Тақырыбы: Пән бойынша бағалаудың тиімділігі мақсаттары


Топтық жұмыс кезіндегі бағалау тиімділігі



бет5/9
Дата28.11.2023
өлшемі30,16 Kb.
#193841
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Назерке жоба

Топтық жұмыс кезіндегі бағалау тиімділігі
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім белгілі бір дағдыны бағалаудың тиімді тəсілі ретінде қолданып, топтық жұмысты ұйымдастыруына болады. Білім алушылар алдын ала бағалау критерийлерімен таныс болуы тиіс. Топтық жұмыс кезінде мұғалім əр топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды, қадағалайды : кейбір білім алушылар оқу мақсатына жетуді бағалау критерийлеріне сəйкес тез көрсете алуы мүмкін. Мұғалім білім алушылардың атын жазып алуы қажет. Әрі қарай мұғалім білім алушыларға қосымша қолдау көрсетуге қажетті сұрақтар қояды, бақылайды, мысалы:
-Бұл туралы сіз не ойлайсыз?
-Сіздің тобыңызда қандай талқылау болғанын айтып бере аласыз ба?
Егер білім алушылар тəжірибелік тапсырмалар орындайтын болса, онда осы тапсырмаға қатысты сұрақтар болуы мүмкін, мысалы:
-Сіз қазір не істеп жатырсыз?
-Сіз қалай ойлайсыз, əрі қарай не болады?
-Ссы тапсырмада ерекше бір нәрсе байқадыңыз ба?
Топтық жұмыс кезінде мұғалім барлық топтың және əр жеке білім алушының жұмыстарын бақылауы қажет. Топтарды бақылауды тапсырма орындау кезінде қатысып, бірлесе жүргізуге де болады. Бұл жағдайда білім алушыларға:
-жаңа идеяны тұжырымдауды;
-екі(одан да көп) идеяларды салыстыруды;
-идеяларды бағалауды;
-топтық талқылау негізінде пікір білдіруді;
-сұрақтарға жауап беруді ұсынуға болады.
Пән бойынша бағалаудың тиімділігі әдістері
Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде cөйлеуге мүмкіндік береді, cынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталаcқа түсуіне cенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді. Өзін – өзі бағалау – өзіне – өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау әрекетінің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет