Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты Мақсаты



бет1/13
Дата06.02.2022
өлшемі130,77 Kb.
#81784
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
1513511708, 1513511708, Инфекции кожи и мягких тканей

Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты
Мақсаты: а)Оқушылар бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
б) Тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін түсіндіру.
Көрнекі құралдар: Республикалық баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалар топтамасы, тоғызқұмалақ спортына арналған әдебиеттер және жарыс жөніндегі хабарландырулар ( афишалар) жиынтығы.
Мәтіні: Тоғызқұмалақ ойынының сақ, ғұндар дәуірінен бері қарай 4 мың жылдық тарихы бар. Оны түркі тілдес халықтардың ішінде: Қырғыз, Өзбек, Қазақ, Қарақалпақ, Түрік және Алтай елдерінде ойнайды.
«Тоғызқұмалақ» ойыны көшпенді өмір салтының айнасы іспеттес, ол – тірі тарих.
Тарихты білу тектілікке саналады. Бабаларымыз ұрпағының білекті де, жүректі болуымен қатар ақылды болуына да қатты алаң болған. Сол себепті де осы өнерді дүниеге келтірген.
Тоғызқұмалақ ойыны негізінен екі адамның арасында өтеді. Ойынды кім бастайтынын жеребе тарту арқылы анықтайды. Ойынды бастайтын ойыншыны бастаушы деп, ал қарсыласын қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасап отырады.
Ойынды бастаушы ойыншы өзінің кез-келген отауынан жүре алады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын отауының ішінде бір құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды қолына алып, келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта), қолындағы құмалақтар таусылғанша бір-бірден салып шығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп және сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса онда бұл жүріс табысты болды деп есептелінеді де, ойыншы сол отаудағы құмалақтардың барлығын өзінің қазандығына салып алады.
№ 1 диаграммада 7-ші отаудан жүрген ойынды бастаған ойыншының жүрісі көрсетілген.






9 8 7 6 5 4 3 2 1



9

9

9




10

10

10

10

10

9

9

9

9

9

9

1

10

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

1 диаграмма

Ендігі жүріс кезегі қара жағынан, яғни қостаушыдан. Ол да ойынды бастаушы секілді кез-келген отаудан құмалақтарды алады да, жоғарыдағыдай тәртіппен таратады. Бірақ қостаушының алғашқы жүрісі табысты да бола алады (№ 2 диаграмма), немесе жай жүріс те (табыссыз) бола алады


(№ 3 диаграммадағыдай, егер 9-отаудан жүрсе).Бұл жүрістер ойыншының таңдап алған ойын жоспарына байланысты.



10

9 8 7 6 5 4 3 2 1



10

10

1




10

10

10

10

10

10

10

10

10

10




1

10

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

2 диаграмма




9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

9

9




10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

2

11

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

3 диаграмма
Егер соңғы құмалақ түскен отаудағы құмалақтар саны тақ болатын болса, немесе жүріс жасағаннан кейін соңғы құмалақ өз отауына келіп жатса (№ 2 диаграммадағы жағдайды ары қарай өрбітелік) онда мұндай жүрістер жай жүріс, яғни табыссыз болып есептелінеді. (№ 4 және № 5 диаграмма).
Бастаушының 9-отаудан жүрген екінші жүрісі жай жүріс болып есептелінеді.
(№ 4 диаграммаға қараңыз)



10

9 8 7 6 5 4 3 2 1

11

11

2

1

11

11

11

11

10

10

10

10

10

10




1

10

1

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

4 диаграмма

Қостаушының 9-отаудан жүрген екінші жүрісі де (№ 5 диаграмма) жай жүріс болып есептелінеді, себебі соңғы құмалақ өз отауына қайтып келді.



10

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

11

11

11

11

11

1

2

11

2

1 2 3 4 5 6 7 8 9

10

5 диаграмма

Жұп санды құмалақтар орналасқан отауларды «жабық отаулар» (яғни ұтып алуға болмайды), ал тақ санды құмалақтар орналасқан отауларды «ашық отаулар» (яғни ұтып алуға болады) деп атайды.


Ойын мақсаты- қарсыластың отауынан 82 және одан да көп құмалақ ұтып, жеңіске жету болып табылады.

Тақырыбы: Ойын ерекшеліктері

Мақсаты: а) Ойын тәсілдеріне баулу


б) Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту
Керекті құрал-жабдықтар: 1.Тоғызқұмалақ тақталары
2. Тақта, бор және «тұздық» кестесі
Мәтіні:Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын үш жағыдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.
Бірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 6 диаграммаға назар аударалық:

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

11

2

1

11

11

11

11

12




10

11

11

11

11

11

1

2

11

2

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9
6 диаграмма
Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6-шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7-ші отауға жүрді делік, сонда 6-шы отау бос қалады. Келесі № 7 диаграммаға қараңыз:

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

11

2

1

11

11

11

11

12




10

11

11

11

11

11




3

11

2

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9
7 диаграмма


Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9- шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1-ші отаудан жүріп, қостаушының 2-ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік.( № 8-диаграмма )

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

11

2

1

11

11

11




13




10

1

12

12

12

12

2

3

12

3

22

1 2 3 4 5 6 7 8 9
8 диаграмма
Міне осы сәтте қостаушы 5-ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының
6-шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

12

3

2

1

11

11




13




13

2

13

13

13

13

Х

3

12

3

22

1 2 3 4 5 6 7 8 9
9 диаграмма
Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады.Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.
Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды.Мысалы, бастаушының1–ші отауымен қостаушының 1–ші отауы аттас, 2-ші отауымен 2-ші отауы аттас т.с.с.
Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық:

9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

2

























80













Х

1







7

70

1 2 3 4 5 6 7 8 9
10 диаграмма

Жүріс қостаушыдан. Енді 4 жүрістен кейін оның отаулары түгелдей бос қалады.


( № 11 диаграммадағыдай)

9 8 7 6 5 4 3 2 1

































80

1

2

1




Х







1

7

70

1 2 3 4 5 6 7 8 9
11 диаграмма

Енді қостаушының жүріс жасайтын бірде-бір құмалағы қалмады, яғни ол«атсырауға» ұшырады.Сондықтан да отаулардағы қалған құмалақтарды бастаушы өзінің қазандығына қосып алады да, бұл кездесу 82-80 есебімен бастаушының пайдасына шешіледі.


Егер ойыншы өзінің қазандығына 82 және одан да көп құмалақ жинап алғаннан кейін «атсырауға» ұшыраса, ол ойыншы «атсырауға» ұшырағанына қарамай жеңіске жеткен болып саналады.Себебі ойынның негізгі мақсаты - өз қазандығыңа 82 құмалақ жинау болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет