Талантты және дарынды балаларды оқыту



Дата29.04.2020
өлшемі8.24 Kb.

Дарынды және талантты балаларды оқыту

Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшем

  • Жады және білім - тамаша жады және ақпаратты қолдану
  • Ақпаратты пайдалану - негізгі идеяларды анықтау мүмкіндігі, әртүрлі көздерден ақпаратты тиісті түрде өңдеу және таңдау
  • Ойлау жылдамдығы - олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді
  • Проблемаларды шешу - олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді
  • Қиындыққа қызығушылық - қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады;  

Талантты және дарынды оқушылардың оқытуын үшін кеңейтілген тапсырмаларды қолдану

Кеңейтілген тапсырмалардың басты ерекшеліктері оқушыларға:

  • 1. Білім немесе дағдылардың жалпы өзегін қолдануға;
  • 2. Тақырыптардың түпнұсқалы зерттеулерін қолдауға;
  • 3. «Нағыз» құзыреттіліқті қалыптастыруға;
  • 4. Бастапқы және соңғы нүктелер қатарымен өзара әрекеттесуге;
  • 5. Шешімдері алдын ала анықталмаған тапсырмаларды зерттеуге;
  • 6. Қабілеттілігіне қалыптасқан сыныптың ең жоғары ойлау деңгейіне негізделген оқу үрдісіне қатысуға; қарамастан кеңейтілген тапсырмаларға тең қол жеткізуге;
  • 7.Қолдау ахуалы тұрақты
  • 8. Сыни ойлау дағдыларын дамытуға;
  • 9. Мәселелерді шешу үшін шығармашылық тәсілдерді қолдануға;
  • 10. Таңдау элементтерінің көмегі арқылы өзіндік реттеуді қолдануға;
  • 11. Аса құштар және ынталы болуға;
  • 12. Олар неге жетуге қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндік береді

1.Осы тапсырманы орындағанда сіздің пікіріңізше мұғалімдер нені үйренуі тиіс?

  • Нұсқаулық және курс материалдарымен таныса отырып дарынды балаларды айқындау сауалнамасын жүргізу (ата-ана, сынып жетекшісі, психолог)1;
  • Топтық жұмысты ұйымдастыру;
  • Бақылау арқылы оқушылардың өзіндік ерекше қабілеттерін айқындау;
  • Оқушы қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар дайындау;
  • Дарынды және талантты балалармен жұмыстың жаңа тәсілдерін үйрену.
  • Бақылау қорытындыларын талдау (күнделік, рефлективтік есеп);
  • 1Нұсқаулықтың 39 беті, tr_12_intro_23_trainers_programme_kz.ppt

2.Осы тапсырманы орындау кезінде мұғалімдер қандай қиындықтармен кездеседі?

  • Дарынды балаларды анықтаудағы психодиагностикалық және физиологиялық сауалнамалардың мазмұнын дұрыс іріктеу;
  • Дарынды балалардың бірлескен жұмысындағы өзара коммуникативтік дағдылардың жетіспеуі;
  • Топтағы бірлескен жұмыстарға тікелей бақылауды жүргізудегі қиындықтар.

3.Сіз осы тапсырманы орындау кезінде мұғалімдерде туындаған қиындықтарды жеңу үшін біз қандай көмек және қолдау көрсете аламыз?

  • Маршрут карталарын пайдалануға кеңес беру.
  • Бақылауды жүргізудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдауға бағыт беру (ресурстағы кесте түрлерін толтыруға, оқушылардың қарым-қатынасын бақылауға, бейнетаспаға түсіру арқылы стенографиялар дайындауға);
  • Тапсырмалардың түрлі деңгейін құрастыруға нұсқау беру (“Мозаикалық жұмбақ” жаттығуын қолдануға, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамытуға кеңес беру);

4.Мұғалімдер өз портфолиосына нені енгізу керек?

  • Сабақ жоспарын;
  • Сабақтағы қолданылған ресурстарды;
  • Оқушылардың бірлескен жұмысын қадағалау және осы ақпаратты сабақтарды жоспарлау үшін пайдалану туралы топтық презентацияға қатысу туралы есеп
  • Бақылау жазбаларын;
  • Оқушылардың бірлескен жұмысының рефлективтік есебі.

5. Мұғалім портфолиосын бағалау критериилері

  • Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыруы;
  • Жеке жан-жақты бақылау жүргізе алуы;
  • Ұйымдастырылған жұмыстан нақты қорытындылар шығара білуі

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет