Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет183/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
19ғ әдебиетінің зерттелуі, XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы, Дип.-Қазақ-халқының-ауыз-әдебиеті-жанрларындағы-ертегілерді-оқыту-барысы, Боран романы
Ас қорыту жүйесi. Құстардың күнделiктi жұмсаған күш-қуатын азықтық заттарды ассимиляциялау арқылы ғана қалпына келтiредi. Сол күш-қуатты келтiру үшiн олар шамадан тыс көп тамақ жейдi. Олардың ас қорыту жүйесi тамақтарды тез қорытады. Қазiргi тiршiлiк ететiн құстардың тiсi болмайды, олардың қызметiн қоректерiн қармап ұстайтын сырты мүйiздi затпен қапталған қатты тұмсығы атқарады. Әрбiр құстың қоректену тәсiлiне қарай азықтың түрiне қарай тұмсықтары түрлiше болады. Мысалы, жыртқыш құстардың тұмсығы төмен қарай иiлген, дәнмен қоректенетiн құстардың тұмсығы терiп, шоқып жеуге бейiмделген, қаздардiкi жалпақ т.б. Сүтқоректiлердiкi сияқты қоректiк зат ауыз қусында ұсақталып қорыту басталмаған құстардың ас қорытуы асқазанның басқа бөлiктерiнде жүредi. Ауыз қуысына тамақты шылаулайтын сiлекей бездерiнен сiлекейi құйылады. Ауыз қуысынан қоректiк зат жұтқыншаққа түседi, содан өңешке барады. Көптеген құстар (тауық, көгершiндердiң т.б.) өңешiнде қоректiк заттарды уақытша сақтайтын және аздап қорытылатын жемсау болады. Жемсаудан өңешiнiң төменгi бөлiмi арқылы бездi қарынға барып, одан ас қорыту сiлекейлерiмен араласып, қабырғасы қалың еттi қарынға барады. Қарынның қуатты бұлшық еттерi, оның бұдырлы қатты iшкi бетi, сол сияқты жұтылған ұсақ тастар әртүрлi қоректiк заттарды үгедi, сол жерде химиялық өзгерiстерге ұшырайды. Ал негiзгi өзгерiс және қорытылу аш iшегiнде өтедi.
Бауырымен жорғалаушыларға қарағанда құстардың аш iшегi әлдеқайда жақсы дамыған және денесiнен 2-4-есе ұзын. Аш iшекте қоректiк заттардың қорытылуына ұйқы безiнен бөлiнген сiлекейлердiң әсерi бар. Ас қорыту жүйесiнде екi бөлiмнен тұратын бауырдың маңызы зор. Кейбiр құстарда өт болмайды (көгершiнде). Өт жолы он екi iшекке келiп ашылады. Қорытылған тамақ аш iшегiнiң iшкi бетiндегi бүршiктерi жақсы жетiлгендiктен тез сiңiрiледi. Тоқ iшек өте қысқа, ол клоакаға жалғасады. Ал клоакаға бауырымен жорғалаушылардыкы сияқты зәр шығару түтiктерi мен жыныс мүшелерiнiң шығу жолдары ашылады. Ас қорыту құстарда өте тез жүредi, сондықтан iште артық қалдық заттар сақталмай тез сыртқа шығады, ал ол құстардың салмағының артуына жол бермейдi.
Құстардың тамағының құрамы әртүрлi. Соған сәйкес өсiмдiк тектес азықпен қоректенетiндер: қаз, үйрек, қасқалдақ, құр, саңырау құр т.б. талғамай жейтiндер: қарға, сауысқан, ұзақ, құзғын қарға т.б., дәндермен қоректенетiндер: торғай, жаурауық (зяблик), сұлыкеш (овсянка), бозторғай т.б., насекоммен қоректенетiндер: шымшықтар (синница), тоқылдақтар, көкектер, шыбыншылар (мухоловки), сайрауықтар (пеночки) т.б., балықпен қоректенетiндер: ұшып жүрiп бақылап, содан кейiн сүңгiп ұстайтын құстар (крачки), өзен қарқылдағы (скопа), балықшы тұйғын, аңдып отырып ұстайтын құстар (зимродок) зымыран, жүзiп жүрiп үңгiп ұстайтын құстар (баклан большой) үлкен суқұзғыны (большая поганка) сұқсыр, (пеликаны) бiр қазандар, судың жиегiнде жүрiп кететiн құстар (серая капля) көкқұтан т.б. бар. Құстардың арасында жыртқыш құстар бар. Мысалы, бүркiт, тазқара (стервятник) жұртшы, құмай, сақалтай (бородач) т.б.
Құстардың тамағының құрамы тек қана әртүрлi түрдiң айырмашылығындағы емес, бiр түрдiң iшiнде кездеседi. Мысалы,тауық тұқымдастардың өкiлдерi дәнмен қоректенедi, ал олардың балапандары насекомдармен қоректенедi. Бұдан ненi байқаймыз, балапандар дұрыс өсу үшiн жануартектес азықтың маңызы зор екенiн. Пойкилотермные гомойтермные жануарлар құстар және сүтқоректiлердiң дене температурасы сыртқы ортаның температурасының ауытқуына қарамастан тұрақты болып келедi. Ал қалған жануарлардың денесiнiң температурасы сыртқы ортаның температурасының өзгеруiне байланысты болады. Дене температурасы тұрақты болып келетiн жануарларды гомойтермдi дейдi, ал дене температурасы өзгерiп, құбылмалы болса оны пойкилотермдi дейдi. Құстарда дене температурасы өте жоғары тiптi орташа есеппен сүтқоректiлерден асып түседi. Құстардың дене температурасы орташа есеппен шамамен 420С, ал ең жоғарғы температура (торғайларда) 45,50С болады.
Көбеюi. Аталық бiр жұп жыныс бездерi бұршақ пiшiндес, екi бүйрегiнiң үстiнде тұрады. Олардың әрқайсысынан тұқым түтiгi (семяпроводы) шығады да клоакаға енедi. Арнайы шағылысу мүшесi болмаса да, ұрықтану аналық құстың iшiнде болады. Бұлар шағылысқанда еркегiнiң (спермасы) тұқымы ұрғашысының клоакасының iшiне құйылады.
Аналық жыныс бездерi барлық құстарда да тек қана сол жақ аналық безiнен және сол жақ жұмыртқа жолынан тұрады. Оң жақ аналық безi кейбiр ғана құстарда дамыған (мысалы, күндiзгi жыртқыштарда, үкiлерде, тотыларда т.б.). Оң жақ жыныс бездерiнде жұмыртқа жетiлгенiмен, ол сол жақ жұмыртқа жолы арқылы сыртқа шығады. Аналық жыныс бездерiнiң бiр жағында дамымауы, ол құстардың салмағын жеңiлдету бағытында болуы ықтимал. Жетiлген жұмыртқа клеткасы сары уызбен қоректенiп (оралып) жұмыртқа жолының воронкасына түседi де, оның бойымен қозғалады. Жұмыртқа жолы бiрнеше бөлiмнен тұрады: кең бөлiмi iшкi қабырғасында белокты заттар мен халазы бөлiп шығаратын бездерi болады; ең ұзыны iшкi қабырғасында жұмыртқаның жұқа белокты қабығы бөлiнедi; жақсы дамыған еттi қабаты жатын, онда жұмырқа қабыққа оралады (жатын iшiнде жұмыртқа 12-20 сағат болады). Жұмыртқа жолының соңғы бөлiмi қынап (влагалища), осы жерде дайын жұмыртқа клоакаға түседi. Жұмыртқа клеткасының ұрықтануы жұмыртқа жолының жоғарғы бөлiгiнде өтедi.
Құстардың жұмыртқаларының тұрқы, реңi және қалыңдығы жағынан әртүрлi болады. Негiзiнде жұмыртқаның көлемi құстың дене тұрқына сәйкес болады. Жұмыртқаның қабығының қалыңдығы егер құс жерге, тастың арасына салса қалың болады, ал жоғарғы ағаш басындағы немесе төбедегi ұяларға салса қабығы жұқа болады. Жұмыртқаның сырты известi, қатты қапталады да, онда пигменттi заттар болады. Жұмыртқаның түсi сол пигментке байланысты болады. Жұмыртқа саны әр құста әр түрлi болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   191




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет