Танымдық іс-әрекет түріндегі ғылыми білім Ж


Ғылыми білім проблемасының пайда болуы



бет2/3
Дата02.01.2022
өлшемі28,86 Kb.
#129089
1   2   3
Байланысты:
Танымдық ғылыми білім
02.11.2020жұқпв, 02.11.2020жұқпв, 02.11.2020жұқпв, 02.11.2020жұқпв, 02.11.2020жұқпв, Документ Microsoft Word, социология
2.Ғылыми білім проблемасының пайда болуы. Білім - шындықтың бейнелену формасы жэне тэсілі болғандықтан - онда заттың қасиеті, белгілері жэне өзара байланыстары қатерге алынған. Осы себепті, білімнің ғылымды ашудағы жүмыс істеу тэсілі, материалдық, не рухани іс - эрекет болып табылады. Іс-әрекеттері нәтижесінде табиғат, қоғамның жэне ойлаудың объективті заңдарының үзіліссіз дамып отыру жүйесі жөніндегі білім болып табылады. Сондықтанда ғылым негізі білім болып саналады. Яғни, ғылымның диалектикалық дамуы фактілерді жинақтау, оларды оқып үйрену, жүйелеу, қорытындылау жэне олардың жеке заңдылықтарын ашу, белгісіз фактілерді түсіндіретін жаңалыққа жетелейтін ғылыми білімнің логикалық жүйесін анықтаудан түрады. Сол себепті де, ғылымның мақсаты - сырттай көрініп түрғанын ішкі, нақтылы қозғалысын, яғни, зерттелініп жатқанның мәнін ашу болып табылады. Ғылымның логикалық қүрылымы төмендегідей болып келеді: ғылымның іргетасы немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы; заңдар; негізгі үғымдар; қағидасы (теориясы); мұраты( идеясы); Ұғымдар, заңдар, принциптер, мүрат, ережелер - ғылыми білім категориялары болып саналады. Осылардың негізінде ғылым қағидасы түзіледі. Қагида - зерттеу пэнінің түзілу блогы болып есептеледі. Көп заттардан ортақ сындарын алып жинақтау, жинақтай білу, зат туралы үгымды береді. Ұғымдар жиынтығы - пікірді түзеді. Сондықтан, принцип - танымда методологиялық жэне гиесологиялық роль алады. Принципті - білімнің ұйымдастырылу формасы деп түсіну керек. Ғылымның бірдей - бір пайдасы, алдын - ала болжам жасауға, алдағыға зер салуға ғана себеп болады. Ғылымның, сол себепті де, ақиқат нэрсе емес екендігі де осыдан. Қандайда тэжірибе жөнінде эңгіме қозғалмасын, сіз өзіңіз тікелей араласпасаңыз, сол мезетте - ақ сенімсіздік пайда болады. Дегенмен, біз мүнда тек өзіміз нақтылы қатыспаған облыстар жөнінде ғана пікір айтуымыз керек, олай болмағанда ғылымнан ешқандай да, пайда, қайыр болмаған болар еді. Мысалы, энергияның сақталынуына байланысты дене қозғалғанда массасы өзгереді. Масса мен энергия эквивалевтті болғаны себепті, қозғалыстағы дене ауыр тартады. Десекте, Ныотон басқаша пікірде болған еді. Ол масса эрқашанда тұрақты қалып отырады деген. Жоғарыдағы шындық анықталғанда, барлық ғалымдар Ньютонның пікірі дұрыс еместігіне байланысты. «Сүмдық! Физиктер өздерінің қатесін тапты! Не себепті олар өздерін дұрыс санаған?» - деп жағасын үхтағандар болды. Айтылған мысалда эффект аз, бұл жағдай тек дене жарық жылдамдығына жақын қозғалыста ғана білінетіні хақ. Осы себепті, ғылымда кандай да бір ақиқатқа көз жеткізуде тэжірибеге сүйенеді және онда оның орындалу шарттары ескерілуі тиіс. Сондықтан, біз ғылымнан пайда болсын десек болжам жасауымыз қажет - ақ. Ғылым тәжірибелер хаттамаларына айналмасын десек, біз заңдар, заңдылықтарды алға тартуымыз керек. Сондықтанда, ғылымда, оның орындалу шарттары алдын - ала, бағынатын заңдары, заңдылықтары ескерілуі тиіс. Мысалы: Симметрия туралы. Симметрия дегеніміз не? Сырт қарағанда адамның оңы мен солы бір - біріне симмотриялы. Олай болса, оларды өзара ауыстырып қойған жағдайда бүрынғы калыпты сақтауы тиіс. Белгілі неміс ғалымы Герман Вейль (1885-1935) симметрияның тамаша анықтамасын үсынғаны белігілі. Бүл анықтама бойынша: Симметриялы дене - деп, оны қалай қарай өзгерткенде де, нэтижеде, бастапқыда неден бастасаңыз сол болып шығуы керек - деген. Бүл кағида математикалық фигуралар үшін солай - ақ шығар, бірақ физика үшін басқаша болған болар еді. Яғни, дененің А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстыруы жоғарыдағы анықтамаға сэйкес, жеткен нүктеміз бастапқы тұрған орнымыз. 3. Танымдық іс-әректтегі ғылыми білімнің қажеттілігі.

Ғылым танымдық процестің объектісі жэне жемісі. Сондықтан, ғылыми танымдары және оқу процесіндегі пайда болатын проблеманы айыру үшін танымдағы проблеманың объективті маңызы мен оқытудағы оның обьективті мәнін айыру қажет. Танымдағы проблеманың мәні - ғылыми білімді түзуге, маңызы - дүниенің даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Проблема - деп, негізінен практикалық мақсаттын синонимін немесе ғылымдағы белгісіз болып түрған жәйтты түсінеміз. Проблены шешу дэлелдер жүйесі арқылы түзілуі керек. Қандайда бір ақиқатқа көз жеткізуде тәжірибеге сүйенуді жэне онда, оның орындалу шарттарының ескерілуі жайлы жоғарыла айтылады да. Сол себепті, проблеманы қоюда келесі педагогикалық талаптар орындалуы қажет: тапсырма, меңгерілген білім мен біліктілікке негізделуі керек; белгісіз нәрсе жалпы заңдылықты жэне жалпы әрекет тәсілін түзуі керек. Проблема - шешуді қажет ететін келелі мэселе болып табылады. Проблема - қағида мен практикалық құбылыстар арасындағы қарама -қайшылықтар арқылы анықталады. Біз дүниедегі кү-былыстарды бақылай, олардың өзара бағыну деңгейлерін белгілей отырып, олар жөніндегі ұғымдар мен түсініктерді анықтаймыз. Бұл талдау әдісі - делінеді. Осы әдіс нэтижесінде -проблеманың мэнін - ғылыми фактілермен олардың қағидалық (теориялық) танылуындағы қарама - қайшылықтар және бір - біріне таласқа түскен ғылыми қағидалар (теориялар) - деп түсінеміз. Қарама - қайшылық деген не? Қарама - қайшылық қандай көріністерден пайда болады? Алға қойған тапсырмалар, міндеттер мен сүрақтар шыгармашылыц іс -эрекеттің тиімді қүралдары деуге болады. Әсіресе, олар проблемалық болатын болса, яғни, мазмұнында қарама -қайшылық жүретін болса. Карама - қайшылық келесі түрде көрініс табады: ацпараттьщ - танымдық; танымдық; логикалық. Ақпараттыц - танымдық, зерттелінетін қүбылыстар, процестер мен пэндердің мәндерінде жүретін болады. Ол көбінесе, мағыналық конфликт түрінде көрініс алады.- Мысалы: - Не себеіпті червякті беріліс қатымды беріліс бола алмайды? Шындығында, мұнда айналыс тек червяк арқылы ғана берілуі керек, ал доңғалақ арқылы червяктің қозғалысы емес. Осындай қарама - қайшылық әсерінен адамда жагдайды (ситуация) түсінуге қүштарлық пайда болады. Бүл жағдайды адамның психологиялық күйі, яғни, проблемалық ситуация - деп атайды. Таным процесіндегі қарама - қайшылық теориялық жэне практикалық мэселелердің танымдық сипаттағы және адамда бар білім деңгейі, түсінуі мек дамуы арасында орын алады. Жеке жағдайда: көптеген эрекеттер арасындағы және олардан қажетті, ыңғайлысын таңдау; бар біліммен жэнеЪны практикада пайдаланудың шарттары арасындағы; мэселені шешудің теориялық мүмкіндігі мен оның пракгикалық іске асырылуының қиындығы арасындағы. Бұйымды конструкциялауда, технологиясын қүруда, пайымдауда жэне диагностикалауда, оқыту материалдарының қүрылымын түзуде, бір ғана нәрсенің төңірегінде әр түрлі пікір пайда болады жэне мүндай жағдайда пікір дэлелін практика шешеді. Мүндай қарама - қайшылық - логикалыц делінеді. Ал, таным процесі мен логикалық қарама - қайшылық арасындағы қарама - қайшылық, адамда объектілердің, қүбылыстың немесе процестің мәнін түсінуден пайда болады. Қарама - қайшылықтар мазмұнында пайда болған құштарлық - ғылыми бағдарлаудың элементар дәрежесі ретінде, көрініс тапқаннын мэнін, маңызын ұғынуға тырысу, танып білу. Жоғарыда аталған факторлар жаңа білімнің қажеттілігін туындатады жэне гылыми шыгармашылыцца негіз болады. Өйткені, іс-әрекеттің қозғаушы күші, белсенділік көзі, қажеттілік болуы тиіс. Ғылыми шығармашылық методологиясы. Қазіргі заманғы пайымдау бойынша таным негізі және шындық критерийі -практика нәтижесінде танылатын біздің біліміміз, объективті дүниенің бейнесі, олардың өзара байланысы мен заңдылықтары. Шыгармашылыцты - өмірде жоқ, қандайда бір жаңа өнімнің пайда болу процесі - деп түсіну керек. Ғылыми шыгармашыльщ - қоршаған ортаны танып білуге, оқыту процесін ұйымдастыруға оны өзгертуге жэне жетілдіруге тікелей бағытталған танымлық іс -эрекет. Қазіргі заманғы көзқарас бойынша, ғылыми шығармашылық, үш кезең арқылы жүзеге асады. кезең. Проблемалық (таным немесе практикалық іс - эрекет кезінде) ситуациялардың пайда болуымен, оны алғаш кезеңдік талдау және проблеманы түйіндеу арқылы сипатталады. Шығармашылық процесінің II кезеңі - проблеманы шешу жолдарын іздестіру. Бүл процесс, бар білімдер негізінде проблеманы детальды талдаумен аяқталады. Зерттеу объектісіне кажетті болған білімдерді толықтыру, қажетті эдебиеттер көмегімен немесе тэжірибелік эксперимент арқылы толықтырылады. Көбінесе, бұл кезеңде - шешім принципті таза логикалы, катаң дэлелді болады. Кейбір жағдайда зерттеу объектісі толыққанды танылмайды, ол туралы білім тек толық еместігі ғана емес, қарама - қайшылықта да болады. Мұндай жағдайда дәлелді шешім айту мүмкіндігі болмайды. Мүнда, пайымдау (интуиция) көмекке келеді. Шығармашылықтың III кезеңі - проблеманың табылған шешілу принципін жүзеге асыру. Бұл кезеңде шешім принципі шығармашылықтың белгілі бір анықталған нэтижелері түрінде жүзеге асырылады: жаңа мэселенің шешілуі; конструкция, теория (қағида) т.б. Дэйектеу жэне жасау. Алынған нэтиже, экспериментальды тексеріліп, басқа теориялық мәліметтермен тексеріледі. Жоғарыдағы айтылғандарды, қысқаша, шығармашылық процесінің түзілімі - деуге болады. Қорыта айтқанда, ғылыми шығармашылық, казіргі кезде адамдардың азғана шеңберінің айналысатын ісінен, жүрттың ауқымды бөлігі айналысатын іске айналған, ал, ғылым көптеген маманданған жүмысшылар армиясы санасы арқылы өтетін жүмысшы күшінің сапасын арттыратын факторға айналуда. Осы себеп, өндірісте жэне басқа да элеуметтік іс - әрекет сферасында - адам факторының интелектуалды дамуы, ғылыми танымның даму ролі артып отыр. Проблеманың әрмен қарай дамуы мке шешілуі, зерттеу нысаны мен пәнін анықтау болып табылады. Таным нысаны және пәні бірдей нәрсе деп түсіну дұрыс болмаған болар еді, әйткені, бұл екі ұғйм көп жағдайда бірін – бірі алмастырады. Зерттеу нысаны – алдын – ала берілген, ал пәні ізденуді нақтылауды қажет етеді. Зерттеу нысаны – оқу бағдарламасында, оқу процесінде тұжыымдалған, зерттеу мен пәнің мақсаттарына сәйкес зерттелінетін белгілі бір шындық. Мұндай объективті облыстар қатарына оқытушының, оқушының практикалық іс - әрекеті немесе олардың ғылыми сферадағы проблемасы болып саналады. Зерттеу нысаны ұғымын обьективті шындық ұғымы – деп қарастыруға болмайды. Таным нысаны ретінде – таным процесіне қатынасты, өзара байланысы, қатынасы, қасиеттері анықталған нақтылы объективті түсіну керек. Таным пәні – ұғымы, таным нысаны – ұғымына қарағанда нақтырақ, өйткені, бір ғылымның зерттеу нысаны әртүрлі ғылымның зерттеу пәні болуы мүмкін. Жеке зерттеу пәні ретінде зерттелініп отырған жұмыстарғы, зерттеу пәнінің элементтері, байланыстары, зерттеу нысанының қатынастары қаперге алынады.

Зерттеу пәнін анықтау – зерттеу шекарасын белгілеу, зерттеу перспективасын анықтау және алға тартылып отырған проблемадағы, мейлінше, негізгі деп саналатын байланыстарды алдын – ала жоспарлау, оларды уақытша даралап және бір жүйеге біріктіру мүмкіндіктерін қарастыру – деп түсіну қажет. Таным пәнінде, таным құралдары мен методологиясына негізделген, қорытынды ретінде шоғырланған мәселені шешу бағыттары, маңызды міндеттері, оларды шешудің мүмкіндіктері қарастырылады. Зерттеу пәнінен – ғылыми зерттеудің негізгі міндеттері келіп шығады. Көбінесе, зерттеу міндеттеріретінде ретінде шешімін табуға қатынасты жеке міндеттердің үш немесе төрт бағыты көрсетіледі. Осы себепті, міндеттер мазмұнына енетін сұрақтардың стандартты болуы мүмкін емес. Десекте, зерттеу міндеттерінің алғашқысы болып, зертелініп жатқан объекттің болуы, орын алу заңдылықтары, құрылымы, табиғаты және мәнін ашу, екіншісі – объекттің жалпы өзгеріс тәсілдерін ашу, оның моделін жасау, үшіншісі – нақтылы әдістемелік құралдарға, педагогикалық ықпал, практикалық нұсқаулар – табылады. Зерттеуші, алға қойған міндеттерге байланысты, зерттелінбеген облыстқа шабуыл жасауы тиіс. Ол үшін, нәтижені алдын ала біліп отыруы, біршама, жұмыстың қорытындысын одан шығатын зерттеу логикасы кезеңдерін көз алдына келтіре алуы қажет. Мұндаы алдын ала ойластыру формасы болып гипотиза табылады. Болжау мақұлдауды немесе теріске шығаруды қажет ететінжағдай да бір процестерге, құбылыстар мен фактілерге түсінік беретін – ғылыми жорамал. Болжам формасы ішінде танымның талқыланбаған заңдармен принциптер маңындағы тереңдеп қорытындылауға, анықтауға бағытталған нақтылы қозғалыс жүзеге асады. Яғни болжам зерттеу байланыстар механизмі туралы, олардың ішкі заңдылықтары жөніндегі алдын – ала пікір болып табылады.

Зерттеудің келесі кезеңі – ғылыми жорамалды тексеру, яғни, шындыққа жетудің амалдары мен әдістерін белгілеу.

Алынған нәтижелерге баға беру, жіберілген қателіктердің себептерін аеықтау, т с с, алдын – ала теориялық және практикалық тұрғыдан тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Аталған тұжырым өз кезегінде зерттеу міндеттеріне жауап берерлік қағида, пікір және нақтылы жауаптарды түзеді.

Пратика – кез келгне зерттеу жұмыстарының соңғы мақсаты мен шындық критерийі болып табылады.

Айқындалған қағидамен әдістерді ендіру – ғылыми зерттеудің қажетті элементі болады, онсыз зерттеу жұмысы аяқталынбаған сипат алады. Ғылыми – педагогикалық зерттеу нәнижесі әдістемелік құрал әдістемелік нұсқауларды оқу процесіне ендіру болып саналады. Жоғарыдағы мәселе, орындалған жұмыстың әдеби тұрғыдан дайындалуын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет