Тақырыбы: «Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық іс-шарасы Мақсаты



Дата30.03.2018
өлшемі161.88 Kb.




Канатова София Нурлановна,

«Балдырған» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі.

БҚО, Сырым ауданы
Тақырыбы: «Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық іс-шарасы

Мақсаты: балабақшадағы қазақ және басқа ұлт өкілдері балаларының қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу. Балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту. Ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу. Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Көрнекіліктері: шарлар, плакаттар, ойынға қажетті құралдар, слайд.

Жүргізуші:

О, Адамдар, қадіріне жетіңдер,

Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.

Әркімнің туған тілі – туған шеше,

Оған бала міндетті сан мың есе.

Армысыздар, құрметті көрермендер !

Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!



Бүгінгі «Үш тілдің патшалығы» атты ойын-сауық кешімізге қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на мероприятие «Королевство трех языков».

Ендеше «Үш тілдің патшалығы» ойын-сауық кешіне қатысушы бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

Балалар, біз сендермен бірге қай елде тұрамыз? Қазақстанда.

Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз. Міне, біздің ел – Үш тілдің патшалығы болып табылады. Бұл бейбітшілік пен достықтың сиқырлы елі.

Мы с вами живем в центре Евразии - Казахстане. Это и есть Королевство трех языков. Это волшебная страна мира и дружбы.



Good morning, good morning, (гуд мониң, гуд мониң)
            Good morning to you (гуд мониң ту ю)
           
Good morning, good morning (гуд мониң, гуд мониң)
            We are glad to see you! (
уй а глэд ту си ю!)

Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қалай?

жақсы.

Осы жақсы көңіл-күйімізді ағылшын тілінде айтып береміз бе?



Ия.

That’s OK. Stand up, please.



Балалар: Hello, hello, How are  you?
                   I’m happy, happy, happy
                   Hello, hello, How are  you?
                   I’m great, great, great
                   Hello, hello, How are  you?
                   I’m OK, OK, OK!

Біздің патшалықта мынадай бұйрық жарыққа шықты:

В нашем королевстве вышел такой приказ, послушаем:

1-тілмаш: «Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдарда үш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».

2-тілмаш: «Всем!Всем!Всем! От мала до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках (казахском, английском, русском)».

3-тілмаш: «To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages-Kazakh, English, Russian!»



Жүргізуші: Ендеше, балалар, ортаға сол Үш тіл патшалығының Патшайымын шақырайық. Тогда пригласим Королеву королевства трех языков. ( Патшайым ортаға шығады).

Патшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сонау Астана қаласынан келдім. Патшалығымыздың ішінен сіздің балабақша тіл үйренуде жақсы нәтиже көрсетіп жүрген алғашқылардың бірі болып табылады. Менің көмекшім жарлығымның орындалуын сендерге тапсырма беру арқылы тексеріп көреді. Кәне, көмекшім, баста!

Жүргізуші:Патшайым, «Балдырған» балабақшасының бүлдіршіндері үш тілге деген құрметтерін өз өнерлері арқылы көрсетуге дайын. Ендеше, құрметті көрермендер, балалардың тілге деген құрметтерін бәріміз бірге тамашалайық!

1.«Балалар cәлемі». Балалар үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) мәнерлеп өлең оқиды.

  1. Мадияр:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.



  1. Ерасыл

Известна истина простая,

Все люди, хоть из разных стран,

Важнее слов не представляют.

Чем Кантри, Родина, Отан.



  1. Акерке

He is smart
          And he is bright
            He can read
         And he can write      


  1. Ринат

I am boy,  A little one
I like to play
I like to run.                           


  1. Нурасыл

One, one, one. Little dogs run
Two, two, two. Cats see you.
Three, three, three. Birds on the tree
Four, four, four. Rats on the floor.                   
               
Айша

My pretty doll,
                 It’s very small.
                 I love my pretty. A little doll            


Патшайым: Жарайсыңдар, балалар! Мен сендерге үлкен сыйлық әкелдім. Ол-«білім кілті». Қане көмекшім, білім кілті салынған қорабымды беріп жіберші.

Жүргізуші: Ойбай Патшайым, кілт орнында жоқ, білім кілті жоғалды. Бұл кімнің ісі екен?

Патшайым: Бұл кілтті ұрлаған кім екенін ішім сезіп тұр ғой деймін. Жақында жалмауыз кемпірдің елді бір дүрліктіріп жүргендігін естігенмін. Түбі бізге жеткен ғой!

Жүргізуші: Патшайым Жалмауыз кемпір тікелей эфирде. Тыңдайық! (экраннан жалмауыз кемпір шығады).

Жалмауыз кемпір: «Патшайым және балалар! Сендердің жоғалған кілттерің менде. «Білім кілтін» алып, одан әрі білімдеріңді шыңдайын деп отырсыңдар ғой, бірақ бұлай болмайды. Мен ол кілтті сендерге ешқашан бермеймін. Ж-о-о-о-қ! Егер сендер өте білімді, үш тілге жетік болсаңдар сендерді уысыма қалай түсірем? Сендер менен қашып, шетелге асып кетесіңдер ғой! Мен болашақта балалардың білімді болғандарын қаламаймын. Ал, ендеше, батылдарың жетсе алып көріңдер!» - деп мысқылдап күледі (ха-ха-ха).

Патшайым: Қорықпаңдар, балалар! Бұл кедергіден құтылудың амалын табуға болады. «Білім кілтінің» екінің бірі біле бермейтін қасиеті бар. Бұл кілт кім білімді, соның қолына өзі еш кедергісіз келетін болады. Бұған жалмауыз кемпір де кедергі бола алмайды.

Жүргізуші: Ендеше, «Білім кілтін» жалмауыздың қолынан алу үшін үш тілді үйренуді жалғастырайық! Балалар, «Мақал-сөздің көркі» дегендей, осы үш тілде мақал-мәтел білесіңдер ме?

2.«Мақал – сөздің көркі». Балалар мағыналас мақал-мәтелдерді үш тілде айтулары керек.

Жанторе:

1. Ештен кеш жақсы.

Лучше поздно, чем никогда.

Better late, than never.



Даулет:

2.Еңбексіз өнбек жоқ.

Без труда нет плода.

No pains, no gains.



Балгынбек:

3.Жылтырағанның бәрі алтын емес.

Не все то золото что блестит.

All is not gold that shines.



Арлан.

4.Білімі саяздың адымы тар.

Незнание приносит вред.

Little knowledge is dangerous thing



3.«Ұйқас тауып, тіл үйрен!».Жүргізуші: Ал, балалар, енді мына сөздерге қазақша-орысша ұйқас тауып көріңдерші!

1. Үйірме – кружок,

Секіру – прыжок.



  1. Бала – мальчик,

Саусақ – пальчик.

  1. Сладкий – тәтті,

Твёрдый – қатты.

  1. Горох – бұршақ,

Кукла – қуыршақ.

  1. Мальчик – boy,

Ойыншық – toy.

  1. Красный – red,

Плохой – bad.

4. Жүргізуші: Енді мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін қазақша, орысша және ағылшынша айтып бересіңдер. Жарай ма?!

  1. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар. (сағат-часы-clock)

  1. Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (күн-солнце-sun)

  1. Сумен кірді ашады,

Өзі судан қашады. (сабын-мыло-soup)

  1. Зверь я горбатый

А нравлюсь ребятам. ( верблюд-түйе-camel)

  1. Голодная- мычит,

Сытая- жует,..

Всем ребятам

Молоко дает. (корова-сиыр-cow)


  1. Сто одежек,

Все без застежек. (капуста-қырыққабат- cabbage)

5. «Сергіту сәті». Ағылшын тілінен.

Жүргізуші:

-Балалар, сендер ертегілерді жақсы көресіңдер ме?

- Иә.


- Енді «Ертегілер еліне саяхатқа» барамыз. Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

- «Бауырсақ», «Шалқан», «Жеті лақ», «Ешкі мен түлкі».

- Өте жақсы.

6. «Ерте, ерте, ертеде...». Балалар шағын сахналап, көрініс көрсетеді.

«Бауырсақ» ертегісі (агылшын тілінде).



Жүргізуші: Патшайым, қораптың ішінде бір нәрсе жылт-жылт етеді. Кәне, ашып көрейікші! Ой, Патшайым, қорап ішінде «Білім кілті» тұр. «Білім кілті» жалмауыз кемпірдің қолынан қалай келген?

Патшайым: Міне, балалар, мен сендерге айтып едім ғой, «Білім кілті» білімдінің қолына өзі-ақ келеді деп. «Білім кілті» сендерді адаспай тапқан екен.(Жалмауыз кемпір есік соғады).

Жүргізуші: Біреу есік қағып тұрған сияқты, есікті ашайын! М-м-м, жалмауыз кемпір, сізді мұнда кім шақырып еді? Балаларға тағы да қиянат жасамақшысыз ба?

Жалмауыз кемпір: Жоқ, менің балалар мен патшайымға айтар сөзім бар.Балалар, сендер үш тілге де жүйрік екенсіңдер ғой. Сондықтан «Білім кілті» менің қолымда ұзақ тұра алмады. Мен кілтті бекер ұрлап алған екенмін. Ай, ақымақ басым-ай! Сендерден және патшайымнан мың рет кешірім сұраймын. Балалардың үш тілге жетік екеніне көзім жетті. Енді мұндай жамандық жасамаймын. Мені кешіресіз бе, патшайым?

Патшайым: Алдымен, мұны балалардан сұрайық. Балалар, жалмауыз кемпірді кешіресіңдер ме?

Балалар: Иә, кешіреміз!

Патшайым: Балалар кешірсе, мен де кешіремін сені. Тек енді адамдарға ешқашан жамандық жасамаймын деп уәде бер!

Жалмауыз кемпір: Иә, патшайым, иә, балалар, мен енді ешкімге қиянат жасамаймын. Мен елімізде бейбітшілік пен білімді ұрпақ көп болсын деп тілеймін! Сау болыңдар, балалар!

Патшайым: Міне, балалар,енді «Білім кілті» сендердікі! Осы кілттің атына сай білімді де тілге жүйрік болыңдар! Әлі де алатын асуларыңыз алда. Сол асулардан сүрінбей өтіңдер дегім келеді.

Жүргізуші: Рахмет, патшайым, айтқаныңыз келсін! Ендеше,

Ақыл көпке жеткізер,Өнер көкке жеткізер,- дегендей, «Балдырган» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған өнерлерін тамашалайық!

Ән «Әрқашан күн сөнбесін» үш тілде

Осымен «Үш тілдің патшалығы» атты кешіміз аяқталды. Барлық қатысушы бүлдіршіндерге үлкен рахметімізді айтамыз. Благодарим всех детей за участие! Thank you for you my dear boys and girls! Good bye!



Балалар «Алғыс хатпен» мадақталады.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет