Тарих және құқық факультеті деканы


Тақырып:АҚШ-экономикалық, саяси және әскери саладағы әлемдік лидер Дәрістің мазмұны



бет5/12
Дата19.05.2017
өлшемі2,14 Mb.
#16448
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тақырып:АҚШ-экономикалық, саяси және әскери саладағы әлемдік лидер

Дәрістің мазмұны: Халықаралық қатынастардағы АҚШ, артықшылықтары, лидерге айналу себептер. Сыртқы саясаттың жалпы эволюциясы.

Новые тенденции постиндустриального мира и региональные проблемы междуна­родных отношений. Формирование нового миропорядка на началах реального полицентризма. Гегемоны и лидеры в международных отно­шениях. Международная стратификация. Роль великих держав в мировой политике. Внешнеполитическая деятельность государства в международных организациях и в мировой политике.

Восток — Запад: конфликт или взаимодействие. Региональные геостратегические треуголь­ники. Многополярность и региональные подсистемы междуна­родных отношений. Дихотомии: центр — периферия. Запад — Восток, Север — Юг. Евразийство и региональные про­блемы международных отношений.

9 дәріс



Тақырып: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа.

Дәрістің мазмұны: Орталық және Оңтүстік-Шығыс Европа елдері. Оңтүстік-Шығыс Европа үшін болашақ стратегиясы. 1999 ж. тұрақтылық пактісі және оның қамтамасыз етілуі. Югославия, ондағы демократиялық және саяси қайта құрулар.Балкандағы интегрциялық процестер. Нафта ролі.

1990-1991 жылдары шешімдерді қабылдау негізінде Шығыс Европадағы коммунизмнің құлдырауымен және КСРО-ғы реформалардың жалғасуымен басты себеп Европа бытыраңқылығы екінші орында қалғандығы болды. Шығыс континентіндегі реформалар уақытты қажет ететіндігін түсінген СБСЕ мүшелері біріккен демократиялық Европаға жол – құндылықтар Хартиясында бекітілген Шығыс пен Батыс арасындағы жақындасу негізінде ашылатындығына көзі жетті. Бұған 80-90 жылдарда құрыла бастаған европалық мемлекеттердің қарым-қатынастарындағы жаңа механизмдер ықпал етілуіне шақырылды. Оларға келесі үрдістер кіреді:

- СБСЕ аясында саяси диалог пен қарым-қатынастардың институционализациясы;

- Шығыс ( СЭВ, ОВД ) пен Батыс ( НАТО, ЕО, ЗЕС ) елдерінің көп жақты ұйымдардың реформасы;

- Бір жағынан НАТО, ЕО, ЗЕС, Европа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықты дамыту, екінші жағынан Шығыс Европа мемлекеттерімен;

- Субаймақтық ұйымдардың қалыптасуы, олрдың қатарларына Орталық европалық инициатива, Вишеградтық топ, Балтық теңізі мемлекеттерінің Кеңесі (СБЕР ), Қара Теңіз экономикалық ынтымақтастық, Оңтүстік Шығыс Европағы ынтымақтастық бойынша инициатива.

Түрлі жалпы Европалық, аймақтық және субаймақтық ынтымақтастық формаларының бірігуі Европада мемлекет аралық қатынастардың жаңа жүйесінің құрылу үрдісін қамтамасыз ету керек еді. Алайда, 90 жылдардағы оқиғалар көптеген жоспарлардың орындалуына күмән келтірді.

1. Аз уақыт ішінде Қырғи қабақ соғысы кезінде Шығыс Европада КСРО билігін қамтамасыз еткен ұйымдар өз қызметін тоқтатты. 1990 жылдың аяғында Орталық және Шығыс Европа ( ЦВЕ ) елдерінде өрістеген кеңес басшылығының «Брежнев Доктринасы» үлгісіне қайтадан келу үрейі 1991 жылы-СЭВ пен ОВД тағдырын анықтады. 1991 жылдың 27 маусымында СЭВ-ті тарату туралы, ал 1 шілдеден бастап Варшава ұйымы қызметін тоқтату туралы протоколға қол қойылды. 1991 жылы ЦВЕ елдері КСРО-мен екі жақты саяси келісімді қайта қарау үрдісін тездетті. Кеңес әскерлері Венгрия, Польша және Чехословакиядан шығарылды. ЦВЕ елдерінің жаңа сыртқы саяси жүйесі құрылды, олар өздерінің басты міндетін Европа Кеңесі, ЕО және НАТО-ң ИНтеграциясынан көрді.

2. Югославия дағдарысының пайда болуы, 1991 жылғы Сербияның және федерация құрамынан шығуға тілек білдірген Хорватия мен Словения арасындағы әскери қарама-қайшылықтардың басталуы, ал 1992 жылғы Босния мен Герцеговинадағы ( БиГ ) соғыс; 1991 жылдың аяғында КСРО-ң ыдырауы-барлығы Европадағы жағдайлардың терең өзгерісіне алып келді.

3. Жаңа жағдайда өздерінің рөлін Батыс Европалық (ЕО, ЗЕС, Европа Кеңесі) және Евро-атлангтикалық ынтымақтастық (НАТО) институттары сақтап қалды. Алайда, бұл ұйымдар да европалық даму проблемасын шешуде өздерінің жаңа рөлін анықтау қажеті туындады, сонымен қатар посткоммунистік мемлекеттермен жаңа қатынастарды құру тұрды.


Жаңа Европаны құрудағы негізгі дилеммалар

Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен екі әскери блок арасында ұлттық және европалық қауіпсіздік мәселелері, бастысы кең масштабтағы әскери дағдарыс қаупі соңғы орынға шықты. Алдыңғы орынға жаңа проблемалар мен шақырулар қойылды, оған жеке және коллективті түрде континент елдері тіреледі. Европадағы мемлекет аралық қатынастар жүйесінің болашағына болжам жасайтын европалық саясатытың негізгі дилеммаларына келесілер жатады:

1. Германияның бірігуі мен оның суверенитетіне деген шектеуді алып тастау кейбір елдерде үрей туғызды. Германияның ЦВЕ елдері мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың жандануы; оның мұндағы реформаларды қолдауы мен шетел инвестицияларын қамтамасыз ету үрейді одан сайын күшейтті. Германия саясатының «ренационализациясы» соңында европалық державалар арасында бәсекелестікті жандандырды. Ол өз кезегінде жаңа дағдарыстар туғызды.

Германияның бірігуі үрдісінде батыс елдері оның саясатының маңыздылығы Германияның ЕО және НАТО-ға интеграциялануы болады деп есептеді. Бұл көзқараспен кейін кеңес басшылығы да келісті.

ФРГ-ң саяси класында 90 жылдардың басынан европалық саясатқа қатысты келесі консенсустар қалыптасты:


  • ЕО пен НАТО интеграциясындағы үрдісті сақтау, ФРГ-ң бір жақты іс-әрекеттерден бас тартуы; Германия ЕО қызметінің кеңеюін қолдай отырып, осы үрдістің жақтаушысы болып табылады;

  • ЦВЕ елдерінің батыс құрылымдарға кіруіне ықпал ету; осылай Бонн бір жағынан ЕО пен НАТО интеграциясы арсындағы қайшылықтарды жоюға, екінші жағынан ЦВЕ елдерінде саясатты жандандыруға талпынды;

  • Германия Ресеймен әріптестік қатынастарды сақтап қалуға ұмтылуда.

2. Ғасырлар бойы Ресей мен Европа қатынастары бір-біріне екі жақты тартылумен қатар алыстау ретінде қаралды. Бірінші КСРО-ң, кейін Ресейдің демократизациялануы, нарық реформаларының саясаты және шаруашылық үрдістерге бейімделуі Ресейдің европалық және жахандық жүйесіне біртіндеп интеграциялануына жол ашады.

3. 80 жылдардың аяғындағы Европадағы саяси және идеологиялық бөлінуді бастан өткізу Батыс және Шығыс Европа мемлекеттері арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселесін тез шеше алмады. ЦВЕ елдеріндегі өтпелі кезеңнің қиындықтары мен жалғасуы 90 жылдардың басында еленбеді, сондықтан Европада әлеуметтік-экономикалық бөлу сызықтары сақталуда. Ішкі дестабилизацияның қауіптілерінің бірі 1996-1997 жылдардағы Албаниядағы хаос болып табылады.

4. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін Европа локальді және аймақтық дағдарыстарды басынан кешірді, соның ішінде қарулы. Бұрынғы Югославияда массалық күшті қолдану Европа үшін үлкен шок болды.

Европадағы қазіргі дағдарыстардың көпшілігі ұлттық мемлекет құру деңгейінен өтпеген елдерде әскери қарсылық бой алды.

5. НАТО-ң 1999 жылғы наурыз-маусым айларындағы Косово (СРЮ) дағдарысына әскери араласуы Европаны жаңа проблемалар алдына қойды.

Осымен бірге 1998-1999 жылдардағы косоволық дағдарыс басқа маңызды және ұзақ мерзімді проблеманы туғызды. Ол халықаралық, соның ішінде европалық қауымдастық мемлекеттерінде бейбіт, қарусыз құралдардың болмауымен байланысты. Арнайы халықаралық құралдарды дайындау косово дағдарысы тұсында айқын болды.

6. Қауіпсіздіктің жаңа шақырулары 90 жжылдары қауіпсіздік саясатының дәстүрлі емес өлшемдері ы айтуды рұқсат етті.

Егер 1989-1992 жылдары европалық мемлекттердің көпшілігі жаңа европалық жүйені құру нұсқалары туралы айтуда сақтық білдірсе, ал 1993-1994 жылдардан бастап көптеген үрдістердің ықпалымен нұсқалар саны азая бастады. 1997 жылы дискуссиялар дейгейі аяқталды. 1993-1997 жылдары біріккен Европаны құрудағы «парадигма өзгерді». Ол қазіргі кезде Шығыс пен Батыстың «жақындасуы» негізінде пайда болды, ал нәтижесінде батыс ұйымдарының біртіндеп кеңеюімен жалғасты.


СБСЕ-ң ОБСЕ-ге институционализациялануы мен қайта құрылуы

1990 жылға дейін СБСЕ мемлекет аралық форумдар сериясын құрып келді. Жиналыстар үш негізгі міндеттерді шешуді қамтамасыз етті. Шығыс пен Батыс арасындағы интенсивті және жиі сұхбатты қолдау; мемлекттердің бір-біріне деген және азаматтарға деген қатынастардың нормалары мен стандартты көзқарастарының бірігуі; мемлекеттер міндет етіп алған мәселелерді қарастыру. 90 жылдардың басына СБСЕ Шығыс пен Батыс арасындағы қатнастарды реттеу құралына айналды. 1990 жылдан кейін СБСЕ-ң дамуы, 1995 жылдың 1 қаңтарынан Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ұйымға (ОБСЕ) айналуы бірнеше белгілермен сипатталды.

1. 1992-1993 жылдары ОБСЕ құрамы оған бұрынғы КСРО елдері мен бұрынғы Югославия елдерін, сонымен қатар Албания мен Андорраны қабылдауымен кеңейді. ОБСЕ ең әмбебап, жалпы европалық ұйым болып табылады. Ол оның жұмысындағы артықшылықтары мен қиындықтарын да айқындайды. Ұйым проблемалары арасында консенсусқа жету қиындығымен қатар қатысушы- мемлекеттердің мәдени-саяси көпжақтылығы айтылады.

2. Париж Хартиясы СБСЕ-ң институционализациясына жол салды, оны ОБСЕ-ге қайта құрылуына жетеледі. 1990 жылдан бастап ұйымның тұрақты және күн сайынғы жинақтаушы құрылымдары мен институттары құрылады. Екі жылда бір рет жоғарғы деңгейдегі кездесулер өткізіледі (1992 жылы, Хельсинки; 1994 жылы, Будапешт; 1996 жылы, Лиссабон). Бастапқы кезде жылына бір рет, ал қазіргі таңда екі жылда бір рет ОБСЕ министрлер кеңесінің кездесулері өткізіледі (1991 жылы, Берлин; 1992 жылы, Прага мен Стокгольм; 1993 жылы, Рим; 1995 жылы, Будапешт; 1997 жылы, Копенгаген; 1998 жылы, Осло). Шешімдерді өзі қабылдай алатын орган тұрақты кеңес болып табылады, ол Венада апта сайын отырыстар өткізеді. Прагада бюросы бар Венада хатшылық; Варшавада-демократиялық институттар мен адам құқықтары бойынша Бюро (БДИПЧ); Женевада-ОБСЕ аясындағы пайдалану мен арбитраж бойынша Сот орналасады. Жыл сайын Прагада ОБСЕ экономикалық форумы өткізіледі. Венада қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша ОБСЕ форумы қызмет істейді, оның аясында қару-жарақтарды бақылау мәселелері қарастырылады.

3. ОБСЕ-ң оперативті қызметі кеңейіп келеді. Ол дағдарыстардың алдын алу, дағдарыстарды бақылау және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру шараларын; құқықтық мемлекет институттарын құру және адам құқықтарын қамтамасыз ету салаларында көрініс табуда.

1992 жылдан бастап ОБСЕ дағдарыс аймақтарына ұзақ мерзімді миссияларды бағыттауда. Ұзақ мерзімді миссиялар БиГ, Грузия, Латвия, Македония, Молдова, Тәжікстан, Украина, Хорватия, Эстония, Косовода қызмет істеуде. 1995 жылдан бастап ОБСЕ топтары Шешенстанда, ал 1998 жылдан бастап Беларуссияда қызмет атқарады. Минск тобы таулы карабах мәселесіне кірісті. ОБСЕ тұрақты Албанияда өкілдік етеді.

1996 жылдан бастап ОБСЕ пост дағдарыстардан кейінгі қалпына келтіру міндеттерін орындай бастады. ОБСЕ-ге қару-жарақтарды субаймақтық бақылау шаралары, Оңтүстік Шығыс Европада аймақтық шаралар туралы келіссөздер жүргізу, сенімді нығайту шаралары міндеттелді.

90 жылдардан бастап ОБСЕ басқа да халықаралық ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді.

4. Басқа европалық ұйымдарға тән емес және ОБСЕ-ң әмбебаптылығын көрсететін функцияларына келесілер кіреді:

- жалғыз жалпы европалық ұйым бола отырып ОБСЕ нормативтік қызметтерді жүзеге асырады, сонымен қатар басқа аймақтық ұйымдар қабылдаған шаралардың легитимдігін қамтамасыз ете алады;

- қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бойынша веналық Форум аясында қару-жарақтарды бақылау мәселелері қарастырылады және шешіледі: сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары; ашық аспан бойынша Келісім, Европадағы жай әуе күштері туралы Келісім (ОВСЕ) және ОВСЕ-IА;

- ОБСЕ-ң дағдарыстардың алдын алу, хабарлау сияқты оперативті қызметтері керемет болып табылады;

- Европа Кеңесі мен ОБСЕ-ң ұқсастықтарына қарамастан, соңғысы адам құқықтарын сыйлау мен құқықтық мемлекет институтын құруда ОБСЕ барлық аймақтарындағы жалғыз ұйым болып қалуда.
ЦВЕ-ге трансформациялау үрдістері

90 жылдары ЦВЕ елдерінің сыртқы саясаты мен ішкі даму динамикасы бірнеше факторлармен анықталды. 90 жылдардың басына таман дискуссиялар кезеңінен кейін бұл елдерде негізгі ішкі және сыртқы саяси мақсаттарының кең консенсусы қалыптасты. Оның мәні ЦВЕ елдерінің Европаға реинтеграция жолдарын анықтау болды. Яғни, Европа Кеңесі, ЕО, ЗЕС, сонымен қатар НАТО-ға мүше болу.

ЦВЕ елдерінің жағдайына бірнеше факторлар ықпал етеді. Біріншіден, реформалар үрдісі мұнда қиын және ұзақ мерзімді болды. Екіншіден, саяси және экономикалық реформаларды жүүзеге асыруда ЦВЕ елдерінің дифференциациясы рельефті бола бастады.

Өткізіліп жатқан қайта құруларға коммунизм кері әсерін тигізуде: биліктің жоқтығы, азаматтық қоғамның дамымағандығы, ориентирлердің болмауы. Экономиканың жүйелік және құрылымдық реформаларын жүргізу бюрократия мен қызығушылар топтарының мықты позициясымен қиындатылады. Қиындықтарды сонымен қатар нарық экономикасына көшу мен саяси жүйені қайта құру туғызып отыр.

ЦВЕ-ң он елінің ішіндегі Албания, БҰҰ-ң классификациялауы бойынша, кіріс иөлшері төмен мемлекеттер қатарына жатқызылады. Мемлекеттердің көп бөлігі кірісі төмен орта топтарға жатады. Тек үш ел (Чехия, Венгрия және Словения) кірісі жоғары төмен топтарға кіреді. Кірісі жоғары топтар қатарына ЦВЕ-ң ешбір елі жатпайды. Экономикалық дамудың төмендігі, коммунистік жүйенің тез бөлінуі, ескі мәселелер мен өнімділіктің төмендеуі өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық үрдістерге кері әсерін тигізді.

ЦВЕ-ң бес мемлекеті-Чех Республикасы, Польша, Венгрия, Словакия және Словения реформаларды жүзеге асыруда лидер болып табылады.

ЦВЕ-ң лидерлік бестігі реформаларды жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізді, 90 жылдардың екінші жартысында олардың экономикалық жағдайы жақсарды. 1993-1994 жылдары барлық бес елде экономикалық өсім байқалады. Бұл елдер үшін оң фактор инвестициялардың өсуі және инфляциялардың бірқалыптылығы болып есептеледі. Кері факторларға бұнда жұмыссыздықтың жоғары деңгейі жатады (Чехиядан басқалары); орта жалақы деңгейінің төмендеуі; әлеуметтік дифференциациялардың өсуі; әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйесінің болмауы; тұрғындардың кедейлікке ұшырауы.

Балтия елдері-Латвия, Литва және Эстония ЦВЕ-ң лидерлік бестігі қатарына қосыла алатындарға жатады. Алайда, олар бұрынғыдай экономикалық және әлеуметтік проблемаларға тіреледі. Оңтүстік Шығыс Европа елдері-Албания, Болгария және Румыниядағы трансформация үрдісі тұрақсыз нәтижелермен көрінді, соның ішінде 1996-1997 жылдардағы албан дағдарысын айтуға болады.

ЦВЕ-ғы сыртқы саяси жағдай аймақтық және экономикалық ынтымақтастық механизмдерінің жоқтығымен сипатталады. Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін мұнда түрлі субаймақтық ұйымдар пайда болды. ЦВЕ елдері Орталық европалық инициатива, вышеградтық топ, СГБМ, ЧЭС, карпат аймақтарының ынтымақтастығына мүше. Болгария Оңтүстік Шығыс Европа мемлекеттерімен қатынасты дамытуда инициатива білдіруде. Субаймақтық ынтымақтастық саясатын Румыния жүргізеді. Ол 90 жылдары бір-бірін толықтыратын үш жақты ынтымақтастық пактісінің күрделі «үшбұрыш» жүйесін құрды (Польша мен Украина, Болгария мен Түркия, Молдова мен Украина, Венгрия мен Австрия, Болгария мен Греция).
Евро Одақ: интеграцияның тереңдеуі мен кеңеюі

Қырғи қабақ соғыстың аяқталуы, Европада блоктық қаосылықтың жойылуы, Германияның бірігуі, ЦВЕ-де жүйелік трансформацияның басталуы ЕО елдерін жаңа белестер алдына қойды. Германияның европалық саясатқа күшейіп келе жатқан ықпалын «басу» Бонн әріптестерін ЕО аясындағы интеграцияны тереңдетуге итермеледі. Бұл саясат жақтастары, жекелей, Франция, Италия, ЕО-ң кіші елдері кірді. Басынан бастап бұл саясатты Германия қолдады. Ұлыбритания ЕО құрамының ЦВЕ мемлекеттері арқасында кеңейгенін қолдады. Аз уақыт ішінде ЕО аясындағы негізгі дискуссиялар: тереңдеу немесе кеңею дилеммаларына тірелді. Нәтижесінде таңдау интеграцияны тереңдету жағына жасалды.

ЕО алдындағы интеграцияны тереңдету бойынша қадамдар қырғи қабақ соғыс аяқталғанға дейін жасалды. 1985 жылы ЕО елдерінің үкімет және мемлкет басшылары 1987 жылы күшіне енген Бірыңғай европалық акт қабылдады. Бұл құжат бойынша 1992 жылдың аяғына дейін жалпы ішкі нарық құруды аяқтау ойластырылды.

Европадағы өзгерістер ЕО елдерін интеграцияны тереңдетуде радикалды қадамдарға итермеледі. 1991 жылы 8-10 желтоқсанда Маастриихтегі (Нидерланды) ЕО елдері лидерлерінің кездесуінде Европалық Одақ туралы келісім жобасы құпталды. Бұл келісім 1992 жылы 7 ақпанда сыртқы істер және қаржы министрлері қабылдадап, 1993 жылы күшіне енген еді. Келісім интеграциның тереңдеуін бірқатар бағыттардан көреді:

1. 1957 жылы Рим келісімімен қабылданған Еропалық экономикалық қауымдастық Европалық Одақ болып қайта құрылады. ЕО қызметтерінің сфералары кеңейеді. Кеден одағы, жалпы нарық, жалпы еыл шаруашылық және сыртқы сауда саясаты 1999 жылдан бастап Европалық валюта одағымен (ЕВС) толықтырылады. ЕВС өз саясатын қоршаған ортаны қорғау, денсаулық, білім және әлеуметтік салалармен бірлесе отырып жүзеге асырады.

2. ЕО қызметінің жаңа бағыты сыртқы саясат пен қауіпсіздік саясатын (СВПБ) бірлесе отырып жүзеге асыру болып табылады.

3. Жаңа бағыт болып ішкі саясаттағы ынтымақтастық табылады. Бұл ЕО елдерінің саяси баспана беру, иммиграциялық үрдістерді басқару, заңсыз қылмыспен күрес жүргізу саясаттарын бірігіп жүзеге асыру болып табылады. Алайда, бұл салада да ЕО министрлар кеңесінің шешімі қажет.

Маастрихт келісімі одақ ішіндегі ерооптимистер мен евроскептиктердің арасында қайшылық туғызды. Келісімнің дамуы мен қайта қаралуы ЕО елдерінің үкімет аралық конференцияларында қаралды. Конференция 1996 жылы 26 наурызда Туринде (Италия) мемлекет және үкімет басшылары кездесуі деңгейінде Европалық кеңес отырысымен ашылып, 1997 жылы 16-17 маусымда Амстердамда 1997 жылы 2 қазанда сыртқы істер министрлері қол қойған Астердам келісімінің қабылдануымен аяқталды. 1999 жылы 1 мамырда күшіне енген келісім келесілерді қарастырады:



  • ішкі саясат саласында ЕО компетенцияларының кеңеюі. Гаагада ақпаратты жинау, өңдеу және алмастыру орталығы ретінде құрылған Европол оперативті функцияларды иеленді. Ұлттық полиция менкедендік ведомстволар, заң органдарының халықаралық ынтымақтастығы кеңейе түсті. Саяси баспана беру, иммиграция және қашқындар жағдайы саясаты саласында ЕО компетенциясы кеңеюде;

  • ЕО елдері азаматтарының құқықтық жағдайын қадағалау. Дискриминацияның пайда болмауына қарсы шаралар қолдануда ЕО мүмкіндіктерінің кеңеюі. Одақ елдерінің барлығында еркек пен әйел теңдігі принципі міндетті болды;

  • әлеуметтік саясат саласында одақ функцияларының кеңеюі. Келісімде бірінші рет жұмыспен қамтылу саясатын координациялау туралы тарау пайда болды. Келісім денсаулық саласында минималды стандарттарды құрды. ЕО саясаты әр салада экологиялық критерийлерге сай келуі қажет;

  • СВПБ механизмдерін нығайту және жақсарту. СВПБ аясында шешімдер қабылдау үрдісі жақсарды;

  • халықаралық дағдарыстарды қадағалау бойынша жаңа функциялар. Амстердам келісімі бойынша ЕО компетенциясына гуманитарлық акцияларды жүзеге асыру кіреді.

  • ЕО құрылымдары мен институттарының реформасы. Оның мақсаты-Европалық парламент пен Европалық комиссия позицияларын нығайту, шешімдерді қабылдау ережелерін жақсарту. 1997 жылы 15 шілдеде ЕО комиссиясы «күн тәртібі 2000-ды» таныстырды. Ол одақ қызметіндегі реформалардың негізгі бағыттарын қарастырды. Бұл рекомендациялар ЕО елдерінің мемлект және үкімет басшыларының Европалық кеңестің арнайы отырысында 1999 жылы 29 наурызда Берлинде құпталды.

1993 жылы ЕО елдері мен Европалық еркін сауда ассоциациясы

(ЕАСТ) арасында Европалық экономикалық кеңістік (ЕЭП) құру туралы келісім күшіне енді. Алайда, ЕЭП туралы келісім екінші кезекте қалды, себебі Швейцария оны референдум барысында ратификацияламады, ал төрт мемлекет-Австрия, Норвегия, Финляндия және Швеция ЕО-қа кіру жөнінде келісімдер жүргізе бастады. 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап Австрия, Финляндия және Швеция ЕО мүшелері болды.

Ең қиыны ЕО-қа ЦВЕ елдерінің кіру мәселесі болды. «Европалық келісім» атты келісімдер ЕО-ң ЦВЕ елдерімен тығыз қарым қатынас жасауға мүмкіндік берді. Алғашқы бұндай келісімге 1991 жылы 16 желтоқсанда Венгрия, Пльша және Чехословакия қол қойды.

«Европалық келісімге» қол қойғандарға ассоциацияланған мүшелер статусын берді. Алайда, ассоциацияланған мүшелер статусын иемдену Европалық Одаққа кіру кепілі болып табылмады. Тек 1993 жылы 21-22 маусымда «Европалық кеңес Орталық және Шығыс Европа ассоциацияланған елдері Европалық Одаққа мүше бола алатындығы» туралы саяси шешім қабылдады.

ЕО-ң ЦВЕ елдерінің интеграциясы бойынша нақты стратегия 1994 жылы 9-10 желтоқсанда Эссенде (Германия) Европалық кеңес отырысында қабылданды. Кеңес ЦВЕ елдерінің ЕО-қа кіруі туралы келіссөздер тек үкімет аралық конференция аяқталғаннан кейін мүмкін екендігін атап өтті. Кеңес ЦВЕ елдерінің одаққа кіруінің қысқа және ұзақ мерзімді шарттарын анықтады.

Одақ ішіндегі қарама қайшылықтарға қарамастан ЕО нәтижесінде ЦВЕ елдеріне қатысты дифференционалданған саясат жүргізді. ЦВЕ елдерінің қатарынан бірінші бестік үміткерлерге Венгрия, Польша, Словения, Чехия және Эстония кірді. 1998 жылы 31 наурызда осы елдермен және Кипрмен келіссөздер басталды. Бұл елдер ЕО-қа 2001 жылы кіруі мүмкіндігі айтылды, ал ЕО Комиссиясы 2003 жылды болжамдады.


Европадағы болашақ қатынастар жүйесінің негізгі контурлары

1997 жылғы қабылданған ЕО пен НАТО-ң Шығысқа кеңею, сонымен қатар ОБСЕ аясындағы ХХI ғасырда Европа үшін жалпы және кең көлемді қауіпсіздік моделі туралы дискуссиялар нәтижесінде қазіргі кезде Европа мемлекет аралық қатынастардың жаңа жүйесін құрудағы фазаға өтуге аяқ басты деуге болады.

Біріншіден, бұл батыс европалық және атлантикалық ынтымақтастық қауіпсіздігінің кеңеюі. Соңғы төрт жылда европалық даму динамикасы «үлкен» Европаны құру парадигмасының ауысуымен сипатталды. Шығыс пен Батыс континенттер бөліктерінің жақындасуы алдыңғы тенденция бола алмады. Алдыңғы орынға батыс ұйымдардың Шығысқа кеңею тенденциясы шықты. Басталған батыс ұйымдарының кеңеюі Европаның жаңа бөлшектенуін білдірмейді, керісінше оның бірігуі болып табылады.

Екіншіден, бұл европалық қауіпсіздіктің құрылып келе жатқан жүйесінің плюралистік мазмұны болып есептеледі.

Қазіргі кезде және болашақта ешбір европалық ұйым Европа ауыспалы кезеңде басынан өткізіп жатқан барлық проблемаларды өздігінен шешіп және пайда болған қауіптерге төтеп бере алмайтын фактті мойындады. Бұл қорытынды ОБСЕ-ге де, НАТО-ға да бірдей қатысты.

Осылай, шындығында біз әлде-ОБСЕ, әлде-НАТО деген таңдау алдында тұрған жоқпыз. Егер НАТО-ң кеңеюі атлантикалық ынтымақтастық қауіпсіздігінің тұрақты ісін Орталық және Шығыс Европа елдерінің бірқатарларына тарата алса, онда ОБСЕ европалық саясат салаларында алдыңғы орындарды сақтап қалып отыр. Бұл басқа аймақтық ұйымдардың қызметін санкциялай алатын европалық мемлекеттердің жалғыз әмбебап ұйымы. ОБСЕ локальді дағдарыстарды реттеу мен алдын алу, әскери салада қару жарақтарды бақылау, ұйымның барлық мемлекет-мүшелерінде адам мен ұлттық азшылықтар құқықтарының сақталуында маңызды рөлге ие.

Үшіншіден, бұл Европада жаңа ұйымдарды құру қажеттігінің керексіздігі. Бүгінгі таңдағы міндет аймақтық ұйымдардың қарым қатынасын реттеу, біріккен істер нәтижелерін координациялау болып табылады. Басқаша айтқанда, қауіпсіздік концепциясына сай ОБСЕ, НАТО, ЕО, ЗЕС және Европа Кеңесі арасындағы қарым қатынасты жақсарту.

Соңғы мәселе, бұл Ресейдің Европадағы қатынастардың жаңа жүйесіне қалай енетіндігі болып табылады. Біріккен Европаны құрудағы парадигманың өзгеруі, әрине, көптеген шығыс европалық елдерге қарағанда Ресей үшін басқа мағына иеленді. Бастысы, басқа елдерге қарағанда Ресей алдында ЕО немесе НАТО-ға кіру туралы мәселе тұрған жоқ. Олардың кеңеюі Ресей үшін европалық жүйеге интеграциялануын азайтады.

Біздің түсінігімізде Ресейдің басты қызығушылығы бөлшектенген емес, керісінше біртұтас Европамен қызмет ету болып табылады.

Екінші Ресейдің маңызды қызығушылығы Ресей мен Батыс арасында, жеке Европа, қайшылық жағдайларды туғызбау, Ресейдің кеңейіп келе жатқан европалық ынтымақтастық қауіпсіздігіне жол табу болып есептеледі. ЕО пен НАТО әріптестік қарым қатынастарының институционалдануы Европадағы Ресей саясатының негізгі приоритетеріне айналуы тиіс. Ресейді ЕО және НАТО-мен байланыстыратын арнайы механизмдер мен институттар европалық институттар жүйесінде жаңа бағыт болуы тиіс.

Солтүстік атлантикалық одақтың Шығысқа кеңеюінен емес, жоғарыдағы мәселелерге қатысьы НАТО-мен диалог қажет. Ресей мен НАТО арасында ұзақ мерзімді әріптестіктің құрылуы екі жақтың мүдделеріне сай келуімен қатар, европалық қауіпсіздіктің жаңа жүйесінің негізіне айналуы қажет. Ресй үшін НАТО-мен әріптестіктің институционалдануы Европлық Одақпен қатынастардың дамуымен бірге бұл жүйеде маңызды орынды иеленуге жол ашады.
Европалық ұйымдармен Ресей қарым қатынастарының институцияналдануы
1994 жылдан бастап Ресей саясатында алдыңғы қатарлы европалық ұйымдармен тікелей саяси диалог механизмдері негізінде біртіндеп қарым қатынастарды институционалдауға көңіл бөлінуде.

1994 жылы 24 маусымда Ресей Федерациясы мен Европалық Одақ арасында әріптестік және ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылады. Ол 1997 жылдың 1 желтоқсанынан күшіне енеді. Келісім саяси, экономикалық және басқа да мәселелері бойынша кеңес берулерді қосқанда Ресей мен ЕО арасында саяси диалог механизмін бекітті. Жылына екі рет Ресей президенті мен ЕО басшылары арасында кездесулер өткізілуі қажет.Министрлер деңгейіндегі диалог ынтымақтастық Кеңесі аясында жүзеге асырылады. Ол өз қызметінде ынтымақтастық Комитетіне жүгінеді. Парламенттік ынтымақтастық Комитеті Кеңеске өз кеңестерін бере алады.

ЕО Ресейді ауыспалы кезең экономикасы бар ел деп таныды. 1998 жылы ЕО Ресейге қатысты нарықтық экономикасы бар елдерде қолданылатын антидемпингтық шараларды жүзеге асыруға шешім қабылдады. Сату тәртібі негізгі элементтер бойынша ГАТТ/ВТО ережелеріне сәйкес келеді. Ресей келіссөздер нәтижесінде ресей тауарларының ЕО елдеріне импортта сандық шектеулердің алынуына қол жеткізді. Алайда, түрлі келіссөздермен көмір мен қара металлургия тауарлары, тоқыма, ауыл шаруашылық өнімдері, ядролық жану циклы тауарлары, коммерциялық космостық нарық реттелуде. 1998 жылы бұл мәселелердің көбін реттеудегі үрдіс аяқталды.

Ресей мен НАТО қарым қатынасы баяу дамыды. ПРМ бағдарламасын қабылдау бастапқыда ресей басшылығымен оңды қарсы алынды. Алайда, ПРМ-мен қоса НАТО-ң кеңею идеясының сынға алынуы жағдайында Ресей НАТО-мен «ерекше» қарым қатынасты құру приоритетіне көңілін аударды.

1994 жылы 22 маусымда Ресей ПРМ-ң құжаты мен протоколына қол қойды, онда жеке кең әріптестік бағдарламасын дайындау тілегін білдірді. Ресей мен НАТО диалог пен ынтымақтастықты қауіпсіздік саясаты мәселелері бойынша ақпарат алмасу арқылы тереңдетуге міндеттелді.

Келесі келіссөздер барысында екі құжат дайындалды. Оларға қол қою 1994 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланды. Олар –ПРМ аясында Ресей мен НАТО ынтымақтастығының жеке бағдарламасы және НАТО-мен кеңейтілген саяси диалог механизмі туралы құжат. Алайда, екі құжатқа тек 1995 жылы 31 мамырда Нордвейкте (Нидерланды) қол қойылды.

Осы уақыттан бастап Ресей НАТО-мен кең түрдегі саяси диалогқа көңілін аударды. Жеке әріптестік бағдарламасы толық мазмұнға ие болмады. 1995 жылдан бастап Ресей кездесулерді 16+1 формуласы негізінде құрғанымен, бұл механизмнің көптеген жақтары оны қанағаттандырмады. Диалог тұрақсыз негізде және елшілер деңгейі кездесулерімен шектелді, алдайда, 1996 жылдан бастап «16+1» құрамындағы кездесулер сыртқы істер және қорғаныс министрлері деңгейінде өткізіле бастады. НАТО-ң кеңеюіне қарсы болған Ресей 1997 жылдың басына дейін саяси кеңес берулер механизмдерін жақсарту жөнінде ресми диалогтан бас тартып келді.

Тек 1996 жылдың желтоқсан айынан бастап Ресей мен НАТО арасында 1997 жылдың қаңтарынан бастап бір бірімен қарым қатынас жасау туралы келісілді. Осының нәтижесінде 1997 жылы 27 мамырда Парижде Ресей мен НАТО арасында бір бірімен қарым қатынас жасау, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы Негізін қалаушы актке қол қойылды. Бұл құжатта ынтымақтастық принциптері, Біріккен тұрақты кеңес аясындағы ынтымақтастық пен кеңес беру механизмдері қаланды.

10 дәріс


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет