Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет199/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203
Негізгі шектеу факторлары. Қардың қалың түсіп, топырақтың қатты қатып қалуы. Мекендейтін жерлерде мал санының шектен тыс көп болуы мен браконьерлік жолмен аулауы, қойшы иттерінен зардап шегуі.
Жайраның көбею ерекшеліктері: Hustricidae Жайраның денесінде, басында, арқасында, құйрықта салалы жане жуан инелермен жабылған ал сыртында қатты қылды бөліктен тұрады. Басының алдыңғы сүйектері өте жаксы дамыған. Жайралар теңізді елдерде Африка және оңтүстік Азияда таралған. Жайралар түрлі ландшафтарда, шөлдерде, ылғалды тропикалық жерлерде кездеседі. Олар үңгірлерде тұрады, бірак өздері індерді жиі салады және сонымен қатар сырттағы дайын тұрған індерді өздеріне тартып алады.
Барлық жайралар көбінесе өсімдік жем - шөптермен, шөптің және жасыл бұтаның шыбықтары мен, тамырларымен, жыңғыл түйнектермен, баданалармен немесе игіліктермен азықтанады. Сонымен қатар жайралар ақырын тұрып, құрт-құмырсқалар және олардың дернәсілдерін қорек етеді. Жайралар бау - бақшаға өтіп, сол жерден өзіне қажетті дәмді нәрселер жейді. Өзінің үздіксіз жүрген жорығында белгілі бір соқпақтарды салады. Барлық жайралар түн хайуанаттары. Жайралар індерін 4-10 метр ұзындықта қазады. Олардың азығы көкпен, шөптермен, баданалармен, түйнектермен, игіліктер, тал - шыбықтың және бұтаның тұқымдарын қорек етеді. Көбінесе жүгері егіндерінің бау - бақшасын зақымдайды. Түнде інінен бірнеше километрге асып кетеді. Жайра өзіне қауіп төнген жағдайда жауына айбат шегеді, өзінің құйрығының сылдырмағымен және инесін тосу арқылы қорғанады.
Буаздық 110-115 күнге созылады. Бұл жайра жылына бір рет тұқымдайды, кейбір оңтүстік облыстарда екі рет балалайды. Бір ұрықта 2 бала яғни 1 ден 4 ке дейін болады. Жаңа туған балалары көздері ашық болады, инелері бірінші уақытта жұмсақ кейін уақыт өте келе инелерін түйрей біледі. Өмірінің ұзақтығы 20 жасқа дейін жетеді. Кейбір уақыттарда жайраны кірпімен салыстырады. Кірпі сол типті хайуанаттар қатарына жатады. Биологтардың пайымдауынша жаратылысынан ет жемейді. Жайраның аяқтары қысқа және ебедейсіз. Жайра ақырын жүреді.
Жайраның сыртқы иістері өте нашар. Бұлардың көру қабілеті онша емес болсада, есту қабілеті жоғары дамыған. Жайраның отбасы көп өмір сүреді. Жайраның ұрпақтары өздігінен азықтануға алғыр болып келеді, сонымен қатар анасының қасында ұзақ уақыт тұрады. Аналары инелерін айрықша, айбарлы қару ретінде қолданады. Жайраның анасы балаларын сүтімен тамақтандырады. Жайраның ата-анасы басқа хайуанаттардан қалай қорғану керек екендігін үйретеді. Қазіргі заманғы жайралар кездесетін жерлері Солтүстік, Орталық, Оңтүстік Америкаларда. Солтүстік Американдық жайра Erethizon dorsatum, Мексикалық қылды жайра өте кішкентай жайра Sphiqqurus mexicanus, және Бразиялық жайраны Coendou prehensilis деп атайды. Жаңа заманғы жайралар басқа жайраларға қарағанда кішілеу болады. Жаңа заманғы жайралар көбіне өзінің уақытын жұбымен өткізеді. Бұл жайралардың қыстайтын жерлері ағашта, таулы жерлерде, ағаштың тамырларының қуысында. Бұл жайралардың тырнақтары жақсы жетілген, тастарға шығу ретінде арналған. Бұл жайраларда түнгі кеміргіштер отрядына жатады. Жайралардың тамақ жеуі улы шөптерге қарсы алдыңғы тістері бар. Ал жаңа әлемдік жайралар тамырлар, жапырақтар, майда жеміс-жидектердің ішіндегі дәндерін, пияз гүлдерінің ұрықтарын, өзіне қорекетеді. Севере Американский жайралар өзінің жаман қылығы ағаштарды кеміріп тастайды, сонымен қатар тұз іздегенде сүйектерді кеміріп тастайды. Сондай-ақ тісін тазалау үшінде сүйектерді пайдаланады. Бұл жайралар насекомдарды және олардың дернәсілдерін пайдаланады. Ұрпақтары анасымен бірге бірнеше ай бірге өмір сүреді, сосын бұл жайралар өз бетінше өмір сүреді. Жаңа туылған сәтінде бұл жайраларға қауіп төндіретін жабайы мысықтар, адамдар, ашулы арыстандар.
Жайралардың ішіндегі Солтүстік Американдық жайралар қауіпсіз деп саналады. Бұлардың тұмсықты инелері қатты, басқа аңдар бұлардан қорқады. Гарвардского институтының зерттеуі бойынша жайраның инелері терісінде 80% жуық мықты бекітілген. Бұлардың инелері жауларына және адамдарға тигенде жарақаттайды. Ғылыми зерттеуге қарағанда жайралардың инесі медициналық екпеге қарағанда ауырлау. Осы жайралардың сыртқы инелері қатты инелермен қапталған. Инелері сәл бүгіліп орналасқан. Осыған байланысты жауларына инелерін дұрыстап қадай алмайды. Бірақ медициналық инелерге қарағанда жылдам қадалады. Ғылыми техникалық жоғарғы оқу орнынның тексерулерінде инеден кілей және медицинада жарақатты танатын мықты заттар алған. Сонымен қатар бұл жайралардың инелерінен пышақтар алуға болады. Жайралардың инелері жоғары бағаланады.
Солтүстік Америка Штаттардың түсінігі бойынша бұл жайралардың инелері тұмсығында өткір орналасқан. Жайралардың арқасындағы 30 түрлі өзгергіш қылдары бар. Қылдары құбылмалы болады. Жайра өзіне қарсы шыққан жауларын жаралайды, осы жараның жазылуы өте қиын болады. Осыған қылдарының құбылмалығы қатысады. Гарвардский медицина орталығының биоинженері Джеффери Карптың айтуы бойынша жайралардың инелері қадалған жерінде кейбіреулерінде қалып қояды. Гарвардский ииституты зерттегенде осы жайралар өзінің инелерін көбінесе қорғану үшін қолданады. Жаралаған жерлері ұзақ уақытқа дейін жазылмай жүреді. Инелері қадалған жерінде біраз тұрады. Солтүстік Американдық жайралар осы инелері арқылы қорғанады. Биологтардың айтуы бойынша жайралардың инелері медициналық инелерге қарағанда әлдеқайда өткірлеу болады. Сезімтал, қадалған жері ауырғыш болады. Бұлардың инелері теріге оңай кіреді. Жайралардың инелері медициналық инелерге қарағанда теріге оңай кіреді.
Д.Карптың айтуы бойынша Оңтүстік Американдық жайралардың инелері медициналық инеге қарағанда өткірлігі 2 есе жоғары теріге кірген жері байқалмай қалады. Жайралардың инелері негізінен өткірлігі белгісіз формада беріледі. Ғылыми зерттеулер бойынша Солтүстік Американдық жайралардың инелері басқа теріге кіргенде сондай шамада қалып қояды. Д. Карптың айтуы бойынша бұл инелер өзінің қалы болып есептеледі. Инелері қадалған жерінен шығуы өте қиын. Шабуыл жасаған жауларына инелері қауіп туғызады. Жаңадан туылған жайралардың жарты жылға дейін жынысы белгісіз болып келеді. Зерттеушілер Американдық запаркте жайраның аналығы екенін 4 аптада байқаған. Бірақ жайралардың жынысын анықтау үшін жарты жыл анық керек. Ол осы уақыт аралығында жынысы белгісіз болады. Запарктегі кейбір зерттеушілердің айтуы бойынша жайраның жынысын анықтау өте қиынға түседі. Жайраның жынысын анықтауға асығудың қажеті жоқ. Ең алғаш жайралар туылған сәтінде көзін, мұрнын, құлағын және тамағын анықтайды, ал жыныстық процесін анықтауға асықпаған жөн.
Сьюзен Мюррей жайраны зерттеп сыртқы келбетіне қарап тұрып аталығы немесе аналығы екенін ажырата алмаған. Делл Гульельмо зерттеуі бойынша жайраны алты айсыз жынысын анықтау өте қиын екенін айтты. Бұл жайралар туылғанынан инелі және қылды болып туылады. Алғашқы бір жылдықта инелері түсіп тұрады. Сол аралықта инелері өткір болып өседі, сондай-ақ терісі жұмсақ, инелері осы уақытта жайлап - жайлап қатая бастайды. Жайралардың жыныстық мүшесін анықтау қиынға түседі, сыртқы келбетіне қарап тұрып ажырату мүмкін емес. Жайраның жыныстық жағы генетиктердің зерттеуі бойынша анықталған.
Доктор Иисус Молдонадо осы жайраның жынысын тексеруін өз қолына алған. Көптеген ДНК зерттеуі арқылы тексеріп анықтай алмаған. Д. И. Молдонадо бұрын мұндай жайралар мен жұмыс істемегендігін айтады. Кезінде Африкалық пілдерді, қасқырларды түлкілерді зерттеген. Аналық жайраның органын тексеруде Иисустың айтуы бойынша қанша зерттегенменде әлемдегі жыныстық процесін анықтау өте қиын.
Эндрю Ривара зерттеуі бойынша будда жайралардың денесінде майда қылды инелері болады. Көптеген ДНК зерттеуі бойынша ең жақын ұқсастық шошқалар болған. Бұл басқа көптеген ғалымдар ДНК арқылы тексергенде көрінбеген. Э. Ривара бұны 4 күн ішінде анықтаған. Компьютермен тексергенде анық көрінген. Будда жайрасы басқа жайраға ұқсамайды. Бұл жайралар 2 жылдық аналығы туғаннан кейін тағы да 200 күннің аралығында қайта тууы мүмкін.
Хирургиялық, нанотехникалық, США, Ұлыбритания зерттеулері бойынша жайралар өткір инелі болып келеді. Теріні қаптап жатады. Хирургиялық инелерге қарағанда адамға екі есе жұмсақ әрі тез терісіне оңай кіреді. Кейбір ғалымдар Proceedings of the National Academu журналда жайраның инелерінің өткірлігі жазылған және инелері қымбат емес. Бұл инелер тәжірибе жүзінде жоғары көрсетілген. Адамның жаралануы аз көрсетілген. Тігістеріде байқалмайды. Микрохирургиялық жоғары және басқада кейбір бұл қолдану жүйелері жеңіл әрі ғалымдар тексерген.
Электрондық микроскопиялық тексерулер бойынша жайраның денесі ісік доға тәріздес формалы болып келеді. Жайралардың инелері кейбір жағдайда қозғалысына кедергі жасайды. Тексерулердің көрсеткен мәліметі бойынша жайралардың инелері жоғарғы жүруіне қарсылық көрсетеді. Осы қарсылық өзіне күш береді. Бұл жайралардың инелері хирургиялық инелерге ұқсайды. Хирургиялық инелері тігіс сияқты. Нәтижесі: Жайралар кеміргіштер отрядына жатады. Бұл жайралардың денесіндегі инелері майысқақ, қатты сонымен қатар өзіне шабуыл жасаған жауларына инелерін лақтырады. Шабуыл жасар алдында жауларына өзінен дыбыс шығару арқылы ескерту жасайды. Сондай-ақ бұлар көптеген жерлерде кездеседі. Қазіргі кезде бұл жайралардың саны азайып бара жатыр. Соңғы жылдары жайраны еті үшінде аулайтын болған. Негізінен 1996 жылдан бастап қорғауға алынған. Жайраларды асырап қолда өсіру үшін кішкене туылған сәтінен бастап қарау керек, әйтпесе ол үлкен болған сәтінде мүлде ұстатпай инелерін адамдарға лақтырады. Бұлардың инелері шаң тозаң микробқа толы болғандықтан, жарақаттаған жерінің жазылуы өте қиын болады. Көбіне көк шөптермен, өсімдіктермен, оның тамырларымен күзге қарай көбіне бау - бақшада қауын, қарбыз, асқабақтарды, ал қыста ағаштың тамырларын кеміріп, кейбір жәндіктерді жейді.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет