Тақырыбы: Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мақсаттары


Қалыптастырушы бағалау әдістері



бет7/9
Дата28.11.2023
өлшемі30,16 Kb.
#193841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Назерке жоба

Қалыптастырушы бағалау әдістері:
Ø Дембо және Рубинштейннің «Ғажайып сызғыш» әдістемесі арқылы бағалау;
Т.Дембо және С.Рубинштейн ойлап тапқан «Ғажайып сызғыш» әдісі оқушыларға өз білімдерін бағалау көмектеседі. Мысалы, математика сабағында «Жазбаша көбейту және бөлу» тақырыбы бойынша оқушылар әр сызыққа білу, түсіну деңгейіне байланысты белгі қояды. Әр бір сызық бір критерийді білдіреді. Бірінші сызық - сандарды алгоритм бойынша жазбаша дұрыс жазу. Екінші сызық – кестелік көбейту және бөлу. Үшінші сызық - көп таңбалы сандарды қосу және азайту. Келесі сызық - көбейтіндінің немесе бөліндінің мәнін табу. Барлығын дұрыс орындаған оқушы сызықтардың жоғарғы жағына белгі қойып шығады.
1 2 3 4
Осылайша оқушы өзін бағалап, біліміндегі кемшіліктерді көріп, түзетуге әрекет жасайды. Бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Ø Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау;
Ø Эмоциялық қалыптар кескіндемесі арқылы бағалау.
«Кемпірқосақ» әдісі
Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төменгі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.
Ø Пікірнама жазу арқылы бағалау;
1.Мен бүгін білдім
2.Мені қызықтырды
3.Қиын болды
4.Менің қолымнан келді
Ø Жапсырма қағаздар көмегімен бағалау;
Ø М.Люшер әдістемесін басшылыққа ала отырып бағалау.
Бояулар не білдіреді?
Жасыл Көк Сары Қызыл
Барлық
тапсырмаларды өзім
орындай аламын Қиындығы орта деңгейдегі тапсырмаларды орындадым Тапсырмаларды мұғалім көмегімен орындадым Тапсырмаларды түсінбеймін және орындай алмаймын
Ø «Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау
Б.Блум таксономиясы» бойынша бағалау Қазіргі мектеп практикасында американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүр. Ол – білім және білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық және сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Танымдық салада оқу мақсаттары адамның білімді меңгеру және интеллектуалды білік, дағдыны игеру деңгейлерінде қарастырылады. Интеллектуалды білік және дағдыны қалыптастырумен байланысты мақсаттар: түсіну → қолдану→ талдау → жинақтау→ бағалау деп жіктеледі. Өзара бағалау оқушыларға кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір- бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға,әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін бірі сынауға мүмкіндік береді. Сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады», делінген. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Өзін өзі бағалау өзін өзі реттеуге
жетелейді.Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру шкаласы бойынша есептеп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет