Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім Мақсаты


Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін. Қайрат



бет5/16
Дата14.12.2021
өлшемі49,19 Kb.
#127046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
sabaq-kz attachment tuelszdk-tregm-azastan-zhregm

Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын. Қазақ КСР Жоғарғы сотының сот мәжілісі залындағы ашық сот отырысында 1987 жылдың 25 мамырынан 16 маусымына дейін Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековтің айыптау ісін қарай келіп, Қазақ КСР Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 287,299 және 301 баптарына сәйкес сот алқасы Үкім етеді»: Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков кінәлі деп танылып мынадай қылмыстық жазаға тартылсын:

Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60 бабы бойынша 3 жылға бас бостандығынан, 65 бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыруға, Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 173-1 бабы бойынша ең жоғары өлім жазасына, атуға кесілсін.

Қайрат: Хақ. о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзімбар.

(Қайғырған музыка журіп түрады)



Ақтық сөзі:

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.



Оқушы:

Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,

Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, жас қайраты жас өркені халқымның!
«Желтоқсан желі» әні



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет