Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал



бет36/203
Дата06.02.2022
өлшемі6,98 Mb.
#34376
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   203
Б78
82(091)(574);
894.2.342
«ЕҢЛІК - КЕБЕК» ДАСТАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САЛТ - САНА МӘСЕЛЕСІ
ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ


Бөгенбаева Ә.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
«Мүлде жаңа жан-жағың
Жақсылығын таңдағын,
Жамандығын алмағын»

ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби кезеңнің төл перзенті боп табылар Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын түсіну осы кезеңдегі әдеби процесті түсініп игеруге жол ашар ірі қадам. Бұл тұрғыда Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын зерттеу зәрулігі анық көрініп тұрған нәрсе. Шәкәрім көзі тірісінде әдеби ортада мифтік кейіпкерге айналған тұлға. Бұл ғасыр өз алдына жеке-жеке оқшау, бөлекшелікке ие емес, біртұтас жеке дара оқшаулыққа ие болған ғасыр, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы осы біртұтас оқшаулықпен біте қайнасқан шығармашылық.


«Құнды сөз құнарлы ойдан шығады, ойы нәрсіздің тілі де нәрсіз» демекші, адамзат санасындағы сан қилы сезімді бейнелі өрнекпен кестелеп сөз арқылы ғана жеткізуге болады. Өйткені көркем сөз – көрікті ойдың көрінісі. Сондай сөз шеберінің бірі – өрелі Шәкәрім Құдайбердіұлы ойының терең иірімдерінен тамаша суретті сөздер өріледі. Оның ақ нөсердей төгілген жыр жолдарында өзіндік өмір өлшемдері, түйінді, тұғырлы таным дүниесі кестелі өрнекпен нақтыланып, даралық сипатқа ие болып тұрады.
Шәкәрімді тануда саясат ықпалынан, уақыт қыспағынан аса алмаған кездер болды. Енді заман өзгерген шақта азат елдің азат ойымен, азат жүрегімен, азат зердесімен Шәкәрімді тануға тиіспіз.
Шәкәрімнің төл туынды ретінде саналатын үш поэмасы бар: «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу». Ақын бұл поэмаларын әсем жырмен өрбітіп әкеткен. Онда махаббат оқиғасымен қоса, иісі тобықтының ардақтылары Әнет баба, Көкенай батыр, атадан жалғыз туса да кейінде ұрпағы өсіп-өніп бір тайпа елдің ұранына айналған Олжабай, бері Кеңгірбай би туралы мынандай өнегелі ойлар айтылады:
«Келгені Тобықтының осы маңға,
Мың жеті жүз сексенге тақалғанда.
Елді бастап әкелген Мамай батыр,
Орда, Көкен, Ащысу, Дағалаңға – дей келіп, заманында Абылай ханнан мақтау естіген Мамай батырға марапат білдіреді. Енді мына жәйға назар аударайық: Шәкәрім де өз шығармаларында тазалық пен мөлдірлілікке жетуге ұмтылмай ма? Ақын әрдайым адалдықты, ар тазалығын, пәктіктің үлгісіндей таза жүрек пен шын құдайды іздемей ме? «Еңлік – Кебек» поэмасында трагедиялық ахуалды суреттеу арқылы ақын «махаббат» атты ұлы сезімге арнап мәңгі өшпес гимн түзгендей сезіледі. Қарап отырсақ, Шәкәрім поэмаларының ішкі тұтастығы байқалады.
Әбділдә Тәжібаев пен Шәмшиябану Сәтбаева: «Еңлік – Кебекті» өзінің атақты драмасына айналдырған, сол арқылы тұңғыш драмашымыз болып танылған ұлы жазушымыз М. Әуезов те Шәкәрім рухына қарыздар екенін ұмытқан емес», – деп бүгінгі жас қауым, бізге ескерте жазды. [1]
Шынымен-ақ, «Еңлік-Кебек» ақынның жаңа белесі, жаңа шыңырауы. Біз енді дүниеге ғашықтық үшін, ынтызарлық үшін ғана туғандай жүректері шұғылалы, ақ ниеттері аппақ, армандары раушан гүліндей таза, көктем көбелегіндей күнәсіз – Еңлік – Кебекпен беттесеміз. Өздері де, өзара сөйлескен сөздері де ағылып тұрған ән, жастар әрбір оқырманның жан сырындай, өз қиялы, өз мұратындай сезіледі. Осындай оймен күрделі тоғысқан ғашықтар енді-енді ғана бірлесіп, өмір сүре бастағанда, бұлар да қыстай қаһарлы, тастай қатты жауыздыққа ұшырайды. Ол қаталдықты біз бірде рушылдық, бірде байшылдық патриархалдық деп атаймыз. Бәрін қосып айтқанда – ол бір қауымның әр кезеңде ілгері басқан басқан қимылына қарсылық, дұшпандық. Ол осы дұшпан топтың, адамдарын даралап көрсете білді. Олардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін, қасқыр қылықтарына дейін суреттеді. Біз әдеттері бұзық, салттары солақай, ойларына жамандық қана ұялаған, ұяттары өшкен, қолдарын адам қанына малғандар портреттерін көрдік. Осы ащы шындықтың бетін ашу арқылы Шәкәрім бізді сондай теріс мінездерден алшақ болғанымызды қалап, өмірлік сабақты өсиет ете білді.
Поэмада халық – ғашықтар тілектесі. Махаббат үшін өлімнен іркілмеген, ерлік шыңына көтерілген екі жас жұрт көзінде аңызға, ән-күйге айналды. Біз, бүгінгі қауым адамдары да, Еңлік пен Кебекке оны жырлаған Шәкәрім ақынға қайран қаламыз.
Баршамызға мәлім әдебиет майталманы Мұхтар Мағауин қазақ реализмін алғаш қалыптастырған Абай Құнанбаев, ал оны өз биігінде жалғастыра білген дарынды шәкірт Шәкәрім Құдайбердиев деп өзінің бағасын бере отырып, «Еңлік-Кебек» поэмасы турасында алғаш қалам тартқан – Абай деп білуге тиіспіз деп төмендегідей дәлел келтіреді:
1892 жылы «Дала уәлаятының газетінде» (№29,31–32, 34–40) жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты көлемді прозалық шығарма өзінің таным өресі, ой өрнегі тұрғысынан ғана емес, сөз саптау, сөйлем құру, көркемдеу тәсілдері жағынан алып қарағанда да да тек Абайға тән сипат көрсетеді. Кейбір зерттеушілер бұл еңбек тек Шәкәрімге тиесілі деп пайымдайды. Оған дәлелдері де жоқ емес. Алайда әуелде Абайдың өз өлеңдерін шәкірт достарының атына телігенін, «Дала уәлаятында» жарияланған «Жаз» бен «Болыс болдым мінеки» Көкбай атынан шыққанын еске алайық. Оның үстіне 1892 жылы 34 жасқа жаңа келген Шәкәрім өзін «Ұмытылған» санауы қисынсыз. Бұл лақап есімді кейін иеленсе керек. Әңгімені Абай пайдасына шешуге негіз беретін ең басты дәлел оның бүкіл құрылымында, образдар жүйесінде. «Дала уәлаятындағы» «Еңлік – Кебек» кейіпкерлері Шәкәрім жазған «Жолсыз жазадағы» тұлғалардан мүлде басқа, тіпті кереғар. Екі шығарманың да өзегі өмірде болған, нақты оқиға екенін ескерсек, бар ұқсастық осымен шектеледі, авторлық шешімнен, кейіпкер мүсіндеу тәсілі, көркемдеу жүйесінен ешқандай бірлік таппаймыз. «Дала уәлаятындағы» хиқая:... «Қазақ ішінде бәрі де өзгеріп кетті – мінездері де, жер-суы да. Жақсы болды ма, жаман болды ма, ендігі жазғанымыздан көрінер»,–деген сөздермен тамамдалады. Айтылмақ пікір газет бетіне шықпаған. Бірақ Абайдың «Ғақлиясының» ішінде жүр. «Отыз тоғызыншы сөз » деп нақты атауға болады. Түйіп айтқанда, «Қазақтардың есінен кетпей жүрген бір сөз»және сол «Дала уәлаятының газетінде» басылған тағы бір әңгіме–«Ескендір»поэмасының сюжеті нақпа-нақ баяндалатын, кейде тұтас сөз тіркестері қайталанып жататын «Тәкәппар әскербасы турасынан» – екеуі де Абай прозасының үлгілері болып танылады деп 1988 жылы «Жалын» баспасынан шыққан Шәкәрім шығармаларының алғы сөзінде өз ойын келтіре кеткен.[2]
Шығарманың негізгі арқауы махаббат трагедиясы болғанымен, ақын шағын көлемде тарихи ақпарат беріп, Ақтабан шұбырынды күндерін, елдің қырғынға ұшырап азып-тозуын сипаттай келе, қазақтардың қайта күш жиып, жауға қарсы аттанғанын, үлкен жеңістерге жеткенін айтады. Автор сол арқылы Еңлік-Кебек трагедиясына болған әлеуметтік жағдайларды ашу. Сол себепті де, ақын ойрат одағы жойылғаннан соңғы кезеңде шығыс облыстарға ауа көшкен рулардың өзара күресіне арнайы тоқталады. Хандық өкімет құлап, әркім өз басына би болған замандағы бұл қақтығас ел мүддесінен емес, ағайынға тиесілі болған жайлау, қыстауды тартып алу мақсатына туындаған еді. Әрине, тар жерде тек отырып, аштан қырылмадың деп Тобықтыны кінәлау қиын,бірақ кең қонысының бір өңірін қаны қарайып келген ағайынға қимаған Матайды да ақтап алу мүмкін емес. Енді ағайын арасында күрес басталды. Дәл осындай уақытта албырт көңіл, ақ махаббат табыстырған Тобықты жігіті Кебек пен Матай қызы Еңліктің тағдыры қандай болмағы айтпаса да түсінікті.
«Еңлік-Кебек» поэмасында Кебек образы нағыз батырға тән образ десек қателеспейміз. Ол Еңлік үшін басын өлімге де тігеді. Еңлікпен елсіз тауда өмір сүруге бел бууы, Матайлар қоршаған сәтте нағаз ер жігітке тән мінез. Кейбір зерттеушілер осы сәттегі Кебекті Шәкәрім әлсіздеу көрсеткен деседі. Ал біз бұны Шәкәрімнің Кебекті шыншылдықпен бейнелеуі деп түсінеміз.
Батыл Еңлік те сол тұста қазақ қызына бергісіз шешімділік танытып, Кебекке қалайда бірге болуға қолқа салады. Еңліктің бұл әрекетінен біз өрескелдік қылықты емес, керісінше өз бостандығы үшін күрескен үлгі боларлық берік рухты көреміз.
Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл поэманы қара өлең үлгісінде жазып, 652 жолға сыйдырған. Бірақ осы шағын ғана көлемге толық романтикалық материалды енгізген.
Жазушының өзі жоқ, шығармалары сайрап тұр. Мінезі, бейнесі, тұрмысы, барша тағдыры шығармаларынан өріп шыға келеді. Шығармалары сөйлеп тұрған жазушыны өлді деуге хақың жоқ. Оны ұғуға көңілдің көзі, зерденің зейілі болса, жетіп жатыр.
Шәкәрім ! Ол – ұлы есіммен жүректің дәл түбін шаншыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған, ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократияшыл озат ойларды берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті жазушы.
Ел мен Жерге ем болған ердің қадір қасиетіне бас имейтін, поэзиядан мақұрым ездер мен ерсі, ессіз мемлекеттік мекеме басшыларының салғырт, салақтығының салдарынан салмақты асылдарымызбен сабақтасып жатқан ақын, батырларымыздың салы суға кетіп, өздеріне тиесілі жер бетіндегі сыбағаларына сына қағылуда. Менің ойымша, қазақ халқының зиялылары қандай бір қиындық кездеспесін, басына қандай бір қауып-қатер төнбесін, зиялы болып қалулары керек. Барлық кезде өзін-өзі ұстап, өзімен еріп келе жатқан іні-қарындастарына, ұл-қыздарына, үлгі өнеге танытып, зиялылыққа тәрбиелеулері тиіс.
­Өсетін елдің, өркен жаятын елдің ұрпағы осы шығармадан ғибрат алар, ұлттық рухы биік жақсылар мен жайсаңдар көбейер деп ойлаймын. Сондықтан да оған бағышталар бүгінгі заманның, болашақтың ескерткіші де қоладан құйыла ма, шомбал жартас, мөлдір бұлақтан өріле ме, бәрібір ең бастысы тектілік-тегіне лайық шын пейіл көңілімен көмкеріліп, өзі медет тұтқан тек таза әуен мен әуезден ғана құрастырылуы шарт.
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларында айтылған ұшқыр ойлар егеменді еліміздің, қазақ тағылымындағы жас ұрпақтың ойына - ой қосып, жігеріне – жігер қосып, азаматтық рухта тәрбиелейді деп сенемін. Біріміздің көзімізге көрініп қуанышқа кенелтер, біріміздің күпті көңілімізді ойландырып есейтер Қазақстанның келер ғасыры осындай аяулы перзенттері ғибраты мен рухани кеңестігін көріктендіре берері хақ.



Каталог: download -> vestnik
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал вестник таразского государственного педагогического института научно-педагогический журнал
vestnik -> Государственного педагогического


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   203




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет