Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім Мақсаты



бет9/16
Дата14.12.2021
өлшемі49,19 Kb.
#127046
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
sabaq-kz attachment tuelszdk-tregm-azastan-zhregm

2-жүргізуші: Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

Ертең (ертеңгі күнге болжау жасау )



1.Жүргізуші:Тәуелсіз елім менің, Қазақстан,

Өткен жолың жалғанда ұлы дастан.

Болашағыңа қарасам көз жіберіп,

Аумайсың атылмақшы жас барыстан.

Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)
Оқушылардың шыңармалары мен өлеңдерін оқытқызып, суреттерін көрсету
1-жүргізуші:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе-тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.



«Мен қазақ, Қазақстан туған жерім» өлеңі орындайтын 8-сынып оқушылары
1-жүргізуші:-Тәуелсіз еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.

2-жүргізуші: Қазір Қазақстан білім мазмұнын жаһандандыру мен ақпараттық өркениеттің талаптарына лайықтап әлемдік деңгейге көтеру үшін жұмыстануда. Мемлекет пен ата-аналарың сендердің сапалы білім алуларың үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғамымыздағы бар жаманат атаулыдан жиреніп, олармен келіспейтін болыңыздар.Жалаған әдеттен безіңіздер. Ел болашағы мына сіздердің қолдарыңызда
1-жүргізуші: келесі кезекті концерттік бағдарламаға береміз.
2-жүргізуші: 1-3-сынып оқушылардың орындауында би
1-жүргізуші: 9-сынып оқушысы Молдашева Арайдың орындауында « » әні
2-жүргізуші 5-сынып оқушыларының орындауында көрініс
1-жүргізуші: 6-7-сынып қыздарының орындауында би
2-жүргізуші:1-3-сынып оқушыларының орындауында көрініс
1-жүргізуші: 6-7-сынып оқушыларының орындауында тамашадан үзінді
2-жүргізуші: 8-сынып оқушысы Кабжанов Бағытжанның орындауында «көк тудың желбірегені» әні

2-жүргізуші: Қазақстан-Тәуелсіз ел! Тәуелсіздік туымен бірге Қазақстанның тамыры терең тартып жапырағы жайқала бастады.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы асқақ әнге айналды,өзге дербес елдермен тереземіз теңесіп,керегеміз кеңейді. «Тіл ұлт байлығы»дегендей,өзіміздің ең қымбат қазынамыз-ана тіліміздің де қанаты қатаып келеді.Ежелден аңсаған ата-заңымыз қабылданып, күшіне енгеніне, бүгінде 23 жыл толып отыр. Қолымызда тәуелсіздігіміздің көк туы, елтаңбамыз,төл теңгеміз, дініміз,халықтың басын біріктірген киелі шаңырағымыз да бар.Мұның барлығы ата-бабаларымыздың ат үстінде алты малтаны ас етіп,мың өліп ,мың тірілген,қылышын қанша ғасыр қанға малып жеткен мұраты - Тәуелсіздік!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет