Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет184/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Жұмыртқа. Ол күрделi дене болып саналады. Жұмыртқа iшiнде сары уыз және басқа қосымша бөлiмдерi болады. Жұмыртқаның қатты қабығын сындырсақ, сары уызы дөп-дөңгелек болып түседi. Онда балапанға керектi қоректiк зат және денесiн құрауға қажет заттар болады. Жұмыртқаның сары уызының сыртында мөлдiр жартылай сұйық (белок) қабаты болады. Моқал ұшында ауа қуысы болады. Жұмыртқаның сары уызы шайқалмау үшiн сары уыздың қабыршақ қабығынан тығыз ширатылған жiп тәрiздi халаза созылып жатады.
Жыныс диморфизмi кейбiр құстардың түрлерiнде нашар бiлiнедi (жапалақтар, шағалалар, көгершiндер т.б.), ал көпшiлiк құстардың еркектерi ұрғашыларынан қанаттарының ерекше реңi, дене тұрқы, дауысы, басындағы үкiсi, әр түрлi кекiлдерi арқылы ажыратылады. Жыныс диморфизмi құстардың бiр ағзасында болмайды. Ондай құстарға пингвиндер, гагарлар, сұр қарлығаштар т.б. жатады.
Көпшiлiк құстар “Күй салтанаты” кезiнде моногамды жұп құрады, яғни бiр еркегi және бiр ұрғашысы қосылып бiр жұп болып жүредi. Мысалы, аққулар, жыртқыш құстар, ақ дегелектер (аист белый) бiрнеше жыл, кейде өмiр бойы жұбымен жүредi, қаздар, үйректер, торғай тәрiздiлер тек көбею маусымында ғана жұп құрайды. Балапандарын шығарған соң олар ажырасады. Құстардың екiншi бiр тобы полигамды болып келедi, яғни бiр еркек құс бiрнеше ұрғашы құсқа ие болады. Мысалы, кейбiр құстар шағылысу кезiнде, бiрнеше минут немесе сағат қана жұп құрайды. Олар күн сайын жаңа жұп құрайды. Бұған меңiреу құрлар, жылқышылар (вальдшнептер), маңғы (дупель), үй тауығының әтештерi т.б. жатады. Жұп құрғаннан кейiн ұя салады. Ұялар құстың түрiне қарай алуан жерлерге салынады. Жұмыртқа саны құстар түрлерiне қарай 1-25-ке дейiн салады. Құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа салу, жұмыртқа басу және балапандарын қоректендiру сияқты бiрiнен соң бiрi келiп отыратын өте маңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құстар ұясының маңында болады, ұясынан қашықтап кетпейдi.
Дамуы. Шағылысқаннан кейiнгi ұрықтанған жұмыртқаның дамуы ана-ұрғашы құстың iшiнде басталып, жұмыртқа сыртқа шықаннан кейiн де дами бередi. Барлық құстар жұмыртқа басады, демек денесiнiң жылуымен оларды жылытады. Әдетте жұмыртқаны ұрғашысы басады, кейде екеуi де (еркегi және ұрғашысы) немесе еркегi ғана басады. Эмбриондардың (ұрықтың) даму ұзақтығы әр құстың түрiнде түрлiше. Мысалы, тауықта- 21 күн, құстың үлкенi түйеқұста – 55-60 күн, ал ең кiшкентай құс колибриде – 10-12 күн. Ұсақ торғай тәрiздi құстардың жұмыртқаларының дамып шығару мерзiмi 9-14 күн, қарғалардiкi – 17-20 күнде, бүркiттiкi – 44 күнде, кекiлiктер – 21 күнде, қырғауыл – 21-25 күнде, жабайы үйректер – 28-24 күнде балапан шығарады.
Құстарға қағанақтыларға (амниота) жатады, сондықтан ұрықтың қабығы болады, демек амнион, сероз және аллантоис. Ұрықта өкпе пайда болған кезде, аллантоис керек болмай кеуiп қалады. Дамып жетiлген балапан ерекше тұмсығындағы өскiн жұмыртқаны тiспен (яицевого зуба) жұмыртқаның қабығын жарып сыртқа шығады. Жұмыртқадан шыққан балпандардың ширақтық дәрежесi әртүрлi болады. Осыған сәйкес үлпiлдек жүндi, ширақ балапан шығарушылар және әлсiз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екiге бөлiнедi. Ширақ балапандар жұмыртқадан шыққанда көзi ашық, денесi мамықпен жабылған, өзi жүрiп жемдi тауып жей бередi. Құстардың бұл түрiне көбiнесе жерде және суда мекендейтiн тауық тәрiздiлер, дуадақтар, қазтәрiздiлер және жылқышылар жатады. Әлсiз, қызылшақа балапандар жұмыртқадан шыққан жалаңаш, көзi жұмулы, әлсiз болады. Сондықтан бiраз уақыт ата-аналары ғана қоректендiредi. Балапандары әлсiз құстарға торғайтәрiздiлер, тоқылдақтар, сұр қарлығаштар, көгершiндер, көк қарғалар. Жапалақ және күндiзгi жыртқыштар да әлсiз қызыл шақа балапан шығарады. Бұларда бiр шама жетiлiп, көзi ашық бала туады. Олар ұяларын ағаш басына, жерден биiк жерлерге салады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   191




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет