Тарғап ауылының тарихы ақпараттар «Тарихтың куәсіндей Қозыбасы»



бет3/4
Дата24.10.2023
өлшемі156,3 Kb.
#188016
1   2   3   4
Байланысты:
ТАРҒАП АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ (8)
мет. разработка по химии, Сабырқызы Анель слайд
МЕКТЕПБІЛІМ БҰЛАҒЫ

Қазақстанда халықтың мәдени дәрежесін көтеру жөніндегі басты міндеттердің ішінде ең шұғылы жаппай сауатсыздықты жою болды.


Тарғап ауылында да 1930-1931 жылдары осындай сауатсыздықпен күрес штабы құрылды. Бұл штабтар: 1. 17-35 жастағы адамдардың арасынан шала сауатты және сауатсыздардың тізімін жасады. 2. Сауатты, көзі ашық жергілікті тұрғындардың арасынан мұғалім бола алатын адамдарды іріктеп, анықтады. 3. Сауатсыздықты жойып, халықтың мәдениетін көтеру – аса маңызды міндет екені туралы бұқара халықтың арасында үгіт-насихат жұмыстарын дамытып, халықты жаппай сауат ашуға үндеді.
Осындай алғашқы мұғалімдікке орта кәсіптік білімі бар маман Үсенов Үйсінбай және латынша толық сауатты азамат Қыстаубаев Жақыпбай тартылды. 1930 жылы 27 тамызда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі баршаға бірдей міндетті бастауыш оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады.
Жергілікті жағдайға байланысты, Тарғапта 1932-1933 оқу жылында тұңғыш бастауыш мектептің 1 сыныбы ашылды. Патшалық Ресей кезінде пошта бекетіне арналып салынған үш бөлмелі қоржын үй енді мектеп үйі болды. Алғашқы мұғалім және мектеп меңгерушісі болып Үсенов Үйсінбай бекітілді.
Үйсінбай Тарғаптың түлегі, кәсіптік білімі бар сауатты азамат еді. Домбыра, аккордеон, скрипка аспаптарын нәшіне келтіре орындайтын жетік маман болатын. Тарғапта Үйсекеңсіз той-жиын өтпейтін. Араға екі жыл салып Үйсінбай маман музыкант ретінде Семейде ашылған театрға шақырылады. Орнына Ақтерек ауылының тұрғыны Сапарғожаев Әліпбай деген кісі тағайындалады. Осылайша Тарғапта алғашқы бастауыш мектеп ашылып, оқу жасына жеткен және жасы асқан балаларды қабылдап, білім нәрімен сусындата бастайды.

Мектеп 1932-1950 жылдар аралығында бастауыш мектеп болды. Осы жылдар ішінде мектепте әр мезгілде Үсенов Үйсінбай, Сапарғожаев Әліпбай, Сапиев Жексебай, Сапиева Мәлике, Терлікбаев Садуақас, Хасанаева Дариға, Дуабаев Исағұл, Байжанов Тәшмет, Қоқышев Асқар, Тұрлашев Мақат, Шәмшиева Қайша, Төлепбергенова Қапуза, Қашағанов Қапалбай, Көкеев Бейсенбай, Әбдірайымов Қасымқұл, Сұрапбергенов Қырықбай сынды мұғалімдер оқушыларға сапалы білім, тәлім-тәрбие берді.


Мектеп 1950-1951 оқу жылында Сталин атындағы жеті жылдық мектеп болып құрылды. Мұғалімдер қатары пән мұғалімдерімен толықтырылып, Жамбыл аудандық білім бөлімінің жолдауымен Дәуренбеков Аждарбек мектеп директоры болып келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет