14

3

1




16

3

2

15

3

16

Х

5

14

5

28

1 2 3 4 5 6 7 8 9
12 диаграмма

Жүріс кезегі ақ жағынан. Бұл позицияда оның бір ғана күшті жүрісі бар. Ол жүріс – үшінші отаудағы 15 құмалақты жүру. Сонда ол қарсыласының 8-отауынан 13 құмалақты ұта алады. Бірақ жарыс тәртібіне сәйкес жедел ойнау кезінде бұл жүрісті қалай тез табуға болады? Міне, біздің жоғарыда ұсынған әдісімізді қолдану осы жерде керек. Ол өзінің 3-отауында жатқан 15 құмалақтың соңғысы қара жағының қай отауына барып түсетінін есептесе былай болады: 315=3+1+5=9-1=8. Яғни бұл жүрісте соңғы құмалақтың қарсыласының 8-ші отауына барып түседі деген сөз. Яғни оған315:814 жүрісін жасау керек. Дәл осы есепті ауызша есептеу қажет екенін де ұмытпаған жөн.


Егер ол 7-отауындағы 5 құмалақты жүретін болса (75=7+5=12-10=2), қара жағының 2-отауындағы үш құмалақты ұтып алады екен (75 : 24 жүріс). Ал егер 8-отауындағы 14 құмалақты жүретін болса (814=8+1+4=13-10=3) соңғысы өзінің 3-отауындағы 15 құмалаққа келіп түсіп, ол отауды жабады екен
(814 – 316 жүрісі). Бұл екі мысалда да қосынды 10-нан асқандықтан, қосындыдан 10-ды шегердік.
Жарыста ойнаған, Б. Момбеков пен Н. Қайынбаевтың кездесуінде мынадай жүрістерінен кейін
1. 39 : 210 89 – 711, 2. 910 – 911 310 :33Х, 3. 810 : 84 512 : 712, 4. 512 : 714 413 : 72, 5. 213 : 54 914 – 43, 6. 95 : 44 116 – 73, 7. 115 – 617 617 – 43?, 8. 12 – 26 29 : 12, 9. 93 : 22 74 – 11, 10. 57 – 21 71 – 87 пайда болған (№ 13 – диаграмма) позициядан кейін соңғы құмалақтар қай отауға барып түсетінін анықтаңдар.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



5

7




2

3

4

10

1

5




26

1

6

Х

18

1

20

6

7

2

38

1 2 3 4 5 6 7 8 9
13 диаграмма
Ақ жағы: 26-?, 418-?, 620-?, 76-?, 87-?
Қара жағы: 310-?, 44-?, 87-?, 95-?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет