Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Кек алу, көре алмаушылық, жек көрушілік, төзбеушілікке қатысты адам өлтіру



бет6/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Кек алу, көре алмаушылық, жек көрушілік, төзбеушілікке қатысты адам өлтіру
Кек алу – бұл орын алған ренжіту, қинау, қорлау немесе өзгедей зиян келтіргені үшін есе қайтару актісі болып табылады.
Көре алмаушылық – бұл өзге адамның бақуаттылығына, жетістіктеріне байланысты көре алмаудан туындаған қызғаныш сезімі.
Жек көру – өшпенділік, қастық ойлау сезімі.
Төзбеушілік – қатты ушыққан жек көру, күшті жауығу, өшпенділік сезімі.
Кінәлі адаммен оның жеке мүдделеріне айтарлықтай залал келтіру ретінде қабылданған және реніш сезімін туғызған (жан дүниесіндегі қолайсыздық, психикалық тұрақсыздықты сезіну) жәбірленушінің құқыққа сай, моральға жат және құқыққа қайшы жүріс-тұрысы кек алуға себеп болуы мүмкін.
Кек қайтару – бұл сезім емес, ренжу, қатты ашулану, жек көру, қызғаныш, төзбеушілік сезімдерінен туындайтын жүріс-тұрыс актісі. Кек алу жеке адамдардың арасындағы қақтығыстардан пайда болады, оның барысында кінәлі адам оны «бейбіт» жолмен (келісімге келу, үшінші жаққа жүгіну және т.б.) шешуден бас тартады.
Кек алу үшін адам өлтіру дегеніміз –кінәлі тұлғамен субъективті түрде оның жеке мүдделеріне нұқсан келтіру ретінде қабылданған және объективті түрде теріс (жағымсыз) сезімдерді: реніш, ашу-ыза, өшпенділік, жек көру (қорлау, ұрып-соғу, отбасындағы лайықсыз жүріс-тұрыс, қылмыс жасау және т.б.) туғызған жүріс-тұрыс жасаған басқа адамды қасақана қазаға ұшырату.
Кек алуға итермелеген жүріс-тұрыс орын алған және кек алу үшін адам өлтірудің аралығында өткен уақыт саралауға ықпал етпейді.
Қылмыстық құқық теориясында және сот тәжірибесінде жәбірленушінің өтініші немесе келісімі бойынша жасалған адам өлтіру де адам өлтірудің қарапайым түріне жатқызылады. Жәбірленушінің келісімі бойынша адам өлтіру оның мотивіне тәуелді түрде екі түрге бөлінеді: қолдау білдіріп өлтіру және жаны ашығандықтан өлтіру.
Қолдау білдіріп өлтіру – бұл оның ойынша өмірден кетуге негіз болатын себептерге байланысты өзін өлтіргісі келетін және оны өз қолымен жүзеге асыруға физикалық тұрғыдан қабілетті, бірақ психологиялық (моральдық) тұрғыдан дайын емес жәбірленушіге қаза келтіру болып табылады.
Бұл жағдайда кінәлі адам қылмысты тікелей орындаушының рөлін атқара отырып адам өлтірудің объективтік жағын толықтай жүзеге асырады (улы инъекция жасайды, биіктіктен лақтырады, пышақ тығады және т.б.) немесе «өзін-өзі өлтіруді бірігіп орындаушы» рөлін атқара отырып, адам өлтірудің объективтік жағының белгілі бір бөлігін орындайды (өзін-өзі өлтірудің барысында көмектесу: дарға асылған кезде арқанның бір ұшын ұстау, асылмақшы болған адамның аяғының астынан орындықты алып тастау, өзі үстіне бензин құйған жәбірленушіге от қою және т.б.).
Жаны ашығандықтан өлтіру – бұл қасірет тартып, қиналып және адам төзгісіз ауруды бастан кешіп жатқан науқас өзін-өзі өлтіруге психологиялық тұрғыдан дайын, бірақ физикалық тұрғыдан қабілетсіз (сал болып қалған, өте әлсіз, қозғала алмайтын) адамды өлтіру.
Адам өлтірудің осындай түрінің объективтік жағытолықтай қылмыстың тікелей орындаушысының рөлін атқаратын кінәлі тұлғаның өзімен орындалады.
Құқықтық әдебиеттерде «келісім бойынша» адам өлтіруді де қарапайым түріндегі адам өлтіру қатарына жатқызады. Егер екі тұлға өздерін өлтіру туралы өзара келісім жасап, содан кейін олардың біреуі екіншісіне өзін-өзі өлтіруге жәрдем берсе, ал өзі өмірден кетуден бас тартқан ретте осындай жағдай орын алауы мүмкін.
Айықпас ауруға шалдықан адамды оның өзінің келісімінсіз, тіпті оған жаны ашығандықтан өлтіруді кейбір ғалымдар адам өлтірудің ауырлатылған түріне жатқызады.
Осындай ұстанымның даулы тұстары бар сияқты. Егер кінәлі адам ес-түссіз ауру адамның қиналып жатқанын көріп, аяушылық сезімінен, жаны ашығандықтан оны құтқаруды тілеп өлтірсе және оның дәрменсіз күйін жәбірленушінің еркінен тыс өлтіру мақсатында пайдаланбаған жағдайда қарапайым түріндегі адам өлтіру ретінде саралануы тиіс.
Сот тәжірибесінде және қылмыстық құқық теориясында «мотивсіз» адам өлтіруді, яғни адам өлтірудің мотиві анықталмаған және осы олқылықтың орынын толтыру мүмкін болмаған жағдайдағы адам өлтіруді де адам өлтірудің қарапайым түріне жатқызады.
Алайда бұл арада екі жағдайды айырып көрсету қажет.
Бірінші: мотив анықталмаған (кінәлі адам есіне түсіре алмайды немесе ол туралы айтпайды). Бұл жағдайда кінәлінің әрекеттерін қарапайым түріндегі адам өлтіру ретінде ҚР ҚК 99 б. бірінші бөлігімен саралайтын негіз бар.
Екінші ситуация. Адам өлтірудің мотиві анықталмаған және жасалған қылмыстың тікелей дәлелдері жоқ және жәбірленушіге қаза келтіру қажетті қорғаныс, оның шегінен шығу немесе аффект жағдайында орын алғандығы жоққа шығарылмайды. Бұл жағдайда тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы тиіс деген ой туындайды.
Құқықтық әдебиеттерде ритуалдық мақсатта жасалған адам өлтірулерді (құрбандыққа шалу), адам етін жеу мақсатында (каннибализм) және кейіннен мәйітпен жыныстық қатынас жасау мақсатында адам өлтіруді (некрофилия) қарапайым түріндегі адам өлтіруге жатқызу туралы пікірлер айтылады.
Осындай саралаумен келісу қиын. Адам өлтірудің сараланған белгілерін талдау өзгеше қорытынды жасауға итермелейді.
Ритуалдық мақсаттарда жасалған адам өлтірулерді саралау, біздің ойымызша, кінәлі адамның, оның жақындарының мүдделеріне төнген қауіпке тосқауыл қою үшін адамды құрбандыққа шалудың қажеттілігі мен болмай қоймайтындығына деген көз жетімділігі мен сенімділігінің қаншалықты тереңдігінен тәуелді болуы тиіс.
Егер кінәлі адам терең діндар болса және құрбан шалудың қауіптің алдын алудың шарты ретіндегі қажеттілігі мен болмай қоймайтындығына шындығында сенімді болса, онда адам өлтірудің осындай түрін ҚР ҚК 99 б. екінші бөлігінің 12 тармағымен, яғни жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру деп саралаған дұрыс.
Осы ауырлататын белгіні дәлме-дәл түсіндіру ол белгінің ағзалар мен тіндердіалу тек трансплантациялау мақсатымен шектелмейтіндігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Шындығында да, ритуальдық мақсатта жасалған адам өлтірудің барысында нақ осы адамның тәні (жүйе ретіндегі, ағзалар мен тіндердің тәртіпке келтірілген жиынтығы) құрбандықтың (құдайға сый тарту) заты ретінде пайдаланылады.
Егер кінәлі адам құрбандық шалу ырымына (ритуал)сенбейтін болса, және адам өлтіруді мысалы, өзін терең діндар адам ретінде көрсету, осы ырымға сенетіндер арасында беделін көтеру, құрбандық шалу ырымына сенетін адамдар арасында құрметке ие тұлғаға жағынужәне т.б. мақсаттарда жасаған болса онда ол бұзақылық ниетпен жасалған адам өлтіру ретінде, яғни ҚР ҚК 99 б. екінші бөлігінің 9 тармағымен саралануы тиіс (болмашы нәрсені адам өлтіруге сылтау ету).
Сыйқыршылар мен дуалаушылар жасаған адам өлтіруді ритуалдық адам өлтірудің бір түрі ретінде қарастыруға болады.
Адамның тәні, оның жыныстық органдары кінәлі адаммен өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, яғни некрофилия мақсатында адам өлтіруді ҚК 99 б. екінші бөлігі 12 тармағымен саралау қажет.
Адамды жеуді саралау да кінәлі адамның ниетінің бағытына тәуелді болады. Егер тұлға жұмыссыз және тіршілік ету көзінсіз өте қиын материалдық жағдайға тап болып, жәбірленушіні кейіннен тағам ретінде пайдалану үшін өлтірсе және осының барысында ет өнімдерін алуға кететін шығындарын үнемдеуге тырысатын болса, онда адам өлтіруді пайдакүнемдік мақсатта жасалған ретінде бағалап, ҚК 99 б. екінші бөлігінің 8 тармағымен саралаған дұрыс.
Тұлға материалдық қиындықтарды бастан кешірмей, ет өнімдерін ешқандай шектеусіз алатын мүмкіндігі бола тұра белгілі бір ритуал ретінде каннибализ фактісіне жол беретін болса, яғни оған адам етін жеу ұнайды, жеп көргісі келеді, өзін сынағысы келеді және т.б. Бұл жағдайларда адам өлтіру ҚР ҚК 99 б. екінші бөлімінің 12 тармағымен, яғни жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру ретінде саралануы тиіс. Адамның ағзалары мен тіндерін тамаққа пайдалану аталған белгімен толықтай қамтылады.
Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтірудің өзге түрлерінің қатарына борышкерді кредитордың өлтіруін де (кек алу үшін өлтірудің бір түрі ретінде), заңсыз жолмен алынған мүлікті (карта борышы, бірігіп жымқырған мүлік, қару, наркотикалық заттарды сатудан, жезөкшелікпен айналысудан табыс) бөліскісі келмей адам өлтіруді, сондай-ақ спорттық жарыстар барысында (бокс, каратэ және т.б. жекпе-жек түрлері) бектілген ережелерді мақтау сүйгіштік (өзінің күшін көрсету, ең күшті және қатал (қауіпті) спортшы атағына ие болу, өзі туралы қатігез, қанқұмар жеңімпаз даңқын қалдыру) мотиві бойынша бұзу арқылы адам өлтіруді, ғылыми эксперимент жүргізу кезіндегі, қажетті (жалған) қорғаныс және қол сұғушылық жасаған адамды ұстау жағдайларымен сырттай алғанда (формалды түрде) ұқсас мән-жайларда орын алған жанама қасақаналықпен адам өлтірулерді де жатқызуға болады.
Екі кінәлі адамның өзара келісуі бойынша, рөлдер бөлісуі арқылы бірмезгілде бірігіп қатысушылардың әрқайсысы тек бір жәбірленушініөлтіруін сот тәжірибесі қарапайым түріндегі адам өлтіруге жатқызады.
Сот тәжірибесінде адамды құмар ойындарға бәс ретінде тігіп ұтылып қалу оқиғалары да кездесіп жатады. Бұл жағдайда қолы жүрмеген ойыншы ойын кезінде өзінің барлық мүліктік мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, ойынды одан әрі жалғастыру үшін белгілі бір шарттарды ұсынады немесе қабылдайды мысалы, ол ұтылып қалса, кез келген бірінші кездескен адамды өлтіреді деген. Біздің ойымызша, осындай жағдайда адам өлтіруді бұзақылық ниетпен адам өлтіру деп саралаған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет