Тарих және құқық факультеті деканы


Тақырып: Халықаралық қатынастардағы халықаралық мекемелер мен үкіметаралық ұйымдар. Дәрістің мақсаты



бет8/12
Дата19.05.2017
өлшемі2,14 Mb.
#16448
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тақырып: Халықаралық қатынастардағы халықаралық мекемелер мен үкіметаралық ұйымдар.

Дәрістің мақсаты: Халықаралық қатынастардағы халықаралық мекемелер мен үкіметаралық ұйымдар, олардың қызметі туралы түсінік беру

Тірек сөздер: Интерпол, Европол.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Даму мен халықаралық қатынастардың жаңа әлеуметтік, саяси модельдері. Халықаралық стратификация.Әлемдік саясаттағы ұлы державалардың ролі.

Қазіргі таңда 200 мемлекеттің әлемдік мәселелерді шешудегі мақсаттарын, қызметтерін біріктіру қиын міндет. Себебі олар саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымдары бойынша әр түрлі. Міндет ортақ болғанымен, мемлекеттің мақсаттары әр түрлі. Бұл әлемдік мәселелерді шешуде негізгі тежегіш болып табылады.

Халықаралық экономикалардың арасында байланыстың көбеюі, локальді экологиялық жүйелердің трансұлттануы, табиғи ортаның бұзылыуының кері салдарларының бірі мемлекеттерден екінші мемлекеттерге өтуіне себеп болып отыр. Экологиялық , демографиялық, ресурстық мәселелер әлемнің түрлі мемлекеттері мен елдерінде экономикалық, әлеуметтік дамудың жалпы жағдайларымен байланысты.

Ұлттық үкіметтер экологиялық және басқа да мәселелерді шешу үшін бір – бірімен тығыз байланыста болуы керек.

Осы бағытта көптеген компаниялар мен фирмалар өз елінен басқа, өзге мемлекеттерде филиалдар, дочерлік өндіріс орындарын құрып отыр. Бұл субъектілер өз мемлекеттерінің ұлттық юрисдикциясы, сонын ішінде табиғатты қорғау қызметін реттейтін экологиялық құқықтар мен нормалардан тыс қалады. Ал трансұлттық компаниялардың шетел өндірісінде әлемдік ЖІӨ - ң 3/1 өндіріледі, млн – ған жұмысшылар мен қызметкерлер қызмет етеді. Түрлі мемлекеттерде қоршаған ортаны және табиғат ресурстарын қорғау заңдары түрлі болғандықтан ТҰК – лар экологиялық қылмыстар мен бұзушылықтары үшін жазасыз қалып отырады.

Экономиканың жаһандануы түрлі мәселелер мен қатар, әлемдік мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастыққа жақсы алғышарттар жасады. Бұл соңғы онжылдықта бүкіл әлемді біріктірген коммуникациялар мен ақпараттардың кең жүйесі. Жаһандану процесі арқылы түрлі мемлекеттердің ғалымдары мен зерттеушілері аз зерттелген білімдер, экология. Жер био – және ноосферасы, экономикамен байланыстағы демография, этнография, әлеуметтану , халықаралық қатынастар саласында ғылыми идеялармен алмасып, ортақ зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар барлығына ортақ тұрақты экологиялық дамуды қамтамасыз ететін ұлттық үкіметтік мекемелер, үкіметтік емес және мемлекеттің басқа да құрылымдары арасында байланыстар мен интеграцияның дамуына алғышарттар қалыптасты.

Жалпы әлемдік мәселелерді шешуде маңызды рөл халықаралық ұйымдарға берілген. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін, БҰҰ және олардың мамандандырылған мекемелері пайда болғаннан кейін халықаралық қатынастар сферасында үлкен өзгеріс жасалды. Соғыстан кейінгі жылдары халықаралық экономикалық қатынастарда 10 шақты үкіметаралық ұйымдар пайда болды. Оның ішінде ең ықпалдылары, тарифтер және сауда жөніндегі Бас келісім ( ГАТТ, ВТО ), халықаралық сауда мен ұсыныстар саудасының либерализациясына үлкен үлес қосты; 1944 ж. Құрылған халықаралық валюталық фонд – бұл ұйым халықаралық валюталық қатынастарды, төлем баланстарын, мемлекеттің сыртқы қарыздарын реттейді.

60 ж. халықаралық экономикалық ұйымдар құрылу толқыны өтті. Оның ішінде ЮНКТАД, ЮНИДО. Оның басты міндеті – дамушы мемлекеттердің экономикалық дамуына ықпалдасу, оларға Батыс елдерінен техникалық, қаржылық көмек көрсету.

Қоршаған орта, табиғат ресурстары мәселелеріне келетін болсақ, 1970 ж. дейін осы мәселелермен айналысатын халықаралық ұйымдар болған жоқ. Тек 1972 ж. Стокгольмде тарихтағы алғашқы қоршаған орта бойынша БҰҰ-ның халықаралық конференциясы шақырылды, экологиялық саясат мәселелері бойынша үкіметтерге 26 принцип пен 120 ұсыныстардан тұрады. Сонымен қатар БҰҰ – ның БасАссамблеясының шешімі бойынша қоршаған орта туралы БҰҰ Бағдарламасы ( ЮНЕП ) құрылды. Ассамблея ЮНЕП – қа кең өкілеттілік ұсынды, оны іске асыру үшін 58 мүше – мемлекеттен тұратын Басшылар Кеңесі, БҰҰ – ның мекемеаралық кеңесі және алғашқы 5 жылға арналған 100 млн. долл. тұратын фонды құрылды. ЮНЕП - тің басты мақсаты қоршаған ортаны қорғау және қалпына келтіруге бағытталған бағдарламалар мен жобаларды басқару және БҰҰ жүйесінде халықарлық ұйымдардың келісілген қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

ЮНЕП үкіметтердің көңілін су мен ауаның ластануы, шөлдердің кеңеюі, ЖЕр озон қабатының жұқаруы секілді мәселелерге тарта алды. ЮНЕП БҰҰ – ның ФАО, ВОЗ, ЮНДРО, МОТ, ЮНЕСКО – ның іске асыратын экологиялық жобалар мен бағдарламалардың басты демеушісі болып табылады.

ЮНЕП қоршаған орта мониторингінің жаһандық жүйесін, « Жасыл патруль » бағдарламасын, Жер ресурстары жөніндегі жаһандық ақпараттық мәліметтер қорын жасады.

ЮНЕП экологиялық әлемдік даму мәселелеріне қатысты көп халықаралық конференциялар мен үкімет басшыларының кездесулерін ұйымдастырады. Олардың маңыздылығы үкіметтер әлемдегі экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық жағдайларды бағалап, нақты бағдарламалар жасайды.

80 – ші ж. ірі халықаралық акцияларына Найробидағы БҰҰ – ның қоршаған орта жөніндегі конференциясы ( 1982 ж. ), экологиялық бақылау бойынша Әлемдік өнеркәсіптік конференция ( 1984 ж. ), Мехикода халыққоныстануы бойынша халықаралық конференция ( 1984 ж. ) жатады.

ХХ ғ. соңғы онжылдығындағы ең ірі акция 1992 ж. РИО – де- Жанейрода 170 мемлекеттің үкімет басшыларының қатысуымен өткен қоршаған орта және даму бойынша БҰҰ – ның Конференциясы. Онда « ХХІ ғ. күн тәртібі » атты құжат қабылданды, ол үкіметтің жаһандық тұрақты даму концепцияларын іске асыруға бағытталған. Ол 40 бөлімнен тұрады. Тұрақты дамудың экономикалық аспектілерін талдау үшін стратегиялық форум ретінде БҰҰ Комиссиясы құрылды. Ол 4 басымдық облысты: ауыз су. Әлемдік мұхит, жер ресурстары, ормандарды қоса, тұрақты энергия қолдануды қамтитін қызметтін басқаруы қамтамасыз етуге арналған.

Осы бағдарламаны іске асыру үшін 1996 ж. қарай 117 мемлекет ұлттық комитеттер құрды.

90 – шы жылдары БҰҰ – ның халық қоныстануы жөнінде ірі жаһандық және аймақтық конференциялар өтті, онда Азия, Африка, Латын Америка мемлекеттерінде қайыршылықты жою, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық саясатқа интегральді жақындасу қаралды.

Әлемдік мәселелерді шешуде үкіметтер қиындықтарға тап болды, - бұл қаражат ресурстарының тапшылығы, әсіресе дамушы мемлекеттерде. РИО – де- Жанейродағы Конференция Хатшылығының есептеуі бойынша « ХХІ ғ. күн тәртібінде » белгіленген мақсаттарға жету үшін дамушы мемлекеттерге тек 90 – шы жылдардың өзінде 600 млрд. долл ., ал Батыс мемлекеттері жағынан көмек 125 млрд. долл. бағаланды. Авторитетті эксперттер бұл сандарды тым көтерінкі деп, қайта қарастырды. Баяндамаларда белгіленген көптеген мақсаттардың іске асырылуы болашаққа қалдырылып отыр.

Әлемдік мәселелерді шешуге Экономикалық ынтымақтастық және даму Ұйымы ( ОЭСР ), Евроодақ, НАФТА, Солтүстік мемлекеттер Ұйымы, Балтық теңізі мемлекеттерінің Кеңесі белсенді қатысып отыр.

Әлемнің дамыған « сегіздік » мемлекеттерінің жыл сайынғы кездесулерінде жаһандық мәселелер маңызды орын алды. 1997 ж. маусым кездесуінде мемлекет және үкімет басшылары басымдық мақсаттарды анықтады: қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуына ықпалдасу, атмосферада парниктік газдардың құрамын 2010 ж. қарай төмендету, тұрақты орман қолданысын қамтамасыз ету, таза суға қол жеткізу, Әлемдік мұхитты қорғау, шөлдердің кеңеюімен күрес, жұқпалы ауруларды бақылаудың Жаһандық жүйесін құру, ВИЧ – инфекцмясының жұғуы және СПИД – тің таралуымен күрес.

1999 ж. маусымдағы Кельнде өткен кездесулер әлемдік даму мәселелеріне және Балқан дағдарысын реттеу мәселесіне арналды.

ХХ ғ. халықаралық ынтымақтастықтың эффективтілігі және мәселелерді шешу халықаралық жағдайға және халықаралық қатынастарға байланысты болды. Қырғи – қабақ соғысының аяқталуы және мемлекеттердің ынтымақтастыққа өтуі әлемдік қоғамдастық алдында қауіптердің бетін қайтаруға жаңа мүмкіндіктер ашты. Қазіргі кезде ғаламның түрлі бөліктерінде локальдық және аймақтық қақтығыстар пайда болып отыр. Әлемдегі саяси тұрақсыздық үкіметтер арасында жаһандық мәселелерді шешу жолдарын анықтауға төтеп болып отыр. Тұрғындар санының өсуі, ресурстардың қысқаруы, жұмыссыздықтың, кедейшіліктің көбеюі, ауралардың таралуы, халықаралық терроризм секлді құбылыстар қоғамда саяси тұрақтылықты бұзуы, мемлекет арасындағы қатынастарды бұзуы мүмкін.

Яғни, ХХІ ғ. ширегінде жалпы әлемдік мәселелер халықаралық тұрақтылық мәселелері тығыз байланысты. Әлемдік қоғамдастық халықаралық, саяси, әскери, экологиялық, әлеуметтік, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінің алдында тұр. Осы тарихи миссияларды іске асыру адамзатқа жаһагдық шақыруларға басты жауап болып табылады..Интерпол, Европол.

18 дәріс



Тақырып:Экономикалық ұйымдар мен топтар.

Дәрістің мазмұны:Халықаралық экономикалық рынок және халықаралық экономикалық ұйымдар, олардың ерекшеліктері.ЕС,НАФТА,АТЭК, ОАЕ,ОЭС, ОБСЭ т.б. БҰҰ. Халықаралық сот.
19 дәріс

Тақырып: ОБСЕ-нің жаңа қызметтері.

Дәрістің мақсаты: ОБСЕ және оның жаңа қызметтері туралы мағұлмат беру.

Тірек сөздер: ОБСЕ, Европа, евроатлантикалық

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Европа картасындағы өзгерістер. Біріккен Германия. Қауіпсіздіктің евроатлантикалық сипаты. ОБСЕ европалық мемлекеттердің аймақтық ұйымы ретінде. ОБСЕ-нің жаңа міндеттері.

20 дәріс

Тақырып:Әлемдік саясаттың өзгеру жағдайындағы НАТО

Дәрістің мазмұны:НАТО қызметінің жаңа стратегиялары.НАТО-АҚШ-Европа, мүдделері, өазара қарым-қатынастарының сипаты. НАТО және Ресей.

НАТО: адаптация және кеңею
Қырғи қабақ соғыстың аяқталуымен басқа европалық ұйымдарға қарағанда НАТО алдында ОВД құрамына кіретін елдермен қатынастарды дамыту үшін өз саясаты мен стратегиясын адаптациялау мәселесі тұрды. НАТО-ң саясаты мен стратегиясын адаптациялау үрдісі өз бастамасын НАТО Кеңесінің жоғарғы деңгейдегі Лондон сессиясында (1990 жыл, шілде) алды. Альянс ұйым алдында тұрған негізгі шақыруларды белгіледі.


  1. Әскери-саяси жағдайдың өзгеруі, Батыс пен Шығыс арасындағы кенет кең масштабтағы әскери дағдарыс қаупін жою, алдыңғы қатарға НАТО елдерінің қауіпсіздігін қозғамайтын локальді ішкі және мемлекет аралық дағдарыстардың шығуы.

  2. 90 жылдардың басында батыс европалық елдер тенденцияларында ЗЕС аясында қорғаныс ынтымақтастығын активизациялау НАТО ішінде бөлінушілікті көрсетті.

  3. 90 жылдардың басынан қауіпсіздік шақыруларының дәстүрлі және жаңа қатынастарының өзгеруі НАТО әскери ұйым ретіндегі болашағына күмән келтірді.

1991 жылы желтоқсанда Римде НАТО-ң жаңа стратегиялық концепциясы қабылданды. Оның негізіне альянстың орталық міндетіне кең масштабтағы шабуылдарға төтеп беру кірмейтіндігі алынды. НАТО елдерінің қауіпсіздігіне этника аралық және территориялық қақтығыстар қауіп төндірді. Осыған байланысты НАТО алдыңғы қатарлы қорғаныс пен тез қимылдау концепцияларынан бас тартты. Онның ядролық қару тәуелділігі азайды.

1991 жылғы концепцияға сәйкес альянс күштері мен құралдары азайды және қайта ұйымдастырылды. НАТО-ң біріккен қарулы күштері саны қысқарды. НАТО-ң әскери қосылыстар саны 35%-ға, әскери эскадрилер саны-45%-ға, әскери персонал саны-24%-ға және 70%-ға әскери самолеттер саны қысқарды. Европадағы АҚШ қарулы күщтері 300 мың адамнан 100 мыңға дейін қысқарды.

Көп ұлтты құрылымдар құрылуда. НАТО-ң әскери басшылық құрылымы модернизациялану үстінде. 1994 жылы қаңтарда көп ұлтты оперативтік күштер концепциясы қолданыс табады.

90 жылдары НАТО-ң саясаты мен әскери стратегиясындағы нақты өзгерістер келесілерді өзіне қосады:

1. Дағдарыстық жоспарлау мазмұны мен рөлі өзгеріске ұшырады. Қырғи қабақ соғысы барысында дағдарыс кең масштабты қақтығыстың қысқа түрі ретінде қарастырылды. Басты мақсат аз уақыт ішінде ОВС-ті әскери дайындыққа келтіру еді. Жаңа кезеңде дағдарыс НАТО елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін локальді қарама қарсылықтың жалғасы ретінде қарастырылады.

2. Осы міндетке байланысты НАТО-ң әскери жоспарлауының негізгі бағыттарына бейбітшілікті қолдау мен орнату шараларын өткізу болып табылады.

3. Көп ұлтты оперативтік күштер концепциясы бұндай шараларды НАТО мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің қатысуымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қырғи қабақ аяқталған кезеңдегі НАТО доктринасының эволюциясы альянстың жаңа стратегиялық концепциясында құрылды. Ол 1999 жылы 23-24 сәуірде болған Вашингтон кездесуінде қабылданған еді. Құжатта одақтың қорғаныс мазмұны мен жаңа әріптестермен ынтымақтастықты нығайту әзірлігі құпталды; онда евроатлантикалық аймақ және оның сыртында тұрақсыздық ошақтарының пайда болу қаупі айтылады.

Алайда, 1999 жылғы Косово дағдарысының ықпалымен европалық мемлекеттер қатары НАТО-ң бұндай шараларды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің немесе ОБСЕ-ң санкциясыз өткізбеуін талап етті. Құжатта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы маңызды рөлі жөнінде айтылады, сонымен қатар ОБСЕ-ң бейбітшілік пен тұрақтылықты, ынтымақтастық негізінде құрылған қауіпсіздікті нығайту, превентті дипломатияны жүргізуде маңызды рөлі ескеріледі.

НАТО-ң әріптетік қатынастарын ОВД-ң бұрынғы елдерімен дамыту бірнеше кезеңдерден өтті. 1990 жылғы 6 шілдедегі Лондон декларациясы НАТО мен ОВД елдері арасында қауіпсіздіктің саяси және әскери аспектілер жөнінде ынтымақтастықты орнату туралы мәселелерді қарастырды. Бұл ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін ОВД елдері НАТО ішінде дипломатиялық миссиялар байланыстарын ашу ұсынылды. 1991 жылы 6-7 маусымда Копенгагенде НАТО-ң сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ОВД елдерінің НАТО-мен болашақ байланыстардың интенсификациясы қарастырылды.

1991 жылы ЦВЕ елдерінің бірқатары НАТО алдында оларға одақтың ассоциоцияланған мүшелер статусын беру мәселесін қозғады. Жауап ретінде НАТО 1991 жылы 20 желтоқсанда Шығыс Европаның 9 мемлекетімен бірігіп солтүстікатлантикалық ынтымақтастық Кеңесін (ССАС) құрады. ССАС-көп жақты кеңес беруші орган болып табылады, оның аясында НАТО мен ОВД-ң бұрынғы елдері арасында ынтымақтастық бағдарламасы талқыланды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ССАС құрамына бұрынғы КСРО елдері және Албания кіреді. ССАС қызметіне бақылаушы ретінде Австрия, Финляндия, Швейцария және Швеция қатысты.

1993 жылдың күзінен бастап ЦВЕ елдері мен Батыста НАТО-ң Шығысқа кеңеюі жөнінде дискуссиялар дамығанда, АҚШ инициативасы бойынша «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы дайындалады. Бұл бағдарлама ресми түрде 1994 жылы 10-11 қаңтарда Брюссельде альянс Кеңесінің сессиясында қабылданды және СБСЕ-ң барлық мүшелеріне бағытталынды. Келешекте әр мемлекет НАТО-мен әріптестікті дамытуда жеке бағдарламаны құра алды. ПРМ альянстың мемлекет-әріптестермен қатынастарды жекешелендіруге мүмкіндік берді.

ПРМ-ға Ресей, ТМД елдері және Батыс Европаның бейтарап елдерін (Австрия, Финляндия, Швейцария, Швеция) қосқанда 24 мемлекет қатысады. Тәжірибе тұрғысында ПРМ тек ЦВЕ елдерінің НАТО-мен әскери-саяси ынтымақтастығын интенсификациялауға мүмкіндік беріп қойған жоқ, сонымен қатар кейбір елдердің альянсқа кіру мүмкіндігін берді. НАТО Ресеймен саяси диалогты әрі қарай институционализациялауға инициативасын білдірді. 1995 жылғы НАТО-ң кеңеюі жөніндегі мәселе шешімін тапты деуге болады, бірақ альянс елдерінің алдында кей нақты мәселелерді шешу тұрды:


  • кеңею «толқынына» кіре алатын мемлекеттер ортасын анықтау, онымен бірге бұл кезеңде НАТО-ға кіру мүмкіндігінен айырылған ЦВЕ елдеріне қатысты саясатты ойлау керек еді;

  • Ресеймен қарым қатынастарды орнату;

  • КСРО-ң бұрынғы европалық елдерімен, соның ішінде Украинамен, қарым қатынас перспективаларын анықтау;

1996 жылы 10 желтоқсанда НАТО Кеңесінің сессиясында альянстың кеңею үрдісін бастау туралы шешім қабылданды. Алғашқы НАТО-ң кеңеюі бірнеше бағыттар бойынша жүргізілді.

1. 1996-1997 жылдары альянсқа кіруге қызығушылығын білдірген ЦВЕ-ң он екі елімен НАТО хатшылығы келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде доклад құрылды. 1997 жылы 8 шілдеде Мадридте НАТО-ға кіру жөніндегі ұсынысты үш мемлекет-Венгрия, Польша және Чех Республикасы алды. Аз уақыттан кейін 1997 жылы 16 желтоқсанда олармен НАТО-ға кіру туралы протоколдарға қол қойылды. 1999 жылы 12 наурызда протоколдарды ратификациялау үрдісі НАТО-ға үш елдің кіруімен аяқталды.

2. 1997 жылдың қаңтарынан бастап НАТО мен Ресей арасында келіссөздер мен кеңес беру раундтары болды. Бұл келіссөздер 1997 жылы 27 мамырда Парижде Солтүстік атлантикалық келісім шарты одағы мен Ресей Федерациясы арасында бір біріне екі жақты қарым қатынас, ынтымақтастық және қауіпсіздік туралы актқа қол қоюмен аяқталды.

3. НАТО-ң кеңеюі туралы шешім қабылдауымен бірге 1997 жылы шілде айында Парижде Солтүстік атлантикалық келісім шарты одағы мен Украина арасында әріптестік туралы Хартияға қол қойылды.

4. 1998 жылы 16 қаңтарда Вашингтонда АҚШ пен Балтия елдері арасында әріптестік туралы Хартияға қол қойылады. Онда Құрама Штаттардың Латвия, Литва және Эстонияны болашақта европалық және трансаилантикалық ұйымдарға, соның ішінде НАТО-ға, кіруін қолдау көрсетуге міндеттенді. Хартия онда бекітілген принциптердің орындалуын бақылау үшін төрт жақты комиссия құрылуын қарастырды.

5. 1997 жылы 30 мамырда Синтрде (Португалия) ССАС құрамына кіретін елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуінде ССАС орнына Еро-атлантикалық әріптестік Кеңесі (СЕАП) құрылады.СЕАП-ң құрылуы НАТО-ң мемлект-әріптестері арасында көп жақты саяси кеңес беру механизмдерін жақсартуға шақырды.СЕАП сыртқы істер министрлері деңгейінде жылына екі рет, ал елшілер деңгейінде-ай сайын жиналады.

6. 1997 жылы көктемде НАТО елдерінің сыртқы істер және қорғаныс министрлері ПРМ-ді модификациялау туралы шешім қабылдайды. Ол «Бейбітшілік үшін әріптестіктің кеңейтілген бағдарламасы» деген ат алады.

НАТО көзқарасы бойынша, түрлі бағыттардағы қабылданған шаралар альянстың Шығысқа кеңею үрдісі алдында тұрған дилеммаларды шешуге бағытталған.

21 дәріс

Тақырып: Әлемдік саясаттағы саяси лидерлер және олардың ролі.

Дәрістің мақсаты: Саяси лидерлер халықаралық қатынастардың жеке тұлғалары, лидерлер әрекеті туралы білім беру.

Тірек сөздер: лидер, имидж, Элита

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Саяси лидерлер халықаралық қатынастардың жеке тұлғалары мен актерлері ретінде.Саяси лидер имиджі.Лидерлер әрекеті. Элита типтері. Әлемнің жетекші мемлекеттерінің лидерлері.

22 дәріс

Тақырып:Экологиялық қозғалыстар мен ұйымдар.

Дәрістің мазмұны:Экологиялық жағдай. Саяси экология және «Жасылдар» партиясы. 90-жылдардағы экологиялық транснационализм және гуманитарлық қозғалыс.

23 дәріс



Тақырып: «Гринпис» («Жасыл әлем») және экологиялық мәселелер.

Дәрістің мазмұны: «Гринпис» («Жасыл әлем») мәні. Экологиялық мәселелердің туындау себептері және шешу жолдары.

24 дәріс



Тақырып:Трансұлттық діни топтар мен қозғалыстар

Дәрістің мақсаты: Трансұлттық діни топтар мен қозғалыстар, олардың ағымдары мен бағыттары туралы түсінік беру..

Тірек сөздер: Трансұлттық, Ислам фундаментализмі, секта

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Трансұлттық діни топтар мен қозғалыстар. Ислам фундаментализмі, оның әлемдегі ролі. Католиктік, православиелік шіркеулер мен әртүрлі секталардың ықпалының күшею себептері.


25 дәріс

Тақырып:Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары.

Дәрістің мақсаты: Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары, олардың жаңа түрлері, қажеттігі туралы мағұлмат беру.

Тірек сөздер: Неофеминистік қозғалыс, әйелдер өкілеттіктері.

Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:

Әйелдер қозғалысы мен ұйымдары. Неофеминистік қозғалыс, оның радикальды-революциялық ағымы. Билік институтындағы әйелдер өкілеттіктерінің кеңеюі.

26 дәріс

Тақырып:Халықаралық қауіпсіздіктің жалпыға ортақ шешімдері.

Дәрістің мазмұны:Жаһандану және халықаралық қауіпсіздіктің күн тәртібіндегі өзгерістер. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі принциптері мен компоненттері. Халықаралық қауіпсіздіктің деңгейлері. Аймақтық деңгейдегі қауіпсіздіктің жаңа дәстүрлі емес аспектілері.

Қауіпсіздік түсінігін жанаша ойлау қажеттілігі КСРО-ның құлаумен және тәуелсіз Ресейдін пайда болуымен қатар болды. Бұл процесс соншалықты ауыр болды, бірақта қажетті болды, ресеилік мемлекетке және оның азаматтарына жаңа сәйкестік іздеген секілді. Қыйындылық бірқатар факторлармен анықталды. Күнделікті сана-сезім деңгейінде қауіпсіздік түсінігі әдетті түрде қауіп-қатердін болмауы идеалды жағдай деп көрді. Бұл біздің тарихымыздағы кенестік және кенестікке дейінгі дәуірге жеткілікті болды. Советтік дәуірдегі қоғамдық сана-сезім қауіпсіздік сөзінің астында мемлекеттін, оның саяси жұйесінің, шекарасының қауіпсіздігі туралы түсінді. Сондықтан да қауіпсіздікке жауап беретін мемлекеттік жұйенің басты институты Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті болып аталды.

Құқықтық демократиялық мемлекет құру туралы жариялаған да Ресей қауіпсіздік түсінігіне мемлекеттен басқа екі басқа субъектіні – тұлға және қоғам – қосу қажет екендігіне көз жеткізді және байланыстарын, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саясаттында әр біреуінің артықшылықтарын анықтау еді. Бұл ел үшін айтарлықтай қыйын болды, бөлек тұлғалардың қауіпсіздігі және мүдделері саяси сана-сезім деңгейінде еш уақытта жоғары бағаланбады, ал адам әр уақытта «тарихтың жұмыс материялы» ретінде, мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін және «ұлы» идеяларды іске асыру үшін қарастырды.

Осынының барлығы Ресейден жаңа принципиалды ұлттық қауіпсіздік концепциясының құрастыруын және оны іске асыру саясатын құрастыруын қажет етті. «Ұлттық қауіпсіздік» термині бір қатар түсіндірулерді қажет етеді. Негізінен ұлттық қауіпсіздік концепциясы кәзіргі әлемде жие қолданылады. Көпұлтты және көпконфессионалдық Ресейге қатысты ұлттық қауіпсіздік түсінігі анық анықталған болуы тиіс.



«Халықаралық қауіпсіздіктің жаңа парадимасында» шындығында не жаңа?

2001 ж. 11 қыркүйекте болған жаңалықтар туралы көптеген мақалылар және кітаптар жазылған, сондықтан да халықаралық саяси жағдайда болған ең басты өзгерістерді атап көрсеткен дұрыс.



  1. Халықаралық қауіпсіздік, қаржы, техникалық прогресте және т.б. салаларда сөзсіз басты рөлді ойнаған «гарантын» (АҚШ-ты)әлем жоғалтты. АҚШ әлі күнге дейін әскери және экономикалық қатынастарда әлемдегі ең қуатты ел болып жалғыз ұлы держава болып отыр. Сонымен қатар АҚШ жаңа қауіп қатар алдында тек өзінің одақтастарының қауіпсіздігіне кепілдік ете алмауынан басқа өзінің қауіпсіздігіне де.

  2. 11 қыркүйек тегі оқиға технологиялық даму деңгейінің өсуімен біршама есе артып отырған жаңа өркениеттін әлсіздігін көрсетті. Алдынғы қатарлы елдердің экономикасында көп көлемде «орнатылған механизмдер» құрамында бар, олар үлкен зиян тигізу мүмкін, өмірге қажетті басты инфраструктура элементтерін қирату,олардың қаржы жұйесін қирата және сілкіндіруі де, егер азаматтық техникалық прогрестін жетістіктері террористердің қолдарына түссе.

  3. Қыркүйектегі оқиғалар АҚШ-тың және басқа да елдердердің демократиялық құндылықтарына және дәстүрлеріне қатаң сынақ болды. Либеральды-демократиялық мемлекеттер жаңа террористік қауіп түрлеріне күресуге нашар дайындалған болып шықты.

  4. Саяси және технологиялық факторлардың кең спектірінің жаһандану процессімен бірігуі халықаралық сақынада жаңа саяси ойыншылардың – мемлекеттік емес террористік ұйымдардың пайда болуына әкелді. Бұл «террористік интернационал» халықаралық құқық шекарасынан тыс қызмет етеді, оны қандай да болмасы елдің территориясымен байланыстыру қыйын және ең бастысы мұндай террористік топтар әлсіз постиндустриялды әлемде мемлекеттерге зиян тигізуі мүмкін. Кәзіргі террористер глобалды деңгейде қызмет етеді және дәстүрлі емес тәсілмен шабул жасайды.

АҚШ-қа жасалған террорлық шабулдан кейін, ешбір ең бай және әскери қуатты жағынан ел, жаңа халықаралық терроризм қауіпіне жалғыз өзі күресуге қолынан келмейтіндігі анық болды. Серіктестер, одақтастар және ынтымақтасудың оданда принципиалды жоғары деңгей қажет (Ауғанстандағы операцияда АҚШ-тың маңызды одақтасы Ресей болып шықты). Ауғанстандағы болған өткен әскери қыймылдар уақытында жинаған ақпарат және мамандылық, оның геостратегиялық орналасуы, ақырында Чечнядағы халықаралық терроризімен күресудегі практиксы Ресейді Америка үшін ауыстырылмас және уникалды серіктес жасады. Екінші дүние жұзілік соғыстан кейін алғаш рет Ресей мен Батыс көлемі бойыншы ұзақ және жаһанды қауіп алдында тұрды.
27 дәріс

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет