Тандамалы


Бұрынғы думан боп жататын көңілді селоның сэні осылай кеткен, шырқы бұзылған



бет6/44
Дата03.03.2022
өлшемі0,59 Mb.
#134197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
жау тылындағы
Gurenge - E Minor - MN0233612
Бұрынғы думан боп жататын көңілді селоның сэні осылай кеткен, шырқы бұзылған.
Шие ағашына сүйеніп тұрған Серік елең ете түсті де, Қлоповтың қолынан ұстай алып, өзіне қарай тартып қалды. Қлопов «не болды» дегендей, Серіктің аузына құлағын төсей қойды.

  • Үйдің бұрышында біреу тұр. Әне, көрдіңіз бе? Әне, эне, бері қарай келе жатыр,- деді Серік оң қолымен үй жақты нұсқап. Қлопов басын изеді де, «көрінбелік» дегендей, Серікті өзіне қарай тарта түсіп, жүресінен отыра қалды. Қараңғыда қараңдап келе жатқан адамды еңкейіп қараған соң анықтап таныды. Ол Ольга Карповна екен. Клопов орнынан тұра келді де, қарсы жүрді. Серік те Ольга Карповнаны танып қуанып кетті. Бірақ Ольга Карповна қатты күрсінді де:

  • Сендерге Игнат Исакович хабарлай алмаған екен ғой. Онда бұл село қан саситын болды-ау!- деп бетін басты.

  • Не болды?- деп сұрады Клопов Ольга Карповнаның сөзіне түсіне алмай.

  • Не болғаны бар болсын, басқа жігіттер қайда? Олар ешқайда бармасын, қолға түседі. Осындағы күдікті үйлердің барлығы қоршауда. Олар қайда?- деп сұрады тәжірибелі ана бір сұмдықтың боларын білгендей.

  • Олар кеткелі көп болды.

  • Қай-қай үйлерге кетті?

  • Карпенконың, Жилка, Смолярлардың үйлеріне кетті.

  • Ендеше олар құрыды. Енді өздерің сақ болыңдар. Жаман айтпай жақсы жоқ, осы үйге де жасырын қарауылшы жіберулері мүмкін. Тез кетіңдер!- деді Ольга Карповна екеуін асықтырып.

  • Ал Виктор қайда екенін білдіңіздер ме?

  • Жоқ. Ол қазір табылмайды. Оны бұл селодан таба алмадық. Мына жақтағы селолардың біріне өткізіп жіберген болу керек. Мына сойқан үстінде біреу біреуге сенуден қалды. Оны іздестіріп жатырмыз. Тапсақ отрядқа жөнелтеміз. Оған қам жемеңдер. Ол жендеттердің қолына енді түспейді. Барыңдар!- деді де, Ольга Карповна көзден ғайып болды.

Клопов Серікті ертіп, кездесеміз деп келіскен жерге келгенде, селоның эр тұсынан мылтық атылып, бара-бара карама-қарсы жиі атыс басталды да, екі-үш жерден өрт шыкты.




Олар астыртын ұйым мүшелері Клава Жилка, Мария жэне Анна Карпенколардың үйлері еді. Қапылыста тосқауыл қоршауына тап болған эр партизан ондаған жандармдар мен полицайларды жойып, ерлікпен каза тапты. Сол күні Македон селосынан астыртын ұйым мүшелері Мария Карпенконы, екі жасар Катя деген кызымен Анна Киянованы, бес жасар Ала деген кызымен Ольга Закутняны, бір жасар Вова деген ұлымен Клава Жилканы, оның жетпістегі қарт шешесі Серафима Жилканы және Мария Смолярды, тағы басқа ондаған патриоттарды жандармдар түрмеге қамады. Мария Смолярдың жеті жасар кызы көшеде қалды. Соның соңынан Пи, Дудари, тағы басқа селолардан партизандармен байланысы бар көптеген адамдар бүкіл отбастарымен тұтқынға алынды. Осы бір «партизандармен байланысты адамдар» дегенді сылтау етіп, фашист қанқүмарлары совет адамдарына қасқырша шауып, қырғиша тиді. Ржищев қаласының жанынан тұтқындардың өздеріне үлкен ұра қаздырып, сол үраға ересектерін атып. кішкентай сәбилерді тірідей көмді. Бірнеше күнге дейін ұра үстіндегі топырақ дем алып жатқан адамның кеудесіндей қимылдап жатты. Шынында да ондағы жатқан жазықсыз жандар ақырғы демін алып, фашизмге қарғыс айтып жатыр еді... Серік пен Борис осы сойқандықты көрді. Адам баласының тарихында болмаған осыншама айуандыққа олар қайран қалды. Олар енді бұрынғыдан да кекті. Отандастары үшін кек алуға ант үстіне ант етті.
Отряд айқасқа аттанып кеткен. Лагерь жым-жырт. Лагерьде жаралы партизандар мен кішкентай барлаушылар тобы ғана қалған. Лагерь комендантының орнына қалған Анна Ивановна Савченко түнімен көз шырымын алған жоқ. Ол лагерь күзетінде тұрған сақшыларды аралап дамыл таппады. Ең ақырғы күзет орнынан штабқа қайтып келді. Оның жүрегі қобалжып мазасыздана берді. Әрине, бүл өте бір қауіпті күндер еді. Өйткені партизан отрядтары басқыншыларға жиі шабуылдап түрған кез болатын да, басқыншылар да халық кегін алушыларға қарсы өздерінің жазалаушы отрядтары мен полицайлар тобын үсті-үстіне жіберіп тұрған уақыт еді. Оның үстіне қолға соңғы кезде түскен жау тыңшысының жауабы бойынша, жазалаушы жендеттерінің осы орманға шабуыл жасауға әзірленіп жатқаны анықталған. Сол үшін де отряд командирі лагерьден аттанғанда Анна Ивановна мен жасөспірімдер тобына үлкен жауапкершілік артып, осы жағдайды ескертіп кеткен болатын.




Таң ата жауын жауды. Бірте-бірте бұлт коюланып, орман үстінен аркан бойы жоғары көтерілді де, арты ақжауынға айналды.
Серік кезекті күзетінен келді. Оны Анна Ивановна әдеттегісінше кұшақтап, бетінен сүйді де:

  • Борис келгенше ұйықтап дем ал. Ол келген соң екеуің хағы да ұйыктамайсыңдар!- деді.

  • Ол кай күзет орнына кетті?- деп сұрады ол Анна Ивановнадан.

  • Не, оған барғың келіп тұр ма?

  • Ия!

  • Жоқ бармайсың. Әскери тэртіпті элі білмейсің бе? Күзетте тұрған сақшының жанына күзет бастығынан басқа ешкімнің баруға кақысы жок,- деді Анна Ивановна үзілді-кесілді.

Өзінің досының жанына барғысы келіп тұрған Серік ойланып қалды. Сол кезде бірінші жасырын күзет орнынан күзет бастығын шакырған белгі берілді де, Анна Ивановна өз орнына Витряк Данил Артемовичті калдырып, Серікті ертті де, асығыс жүріп кетті. Данил Артемович отыздардың ішінде, қара торы, алып денелі адам еді. Ол отряд комиссары болып жүріп, бір соғыста колынан жараланып лагерьде болатын.
Анна Ивановна мен Серік күзет орнына келсе, отыздарға келген ашаң, орта бойлы сары әйел мен он алты-он жетілерге келген кара торы қыз тұр екен. Анна Ивановнамен кол алысып амандасқаннан кейін:

  • Маған отряд командирі керек еді. Сіз бізден күдіктенбей-ак койыңыз. Мен Трахтомиров селосындағы астыртын ұйымның мүшесі Воронецкая Надежда Ивановнамын, ал мынау да сол ұйымның мүшесі Варя деген қыз. Бізді сіз білмегенмен отряд басшыларының көбі біледі,- деді элгі әйел.

  • Неге білмеймін, мен сізді сыртыңыздан жақсы білемін. Сіздің істеп жүрген жұмысыңызды командир эркашанда үлгі ретінде партизандарға айтып отырады,- деді Анна Ивановна.

  • Иван Кузьмич пе?

  • Иә!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет