Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім Мақсаты


Түрі: жобалық зерттеу Әдісі



бет2/16
Дата14.12.2021
өлшемі49,19 Kb.
#127046
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
sabaq-kz attachment tuelszdk-tregm-azastan-zhregm

Түрі: жобалық зерттеу

Әдісі: интерактивті әдіс

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, газет-журналдар, т.б

Мазмұны мен өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу



Жоспар:

. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

І Кеше (өткен тарихқа шолу)

ІІ. Бүгін

1. Біз кімбіз ?

2. “Елдің жастарға жасауы”

ІІІ Ертең

Болашақ біздің көзімізбен (ой толғау, сурет, өлең, шығарма т.б.)

ІҮ.Даналар деген екен… Тәуелсіз ел туралы афоризмдер, даналық сөздер, мақал-мәтелдер

ІV. Түйін.

І.Кіріспе сөз

1-жүргізуші: Білім кемесін мініп білім іздеп, алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Сондықтан осынау киелі қара шаңырақ – мектеп ордасына қош келдіңіздер.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, ата-аналар, оқушылар

1-жүргізуші: Осыдан 23 жыл бұрын, яғни 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің ғасырлар бойы армандаған мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ ұлтының тарихы үшін үлкен орын алатын мереке.
2-жүргізуші:Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сол тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік?

1-ж.Тәуелсіз елде қазір қалай өмір сүріп жатырмыз

2-ж. Ертеңгі күнді қалай елестетміз?

1-ж. Осының бәрін бүгін естіп, көріп, білеміз деген ойдамыз

2-ж. Біз бүгінгііс-шарамызда Қазақстан мемлекетінің кешегісі мен бүгіні және ертеңіне тоқталамыз.

1-ж Қазақстан кеше,бүгін,ертең …

(өткен тарихқа шолу,)

ІІ жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

І жүргізуші: Құс ұясыз болмайды адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным-сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстан. Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр, қайғыға толы кезеңдерімен есте қалады. 1916 жылғы көтеріліс 1928-1932 жылдардағы аштық, Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оны ешқашан ұмытпаймыз, айтпаймыз. Себебі бұл – тарих.

ІІ жүргізуші: Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады7 Солоқиғаларға қысқаша тоқталаып кетейік
1-оқушы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы сөз сөйлейді. (Гүлзат)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет