Тақырып білім алушылардың коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту әдістемесі



бет5/21
Дата03.04.2023
өлшемі283,61 Kb.
#173613
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Сафарбаев А. Диссер соңғы нұсқа

Зерттеу жұмысының міндеттері.
- сөйлеу актілерінің теорияларын және тілдің әлеуметтік функцияларын көрсету;
- шет тілінде сөйлеу мәдениеті ұғымын және оның жіктеу теориясын зерттеу;
- қазіргі ағылшын тіл білімінде сыпайылық пен дөрекіліктің көрінісін талдау;
- эксперименттік талдау жасау.


Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары:

  • ағылшын сөйлеу этикетіне әртүрлі тәсілдер ұсынылды;

  • сыпайылықты зерттеу коммуникативті стратегия жүйесі ретінде жасалды;

  • теріс сыпайылықты (дөрекілік) талдау әдістері және оны білдірудің тілдік құралдары талданды.



Зерттеу жұмысының пәні. Ағылшын тіліндегі сөйлеу мәдениетін оқыту арқылы оқушылардағы коммуникативті құзыреттілікті дамыту әдістері.
Зерттеу жұмысының нысаны. Ағылшын тілінің лексикологиясы.
Зерттеу жұмысының әдіс тәсілдері: Зерттеу барысында тақырып жөніндегі ақпараттық материалдармен танысып, зерделеу, педагогикалық жұмыстар атқару, мектепте тақырыпқа сәйкес оқушылармен жұмыс жасау, сабақтар ұйымдастыру және өтілетін сабақтар барысында оқытудың белсенді әдістерін қолдану, жұмыс нәтижесін және оқушылардың жетістіктерін саралау.
Зерттеу жұмысының теориялық құндылығы. Сөйлеу мәдениеті лингвистикалық категория ретінде ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында Пенелопа Браун мен Стивен Левинсон сияқты ғалымдардың назарын аударды. Біздің зерттеу әдістеріміз – синтез және талдау. Біз сыпайылық пен дөрекілікті әр түрлі тұжырымдамалардан және кейбір лингвистердің көзқарасы бойынша синтездейміз. Сондай-ақ, бұл жұмыста біз сыпайылықты сөйлеу этикеті ретінде талдаймыз.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы. Ағылшын тіл білімінде сөйлеу мәдениетін асыра бағалау және бағаламау құбылысына, ағылшын тілінде сыпайылықты білдірудің лексикалық құралдарына, ағылшын тілінде сөйлеу мәдениетінің грамматикалық көрінісіне терең практикалық талдау жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалар бөлімінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет