Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал

бет198/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203
ӘОЖ 595.7
Ш 62
ЖАЙРАЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Шинышерова Ғ.Б., Чохыева Г.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Жер жүзінде жайралар кең тараған. ТМД елдерінің барлық территорияларында мекендейді, сонымен қатар әртүрлі аймақтарда, биіктік белдеулері мен ландшафттарда кездеседі. Көптеген кеміргіштер – жер бетінде, кейбіреулері тіршілігінің бар кезеңдерін топырақ арасында өткізеді. Кеміргіштер арасында жартылай суда тіршілік ететін, жақсы жүзетін және сүңгитін формалары да бар. Кейбір ағаш сүлбесінде тіршілік ететіндердің денесінің екі жағында жазылатын қатпарлары болады, осының көмегімен олар ағаштан-ағашқа 100 метрге дейін қалықтап ұша алады. Көпшілігі тәулік бойы белсенді. Әртүрлі баспаналарды - ін, қуыс, жарықшақ және т.б пайдаланады. Суық қыс жағдайында ұзақ ұйқыға кетуі мүмкін.

Бұлар бағалы терісі үшін ауланатын аңдар және жыртқыш аңдар мен құстардың қоректену нысандары болып табылады.
Бұлар негізінен Еуразия мен Африканың субтропиктік және тропиктік аймағында тіршілік етеді. Оңтүстік Азияда және Жерорта теңізі елдерінде 13 түрді біріктіреді.
Арқасын, бүйірін және құйрығын ұзын инелер жапқан, денесінің басқа бөлімдері - қатты қылшықты. Көздері мен құлағы кішкентай. Алдыңғы аяқтары 3 не 4, артқылары - 5 саусақты. Табандары тегіс, түксіз. Азу тістерінің саны 4-тен. Негізінен жайралар ұйқыға жатпайды. Жылына 1-3 мәрте көбейіп, әрқайсысынды 2-ден ұрпақ әкеледі. Қазақстанда Маңғышлақтың оңтүстігінде, Талас, Қырғыз, Іле Алатауларында, Қаратау және Шу-Іле тауларында кездеседі. Маңғышлақтың оңтүстігінде Кендірлі - Қайсан үстіртінде, Елшібек құдығы, Жабайұшқан бөлігінде, Талас Алатауында, Сайрам-Ақсу өзендерінің аралығындағы тау қойнауында, Іле Алатауының батыс бөлігіндегі Жетіжол, Қастек тау етектерінде, Қырғыз Алатауының Аспара, Мерке, Қаракыстақ, Қарақат, Сарыбұлақ, Шұңқыр қойнауларында, Қаратаудың Сырдария бөлігінің оңтүстік - шығысында және Кіші Қаратауда кең таралған.
Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі ормандар мен тоғайларда, өзен аңғарларында мекендейді. 6 түрі бар, оның бір түрі – үнді жайрасы немесе аққұйрықты (H. іndіca), ол Қазақстандағы ең ірі кеміруші. Тұрқы 60 – 90 см, құйрығының ұзындығы 12 – 15 см, салмағы 15 – 27 кг. Оның дене бітімі ерекше – арқасы мен бүйірінде қаптаған ине шамамен 30 – 35 мыңдай болады.
Жайралар інін тастың қуысына, өзен бойындағы биік жарға салады. Бұл іннің тереңдігі шамамен 4 м-ге дейін барады. Ол көбіне шөппен, өсімдік, тамыр жеміс, жеміспен қоректенеді. Сонымен қатар бұл жайралар қоректенуге түнде шығады. Жайраларға күздігүні мәдени өсімдіктің жетіспеуінен азықтан көбінесе оның игіліктерінің - қарбызды, қауынды, қиярларды, асқабақтарды, жүзімді, жоңышқаны жейді. Қыста сүректі шоғырмақты жейді, тал-шыбықтың төменгі бөліктерін кеміреді. Анда-санда құрт-құмырсқаларды және сонымен қатар олардың дернәсілдерін жейді.
Жылына бір рет яғни 2–5-ке дейін балалайды. Буаздық мерзімі 60 – 90 күн. Жаңа туған жайралар өте әлсіз, денесіндегі инелері алғашқы тәуліктерде жұмсақ болады. Қолда ұстағанда үнді жайрасы 20 жылдай тіршілік етеді. Үнді жайрасының жылдан - жылға саны азаюда. Мысалы, Алматы мен Шымкенттегі хайуанаттар саябақтарында 5 жұбы, Қарағандыда 2 жұбы бар. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» 1996 жылдан бастап енгізілген. Қазіргі таңда жайралар Қаратау қорығында қорғалады.
Саны. Барлық жерде саны сирек, анық саны туралы дерек жоқ. Қаратауда 1983 жылы 200 км² жайраның 200 іні кездессе, осы жерде бір шаршы км² шақырымда 1,0-2,5 жайра санаққа алынған.

Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал

vestnik -> Государственного педагогического

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет