Тақырып: Көркем шығармаларды талдау түрлері Жоспар: Прозалық және сюжетті шығармаларды талдау



бет4/8
Дата12.09.2020
өлшемі27,79 Kb.
#78181
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ОП Әдебиет 04.09.2020

11. Шығармадағы кейіпкерлер бейнесі

Көркем бейне – көркем шығармада жинақталған түрде суреттелетін өмір құбылысының нақтылы көрініс қалпы, кейіпкердің көркем ой елегінен өткізіп, қортындылап жасалған тұлға бейнесі.

Жинақтау жалпылық қаситтерді топшылап, түйіндеу (типтендіру).

Даралау жекелік қасиет-белгілерді нақтылы түрде көрсету.

Мінездеу кейіпкердің мінез бітімі, көркем образдың өзегі, негізгі арқауы.Кейіпкердің рухани әлемі, жан сыры, идеалы, күрес мақсаты мінездеу арқылы, іс-әрекетін нанымды бейнелеу арқылы ашылады.

Тура мінездеу, жанама мінездеу, басқа кейіпкердің көзқарасы, қатынасы, көңіл күйін суреттеу, монолог, диалогтарда т.б. мінез-сырлары ашылады.



Тура мінездеу. Автордың мінездемесі. Адамды бір сөзбен де мінездеуге болады. Мысалы, сараң болса – Қарабай, аңқау болса – Мырқымбай, жалқау, өтірікші болса – Судырахмет дейміз.

«Сүйеу – ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал. Өз үйінде де жыландай ысқырып отыратын болғасын, қатын-балалары оның қай жағынан шығып қаларын білмей, қыпылдасып болатын. Бір ғажабы, осы қытымыр шал дегенде Еламанның жаны жоқ. Еламанға Сүйеу қарттың да ықыласы басқа. Күйеу баласын «балықшы» деп атап, оған айтқан бар сөзін әзілге шаптырып, осқырынып күліп отырады. Жақсы көріп, әлде жек көріп кекетіп отырғанын айыру қиын».



(Ә.Нүрпейісов)

Жанама мінездеу. Оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл күйін, күйініш сүйініш немесе кескін кейпін, қимыл әрекетін суреттеу осылардың бәрі әдебиеттегі адамның сыртқы түрін анықтап, ішкі әлемін ашу аса қажетті тәсілдер. Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» повесінде қам көңіл баланың бейнесін, мінезін, арманын берудегі шеберлік әсіресе баланың ішкі ойы автордың атынан баяндалып қоймай,өзімен-өзі басқа нәрсеге тіл қата сөйлеуі қызықты әсер қалдырады. Бала портфеліне, шөккен түйеге, қасқырға,ерттеулі атқа, танкіге ұқсас өзі ойнайтын дөңбек тастарға,дүрбісіне, итіне, ақ кемеге тіл қата сөйлеуі кейіпкер мінезін жасаудың ерекше үлгісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет