Тақырып: Көркем шығармаларды талдау түрлері Жоспар: Прозалық және сюжетті шығармаларды талдау



бет3/8
Дата12.09.2020
өлшемі27,79 Kb.
#78181
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОП Әдебиет 04.09.2020

Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.

Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.

Шиеленісуі – оқиғаның, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері.

Шарықтау шегі: шығармадағы тартыстың өрістеп шыққан биігі.

Шығарманың шешімі – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығынан шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс – көріністердің соңғы сахнасы.

Эпилог көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да, авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлерінің жайынан қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекетінің жалғасын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет