Тақырыбы: Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мақсаттары


Нәтиже Пән бойынша бағалаудың тиімділігі дегеніміз не?



бет3/9
Дата28.11.2023
өлшемі30,16 Kb.
#193841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Назерке жоба

Нәтиже
Пән бойынша бағалаудың тиімділігі дегеніміз не?
Пән бойынша бағалаудың тиімділігі – сабақта күнделікті жүзеге асатын, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бағалау. Пән бойынша бағалаудың тиімділігі – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін үздіксіз жүргізілетін бағалау түрі бағалау білім беру процессінде оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара тығыз байланысты жүзеге асырады. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа материалды меңгеруде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын білуге және оқытудағы мақсаттар мен міндеттерді орындауға мүмкіндік туғызады. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.
Пән бойынша бағалаудың тиімділігі технологиясын қолдану педагог пен баланың арасындағы кері байланыс, бұл – оқушының білім деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. Мұғалім оқушының қандай да бір оқу мақсатына қол жеткізетінін айқындай алады. Қалыптастырушы бағалау сабақ үстінде үнемі жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті, әр сабақта, ауызша, жазбаша, жоба қорғау түрінде қолданылады. Бағалау барысында біз үнемі оқушыны емес оның жұмысын бағалап жатқанымызды есте ұстауымыз қажет, демек жұмысты тексеру барысында оның кемшіліктерін емес оң тұстарына көбірек мән беруіміз қажет. Оқыту нәтижесінде оқушылардың нені білетініне және түсінетініне көз жеткізу үшін әр түрлі мәліметтерге терең талдау жүргізу процесі болып табылады. Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мақсаты оқыту барысында мұғалім мен оқушы қызметіне жөндеулер енгізу болып табылады. Жөндеулер мұғалім мен оқушы бірлесе оқытуды жақсарту үшін ендіріледі. Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мұғалімге оқушының оқу мақсаттарына жету процесін бақылауға, оқу процесіне өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ал оқушыға – өзінің білімі үшін жауапты екенін сезінуге итермелейді.
Пән бойынша бағалаудың тиімділігі ерекшеліктері:
Оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет