Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


Пингвиндер отряд үстi (Impennes)



бет185/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
3. Пингвиндер отряд үстi (Impennes)
Жүзуге бейiмделген, саны онша көп емес (шамамен 15 түр) және өзiндiк ерекшелiгi бар құстар тобы. Бұлар Антарктикалық материктiң жағалауларында тiршiлiк етедi. Пингвиндер ұша алмайды, бiрақ суда өте жақсы жүзетiн және сүңги алатын құстар. Төсiндегi қыр сүйегi биiк болады. Қауырсындарының өзiндiк ерекшелiгi бар, су болмайды. Балықпен қоректенедi. Топтанып тiршiлiк етедi. Пингвиндердiң кейбiр түрлерiнiң бауырында жұмыртқа салатын қатпарлары болады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсiз, соқыр және денесi бүтiндей мамық жүнмен қапталып тұрады. Ұрпақтарына жасайтын қамқорлығы ұяларында болсын, есейгенде де жақсы көрiнедi. Пингвиндер маусымға байланысты жүзiп қоныстарын ауыстырады. Ғылымға пингвиндердiң 15 түрi белгiлi. Бұлар негiзiнен Антарктикалық материктiң жағалауларында тiршiлiк етедi. Американың, Австралияның және Африканың оңтүстiк жағалауларында таралған. Олардың iшiнде император пингвинi, король пингвинi, Адель пингвинi, африка пингвинi және галапагос пингвиндерi бар
Тірек-қимыл жүйесі. Құстардың қаңқасының басқа құрлық омыртқалыларының қаңқасымен көптеген ұқсастықтары бар, деседе ұшатын жануарларға тән көптеген бейімдеушілік ерекшеліктерге ие.
Құстардың қаңқасы бассүйектен, тірек қаңқасы және онымен байланысатын көкірек клеткасынан, сол сияқты аяқтары мен олардың белдеулерінің (иық және жамбас) қаңқасынан тұрады.
Құстардың бас қаңқасындағы сүйектер рептилияға ұқсас, бірақ оларда тек осы класс өкілдеріне ғана тән көптеген ерекшеліктер болады. Бас қаңқасындағы сүйектер жұқа, іші ауаға толы, осыған қарамастан олар жеткілікті түрде мықты болып келеді. Ми сауытының көлемі біршама үлкен және қарақұс тесігі рептилиялардағыдай артқа емес, құстарда астына қарай бағытталған. Қазіргі құстардың жақтарында тістері болмайды, жақтары тұмсыққа айналған, ол түрлі отряд өкілдерінде әртүрлі пішінді. Бас қаңқасындағы сүйектер бір-бірімен жік түзбей бірігеді, сол себепті ересек құстарда сүйек аралық жіктер білінбейді. Бір ғана төменгі доға болады. Осыған қарамастан құстардың бассүйегін редукцияланған диапсидті типке жатқызуға болады. Құстардың үстіңгі тұмсығы үшін кинетизм (қозғалмалық) тән, бұл шайнау бұлшық еттерімен бірігіп тұмсықтың жемтік ұстау, ұя салу және т.т. кезінде жіктелген қозғалыстар жасауға мүмкіндік береді.
Қорек типтері және оны ұстау сипатына түрліше бейімделушілік, ұсақтау және ұстап тұру таңдай-жақ аппаратының құрылымының алуантүрлілігіне алып келді. Паркер (1866) және Гексли Томас Генри (1867) Бұл құрылымның негізгі төрт типін ажыратты, дегенмен құстардың көптеген түрлерінде оның құрылымында әртүрлі аралас формалар да кездеседі.
Скелеттің ұшуға бейімделуіне және құрлықта жүруіне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар:
Алдыңғы аяқтарының, иық және жамбас белдеуінің өзіндік өзгерісінің болуы.
Барлық скелеттің жеңіл әрі мықты болуы. Сүйектерінің жеңіл болуы көптеген сүйектерінде қуыстың болуынан, ал беріктігі – даму кеезңінің ерте мерзімінде бірқатар сүйектерінің жымдасып, бірігіп кетуінен болады. Тіпті ересек құстардан сүйектердің жігін байқау мүмкін емес.
Бассүйек қаңқасының үш типінен – схизо-, десмо- және эгитогнатикалық типтердің ішінен – алғашқысы болып схизогнатикалық тип, ал одан басқа екеуі кейін пайда болған деп есептеледі.
Құстардың тұлға қаңқасы бес бөлімнен – мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйрық бөлімінен тұрады. Әрбір бөлімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Мойын бөлімінде 11-ден 25-ке дейін гетероцельді омыртқа болады. Омыртқаның алдыңғы және артқы беті ер тәрізді, Бұл мойын бөлімінің өте қозғалмалы болуын (бас 270°-қа дейін бұрыла алады) қамтамасыз етеді. Бірінші мойын омыртқа – сақина тәрізді атлант (ауыз омыртқа), ал екіншісі –тіс тәрізді өсіндісі бар эпистрофей (білік омыртқа).
Құстардың кеуде бөлімінде бір-бірімен қозғалмайтындай болып бекінген 3-10 омыртқа бар, олар ұшу кезінде жұмыс жасайтын қанатқа мықты тірек болады әрі қозғалмайды және ұшу қозғалысына өзінің тербелісімен кедергі келтірмейді. Көкірек клеткасы 5-6 жүп қабырғадан құралған, ол арқа және құрсақ бөлімінен тұрады, Бұлар бір-бірімен қозғалмалы байланысқан. Қабырғаның жоғарғы бөлімі кеуде омыртқасының денесі және оның көлденең өсіндісімен байланысқан. Қабырғаның арқа бөлімінде ігектәрізді өсінді болады, ол көрші қабырғаның үстінде жатып, көкірек клеткасына беріктік береді. Жұқа әрі жалпақ (кейде жіңішке) және ұзын сүйекті тақтайшадан түзілген төсте қыр сүйегі (crista sterni) болады). Қыр сүйегі мен төстің аралығында үлкен кеуде бұлшық еттері орналасады, олар ұшу кезінде қарқынды жұмыс атқарады. Қыр сүйегі түйеқұстарда болмайды, бірақ ұшпайтын пингвиндерде жақсы дамыған, олар жүзу кезінде қанаттарымен жұмыс жасап, су қабатында «ұшады».
Бел омыртқалары екі сегізкөз және құйрық омыртқаларының бірнешеуімен тұтасып қозғалмайтын күрделі сегізкөз (synsacrum) түзейді. Оны құрауға түрлі құстарда 10-нан 22-ге дейін омыртқалар қатысады. Сонымен қатар, күрделі сегізкөзбен жамбас сүйектері де бірігіп, артқы аяқтар үшін жақсы тірек болады.
Құстардың иық белдеуі күшті коракоидтан тұрады, ол қанатқа тірек қызметін атқарады және төспен Бұлшық еттер арасында сусымалы орналасқан жіңішке жауырынмен (scapula) және аша тәрізді бұғанамен (furcula) байланысады. Бұғаналардың астыңғы ұштары бір-бірімен бірігіп кетсе, ал жоғарғылары иық буыны аймағында коракоидтарды тіреп, олардың ұшу кезінде бір-біріне жақындамауын жүзеге асырады.
Құстардың алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, онда құрлықта жүруге бейімделген бессаусақты аяқтың негізгі элементттері сақталған, бірақ ерекшеліктер болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   191




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет