Тақырып: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу жағдайында баға беру



бет8/11
Дата20.10.2022
өлшемі244,58 Kb.
#153999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Та ырып Ж рек ан тамыр ж йесіні ызметі б зыл ан кездегі медб
қан түзуші және қан жйесін объективті және субъекиивті тексеру
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасты дене салмағының қозғалыс күйі ерекшеліктерімен және манппуляцияның барысымен таныстырыңыз.

  2. Дене салмағын өлшеуді белгіленген бір уақытта (таңертең аш қарынға) жүргізіңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  4. Таразының тілдері ноль қалпына келтірініз..

  5. Таразының алаңына клеенканы төсеңіз.

  6. Науқасқа таразы алаңның ортасына клеенкаға абайлап тұруды ұсыныңыз (аяқ киімсіз) ішкі киімімен.

  7. Шкала бойынша таразының көрсеткішін белгілеңіз.

  8. Алынған нәтижені қызу парағына (Ф-004/у) жазыңыз.

  9. Науқасқа өлшеу нәтижесін хабарлаңыз.

  10. Науқасқа таразыдан абайлап түсуге көмектесіңіз.

  11. Клеенканы жинап алыңыз,оны зарарсыздандыру ерітіндісімен суланған шүберекпен 2 рет аралығында 15 минут өткізіп тазартыңыз.

  12. Қолғаптарды шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Ескерту: дене салмағын өлшеу қуықты және ішекті босатқаннан кейін жүргізіледі.
Журек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылғанда жедел
медициналық жәрдем көрсету.


Ентігу.
Мақсаттары: Қысқа мерзімді – науқастың тыныс алу жақсаруын аптаның соңында белгілейді. Ұзақ мерзімді - шығарар кезде тынышсыздығы жойылады.
Әзірле: Тонометр, секундомер, оттегі жастығы немесе қалталы ингалятор, дәкелер, дәрілік препараттар, шприщтар, мақта шариктері, дез ерітінділер.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қолды әзірлеңіз, дәрігерді шақыртыңыз;

  2. Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босатыңыз;

  3. Науқастың басын жоғары қалыпта қойыңыз;

  4. Бөлмені күніне 3 рет желдетуді қамтамасыз етіңіз;

  5. Әр 2 сағат сайын науқастың тыныс алу жағдайын (жиілігі, ырғағы, тереңділігі) , жөтелдің болуын, тері жамылғыларының түсін бағалаңыз, АҚҚ өлшеңіз;

  6. Дәрігердің белгілеуіне сәйкес ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын жүргізуді қамтамасыз етіңіз;



  1. Дәрілік препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдауды бақылаңыз;

  1. Науқасқа тыныс алуды жеңілдету тәсілдерін үйретеңіз ( төсектегі қалпын, оттегі жастығын қолдануды);

  2. Науқасқа тірек, жеңілдік беретін тәртібін, оның физикалық белсенділігі туралы туған-туысқандарымен кеңес жүргізіңіз.

  3. Қолданылған заттарды дезинфекциялаңыз;

  4. Қолды әзірлеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет