Тарғап ауылының тарихы ақпараттар «Тарихтың куәсіндей Қозыбасы»



бет4/4
Дата24.10.2023
өлшемі156,3 Kb.
#188016
1   2   3   4
Байланысты:
ТАРҒАП АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ (8)
мет. разработка по химии, Сабырқызы Анель слайд
ШАПЫРАШТЫ НАУРЫЗБАЙ

Өткен тарихымызды бағамдап, ел қорғаған ерлеріміздің даңқын асырып жатқанымыз да тәуелсіздігіміздің арқасында қол жеткізген жетістік десек, ешбір асырып айтқандық емес. Тәуелсіздігіміздің арқасында бұған дейін көп айтылмай келген қаншама ардақтыларымыздың рухтарын асқақтатып, есімдерін ұлықтап жатырмыз. Дара туған жандардың киесінің де бірде қызыл жолбарыс, бірде асыл текті сұңқар, енді бірде көкала үйрек тәрізді болып құбылып тұратын қасиеті бар. Сол заманда ел намысы деп атойлап шыққан ерлер ақ найзаның ұшымен, сом білектің күшімен ұлан-байтақ жерімізді, асқар асу белімізді сақтап қалды.


Заманның бетбұрысты, шешуші кезеңдері тарих дөңгелегінің қай бағытта айналуына әсер ететін айтулы тұлғаларды тудырады. Қазақ тарихындағы «Елім-айлап» еңіреген кезең де осылайша өз қаһармандарын дүниеге келтіріп, уақыт сахнасына Абылай мен Әбілқайыр сияқты хандарды, Қарасай, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай сияқты жаужүрек батырларды шығарды.
Наурызбай есімі 1727-1731 жылдары кеңінен таныла бастады.Наурызбай батыр – Аға жүз құрамындағы шапырашты руынан шыққан қазақ қолбасшыларының бірі.18 ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы күресті. Ол Абылай ханның (Қабанбай, Бөгенбаймен бірге) үш ту ұстаушысының бірі болған. 1706 жылы қазіргі Жамбыл облысы жерінде дүниеге келген Наурызбай соғыстың қиындығын басынан өткеріп, көрнекті тұлғаға айналды.Наурызбай 1729 жылы Аңырақай шайқасында шапыраштының жасақтарын басқарып, қазақтар жоңғар әскерлерін талқандады.
Наурызбай батыр кесенесі Дегерес ауылынан сәл батысқа қарай, Беріктас ауылынан 6,5 шақырым шығыста және сәл солтүстікте, Тарғап ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6,8 шақырымда, Алматы облысының оңтүстік-батысында Жамбыл ауданында. Алматы-Бішкек тас жолынан 4,2 шақырым жерде орналасқан.Кесене 2003 жылы қайта жөндеуден кейін қызыл кірпіштен тұрғызылған, жанына ескерткіш тас орнатылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет