Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/2-14-7-019


Салауатты өмір салтын насихаттау



бет4/4
Дата11.01.2017
өлшемі492,02 Kb.
#7508
1   2   3   4

4. Салауатты өмір салтын насихаттау

БӘД кафедрасының барлық білімгерлері мен ПОҚ құрама командасы, ТарМПИ қарамағындағы «Ұстаз» спорт клубымен ұйымдастырылған барлық жарысқа қатысты. Жыл бойы білімгерлер Республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты. Желтоқсан айы – тұңғыш Президенті күніне арналған ТарМПИ көлемінде студенттер мен ПОҚ арасында «Спартакиада» жарысы өткізілді. БӘД кафедрасының студенттері мен ПОҚ құрама командасы жеңіске жетіп, үздік студенттер Рахметдинов.М., Қорғанбай А., Искандеров Н., аға оқытушылар Сейтжанов Д., Карабалаев К.А., және басқалары құнды сыйлықтармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Жыл бойына білімгерлер Тараз қаласының әкімшілігімен ұйымдастырылған барлық жарыстарға қатысты және ҚР білікті жаттықтырушыларымен және спорт шеберлерімен кездесті.

Сәуірдің 4-жұлдызында – Облыс көлемінде «Сұңқар» - әскери-патриоттық спорттық ойындары Жамбыл обылысы жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен Оңтүстік өңірлік әскери қолбасшылығында өткен сайыста 15 команданың ішінде «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының ПОҚ және студенттері жалпы командалық есепте 2-орынға иеленді, құнды сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды.
5. Эстетикалық тәрбие және коммуникативті мәдениетті калыптастыру

Оқу жылы бойына Қазақстанға еңбегін сіңірген әртістердің концертіне, облыстық драматеаторлардың және ҚР театр ұжымдарының қойылымдарына барды.

Наурыз айында 8 - Наурыз Халықаралық әйел – қыздар күніне арналған «Ардақты аналарды аялайық» тақырыбында кураторлық сағаттары ұйымдастырылды оқу топтарында, қабырға газеттері шығарылды.

Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жыл толуына байланысты 16.03.15ж оқытушы Ошақбаев Ж.13-3 тобымен «Татулық-достықтың киелі бесігі» ән фестивалі-Әз Наурыз-Қош келдің атты ашық тәрбие сағатын өткізді.



Ел басының Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» тақырыбы ақпанның 3-ші он күндігінде барлық оқу топтарында талқыланды.

Ұлы жеңістің 70-жылдығына арналған 11-2, 12-2 тобының кураторы аға оқытушы Рогоза В. 25.03.2015ж, «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы – ұлтымыздың «Мәңгілік ел» идеясы тақырыбына ашық тәрбие сағатын өткізді.

Наурыз айында институттың оқу ғимараттарын көгалдандыру және абаттандыруға арналған сенбіліктер мен тазалық күндерін ұйымдастыру жұмыстарына оқу топтары белсене қатысты.

21.03.2015ж қала көлемінде өткен үлкен іс-шараға кафедраның ПОҚ және студенттер белсене қатысты, киіз үй тұрғызылды, «Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік думан; -«Ұлттық ойындардан жарыс» өткізілді; концерттік бағдарлама және «Наурыз көже» ұйымдастырылды.



27.03.2015ж. Тараз-Арена спорттық кешенінде Ел басы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен ҚХА 20-жылдығына байланысты және Нұр Отан партиясының атынан Н.Назарбаевтың кандидатурасын қолдау аясында 26-сәуірде өтетін сайлауға байланысты үлкен іс-шараға студенттермен оқытушылар белсене қатысты.

Қазақ хандығының-550 жылдығына арналған, Әбілқайыр хан мен Абылай ханның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі туралы-НВП-14-1 тобымен жүргізілді, 28.04.15ж- оқытушы Тұрсынбеков Д.

Аңырақай шайқасы-тарихи маңыздылығы туралы тәрбие сағаты- НВП-13-1,3 тобымен жүргізілді, 27.04.15ж- оқытушы Ошақбаев Ж.

«Майданда туған жырлар» ҰОС жылдарына арналған жырлардан сайыс өткізілді-аға оқытушы Сейлханов Қ-НВП-12-1,3 тобтарымен.

Ел басының Қазақстан халқына жолдауы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» тақырыбы сәуірдің 2-ші он күндігінде барлық оқу топтарында талқыланды.

Сәуір айында институттың оқу ғимараттарын көгалдандыру және абаттандыруға арналған сенбіліктер мен тазалық күндерін ұйымдастыру жұмыстарына оқу топтары белсене қатысты.

Мамырдың 6-жұлдызында – ТарМПИ көлемінде Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ардагерге ізет білдір - жас ұрпақ» атты концерттік бағдарлама өткізілді, соғыс ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылып, ардагерлерге құнды сыйлықтар тапсырылды, концерттік бағдарлама «БӘД» кафедрасының студенттері мен ПОҚ жоғары деңгейде ұйымдастырды.

9-мамыр күні обылыс әкімінің басқаруымен «Мәңгі алауына» гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды, «БӘД» кафедрасының ПОҚ белсенді қатысып, гүл шоқтарын қойды.



Ұлы Жеңіске 70-жыл-«Рейхстагқа ту тіккен Р.Қошқарбаевтың ерлігі» туралы тақырыбына тәрбие сағатын-14.05.2015ж-НВП-13-1 оқу тобымен аға оқытушы Карабалаев К, ұйымдастырды.

04.06.2015ж «БӘД» кафедрасының ПОҚ және студенттері Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ТарМПИ көлемінде іс-шараға қатысып «Туды алып шығу-Вынос знамя» ұйымдастырды.


6. Еңбек тәрбиесі және мамандыққа баулу

Оқу жылының басында бірінші курс білімгерлерін кафедра меңгерушісі институттың жарғысымен таныстырды. Жыл бойына жетекшілер Қазақстандағы еңбек туралы кодексті түсіндірді. Мамыр—01.05.2015 жылы ТарМПИ қатысуымен Қазақстан халқы достығы, бірлігі күніне арналған Тараз қаласы орталық алаңында «Митинг» ұйымдастырылды, студенттер және ПОҚ толық іс-шараларға қатысты.

Оқу жылының бойына қаланың және институттың қарамағындағы жерлерді көгаландандыру жұмыстары жүргізілді. Білімгерлер топ атына бекітілген аудиториялардың жөндеу құрылыстарына ат салысты.

Жуалы ауданында 1-4 топ білімгерлерінің арасынан іріктелген құрылыс отрядтары құрылды.



12. Кемшіліктер мен ескертулер
Келесі 2015-2016 оқу жылына кафедраның ұжымы төмендегі міндеттерді жоспарлап отыр:

  1. Кафедраның ғылыми әлеуетін көтеру:

- кафедраның оқытушысы Д.Ошакбаев PhD докторантураға жіберу.

  1. Білім сапасын көтеру мақсатында кафедраның оқытушылары оқу үрдісінде интерактивті тақтаны қолдану және жаңа технологияларды қолдану аясын кеңейту қажет, электронды оқулықтар базасын құру, инновациялық өнімдер медиатекасын құру.

  2. Мамандық бойынша оқу үрдісінің сапасын көтеру мақсатында білімгерлер қажетті мемлекеттік тілдегі оқулықтар санын көбейту.

  3. Білімгерлердің өзіндік жұмыстарының сапасын көтеру үшін кафедра пәндері бойынша электронды оқулықтар мен бейнеге түсірілген жетекші мамандардың дәрістерін насихаттау.

  4. Бітіруші жас мамандардың әскери билетсіз жұмысқа орналасулары қиын жағдайда қалып отыр.

  5. ПОҚ-тың ғылыми дәрежесі институттың орташа көрсеткішінен төмен.

  6. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Кафедрада жоғарғы импакт-фактор журналдарына ғылыми мақалалар жарияланбаған.


13. Қорытынды мен ұсыныстар
Кафедраның ПОҚ ғылыми әлеуетін көтеру мақсатында келесі оқу жылына кандидаттар мен жас оқытушыларды жұмысқа қамту;


  • Мамандыққа байланысты қазақ тіліндегі оқу-әдістемелік әдебиеттерді жоспарлау және жариялау санын көбейту;

  • Ғылыми жұмыстарды жариялау санын көбейту;

  • Элективті пәндерге байланысты оқу құралдарын шығаруды талап ету;

  • Келесі 2015-2016 оқу жылына әскери-спорттық бөгеттерден өту алаңын дайындау;

  • 8-501, 503,504,505 ағымды жөндеуден өткізу.

  • 8-504 аудиториядан Бастапқы әскери дайындық зертханасын ашу.

  • Пневматикалық винтовкалар мен пистолеттерге сұраныс жасау.

  • Мамандық білімгерлеріне М.Х.Дулати ТарМУ-дың әскери кафедрасында қосымша оқып, әскери билет алу жақтары қарастырылса.




Каталог: download -> glav
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/2-9-1
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38-1/ 2-006
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
glav -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институты ф 15-38/1-3-011


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет