Тарғап ауылының тарихы ақпараттар «Тарихтың куәсіндей Қозыбасы»



бет1/4
Дата24.10.2023
өлшемі156,3 Kb.
#188016
  1   2   3   4
Байланысты:
ТАРҒАП АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ (8)
мет. разработка по химии, Сабырқызы Анель слайд

ТАРҒАП АУЫЛЫНЫҢ ТАРИХЫ
Ақпараттар «Тарихтың куәсіндей Қозыбасы» кітабынан алынған (Авторы: Е.Рақышев)

Оқушы: Тойшыбек Кәусар
Мұғалім: Ибағалиева Шәйкен


Мазмұны


Жобаның мақсаты ii
Қаттаубай атындағы кооператив iv

Чтобы начать работу, коснитесь любого замещающего текста (например, этого) и начните писать.

Жобаның мақсаты


Просматривайте и редактируйте этот документ в Word на компьютере, планшете или мобильном телефоне.
Редактируйте текст, вставляйте содержимое, например рисунки, фигуры или таблицы, а затем легко и просто сохраняйте документ в облаке с помощью приложения Word на компьютерах Mac и устройствах с Windows, Android или iOS.
ТАРҒАП
Қозыбасының солтүстік етегінен 5 шақырым жерде, бұрынғы Жібек жолы, қазіргі “Алматы – Бішкек” тас жолының бойында Тарғап ауылы орналасқан.Бұл ауылдың өткен тарихына үңілсек, XVIII ғасырдың аяғына дейін “Қозыбасы ауылы” делініп, өзі етегіне орналасқан таудың атымен аталыпты.Қозыбасыны қақ жарып өтетін Тарғап өзені бастауын Екіаша, Кеңсай тау сілемдері мен Дегерес ауылының шығысындағы бұлақтардан алады.
Ертеректе өзеннің екі жағалауын Тайторы руының Бегалы, Досалы аталарынан тараған ұрпақтары мекендеген.
Тарғаптың Ұлы Жібек жолының бойына орналасуы да қыстақтың болашағына өзіндік әсерін тигізді.Қыстақта кесілген бөренеден үш бөлмелі қоржын үй пошта бекеті, ат ұстауға арналған қора, тереңдігі 40 метрге жуық бетон шеңбермен шегенделген ауыз су кұдығын қазып, пайдалануға берілді. Құдық суы аздаған тұздылығы болмаса, мейірлене ішетін өте салқын, мөлдір су еді. Осы жолдың бойымен өткен жолаушылар мен ауыл тұрғындары құдықтың суын 1990 жылға дейін бір ғасыр бойы пайдаланды. Су сорғысын орнатып тазаласа, әлі де қажетке жарамды.
Осы шаралар туралы архив материалдарында: «Тарғап ауылына 1890 жылы патша үкіметінің отарлық саясатын жүзеге асыру мақсатыменный Верный – Қарабалта пошта байланыс жолына үш бөлмелі пошта бекеті салынды. Пошта бекетінің бастығы болы Никифор Шебриков бекітілді.Тарғап бекетінің жоспарын Жетісу губерниясының әскери губернаторы 1891 жылы мақұлдап бекітті” – делінген.

Осындай шаралардан кейін Тарғап ауылына басқа ұлт өкілдері келіп, орналаса бастады. Никифордан өзге де орыс отбасылары қоныстанды. Соның ішінде Семен, Федор деген белсенділеу орыс шаруалары келіп, Тарғаптағы суармалы шұрайлы тегіс жерлерді иемденген.Егін егіп, шөп шауып, бақша салып, қазақтардан мал алып, шаруашылық жүргізген.

Ауыл тұрғындары біртіндеп арта түседі.Қазақтар үй салуды үйренеді. Бұрынғы жер үйлерін тастап, соқпадан, құйма кірпіштен екі-үш бөлмелі там салдырып, отырықшылыққа көше бастайды. Бау-бақша, егін салған қазақтардың саны біртіндеп арта түседі.
Тарғап тұрғындары да үй салуды үйренген. Ауыл жігіттері бірігіп, асар салып, кезекпен үй тұрғызып алатын болған.ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың басында Тарғаптың айналасындағы қазақтар да егін егумен, әсіресе тары себумен айналысты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет