Тарғап ауылының тарихы ақпараттар «Тарихтың куәсіндей Қозыбасы»


Қаттаубай атындағы кооператив



бет2/4
Дата24.10.2023
өлшемі156,3 Kb.
#188016
1   2   3   4
Байланысты:
ТАРҒАП АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ (8)
мет. разработка по химии, Сабырқызы Анель слайд

Қаттаубай атындағы кооператив


Қозыбасы тауының күнгейінде – Дегерес, теріскейінде – Тарғап.Жерлері шектесіп жатқан екі ауылдың ел-жұрты ширек ғасырға жуық қоян-қолтық араласып, бір шаруашылықта еңбек етіп, туыстасып кетті. Қазір осы екі ауылдың адамдары қай жерде кездессе де, шүйіркелесіп амандасып, жағдай сұрасып, дос-жораларының халін білісіп, жақын туысымен кездескендей мәз-мейрам болып қалады. Осы жәйттің өзі екі ауылдың ел-жұрты кезінде сондай жарасымды өмір кешкенін аңғартқандай.“Дегерес” асыл тұқымды жылқы зауыты 1996 жылдың аяғы мен 1997 жылдың басында тарап, үш кооператив болып (Дегерес, Сұңқар, Тарғап) бөлінді.Тарғап ауылы жарты ғасырдан кейін, 1997 жылғы қаңтардың 6-да “Қаттаубай атындағы кооператив” болып, өз алдына бөлініп шықты. Кооперативтің төрағалығына Тарғаптың түлегі, Дегерес ауылдық аймағының сол кездегі әкімі Базарбаев Мұратбек бекітілді. Мұратбек аймақтың әкімі болғанға дейін агроном, бригадир, бөлімше меңгерушісі болып, әр саладан тәжірибе жинап ысылған, еңбекқор, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, көздеген мақсатына жетуге тынбай талпынатын, тындырымды азамат еді.Ауылдың өзіне тиесілі үлесін алып, кооператив болып бөлініп шығуына да Мұратбек араласып, мол еңбек сіңірді.Әрине, кез-келген шаруашылықтың табысқа жетуі дұрыс басшылық жүргізумен қатар ұжымның ұйымшылдығы мен ынта-жігеріне, мамандардың біліктілігі мен атқару, орындау қабілетіне байланысты.Жұдырықтай жұмылған ұжым жігіттері науқан кезінде күнделікті таңғы сағат 6-да, жай кездері сағат 7-де жиналып, өткен күннің қорытындысын шығарып, жаңа күнге міндеттер белгілеп, тапсырма алып отырды.Жылда мақсары егіп, май сығатын цех, диірмен, макарон цехтарын ашып, тәуелсіздігіміздің елең-алаңында шаруашылыққа қиындау соққан өтпелі кезеңде кооператив өз жұмысшылары мен бүкіл ауыл тұрғындарын арзан азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды.
Кооперативтің табысын еселеп арттыруға Ленин орденінің иегері, озат механизатор марқұм Әлімбаев Болат, озат механизаторлар Таңатаров Дүйсен, Ақжігітов Талғат, Жұртшиев Исабек, Медеуов Қозыкен, Амантаев Анарбек, Байтуғанов Сәбит, Жұртшиев Жұмабек, Мыңбаев Дәуіт, Әбдірахманов Бақыт, Құлжабаев Секен, Байшалов Қайрат, шебер ұста Ералиев Темірақын, дәнекерлеуші Мырзақұлов Серікбай, шебер Ноғайбаев Алмасхан тағы басқа да азаматтар елеулі үлес қосты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет