Тасқала ауданы іі-ші Шежін ауылы


VII. Құстар туралы әңгіме жүргізу



бет3/5
Дата19.12.2016
өлшемі2,13 Mb.
#4228
1   2   3   4   5

VII. Құстар туралы әңгіме жүргізу.

-Балалар құстар біздің досымыз екен. Өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясың бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.



Сергіту сәті. Құстардың жасайтын қимылдарын салып жаттығуды жасай.

1.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.

2. Құстар сияқты көлден су ішу

3. Бір орында тұрып айнала ұшу

4.Орындарына барып қону.
ҮІІІ. Өлең шумақтарын бірнеше қайталау.

Ұқсатып қамытқа



Ұя саламын жабыққа.

Көктемді хабарлап

Ұзағым келдің бе?

Қойым ем даярлап

Ұяңды көрдің бе?.



ІХ. Ойын. "Құстарға жем шашайық"

Шарты: Сұрақтарға жауап ала отырып балалардың білімдерін тиянақтау.



  1. Қыста қалатын құстарды ата?

  2. Көктем жаршысы қай құс?

  3. Құстар немен қоректенеді?

  4. Қай құстармен таныстық?

  5. Қандай үй құстарын білесің?


Х. Жұмбақ шешу.

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (қаз)
Күміс сандық ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (балапан)
Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені орман дала. (сауысқан)


Балапанын басатын басқа құс бар,

Бар сондай қасқа құс. (көкек)

Сұрақтар бойынша жауап береді.



Күн жылынады.

Күн ұзарды.

Тіршілік басталады.

Малдар төлдейді.

Еңбек басталады.

Көктем әуенін тыңдап

сандықтың ішіндегі затты тауып атайды.

(балалардың қиялы)

Сандықтың ішіндегі құстың дауысын тыңдайды.

Қандай құстың дыбысы екенін айырады.
Балалар құстарға сипаттама береді.

Құстар туралы тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ айтады. Құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.

Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар айтады.

Бұдыр-бұдыр балшықты.

Жинаймын мен талшықты.

Балалар құстардың суреттерін тақтаға құстарды екі топқа бөледі.

Қыстап қалатын құстар және көктем құстарының ұқсастығын, айырмашылығын атайды.

Үй құстары

Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді.





Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет