Теңіздер мен көлдер



Дата07.02.2022
өлшемі294 Kb.
#95125
Байланысты:
Теңіздер мен көлдер


Теңіздер мен көлдер

Теңіз дегеніміз – материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі. Дүниежүзілік мұхиттарда бізге 30 – дан артық теңіздің атауы белгілі. Олардың жалпы саны 59 – ға жетеді. Құрлықтар мен аралдарға жақын және алыста орналасуына байланысты ішкі, шеткі және арал аралық деп үшке бөлінеді.


Ішкі теңіздер – құрлықтың ішіне қарай тереңірек еніп мұхитпен немесе жақын теңіздермен бұғаз арқылы жалғасады. Оларға Жерорта, Қара, Азов, Балтық, Қызыл жіне тағы басқа теңіздер жатады.
Шеткі теңіздер – ішкі теңіздерге қарағанда мұхитпен емін – еркін байланысып жатады. Негізінен құрлық пен мұхиттің аралығында аралдар немесе түбектер арқылы жарым жартылай бөлініп жатады. Олардың шекарасы шартты түрде алынады. Мысалға: Араб, Баренц, Охот, Кариб, Жапон теңіздері.
Егерде мұхит сулары көптеген аралдар тобының және ірі аралдардың аралығында бұғаздар арқылы жалғасып жатса, оларды арал аралық теңіздер дейміз – Сулавеси, Фиджи, Банда және тағы басқа. Олардың суларының құрамы мұхит суларынан ешқандай айырмашылығы жоқ Саргачсс теңізі мұхиттың ішінде орналасқан жағалауы жоқ ерекше теңіз. Материктердің ішінде орналасқан ірі көлдер Каспий, Арал, және Гудзон, Мексика шығанақтарры да кейде теңіз деп атала береді. Мұхиттар мен теңіздердің ішінде шығанақ және бұғаз болады.
Шығанақ – мұхит, теңіз суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі. Кейбір шығанақтар орналасуына қарай теңіздерге ұқсайды.
Бұғаз – құрлықтарды бір – бірінен бөліп тұрған және теңіз, көл, мұхит суларын бір – бірімен жалғастырып тұрған жіңішке сулы өткел.

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығында . көлдер жазықта да , тауда да кездеседі.
Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болвып келеді. Табиғатта ауданы бірнеше шаршы метр ғана болатын өте кішкентай көлдер кездеседі. Сонымен қатар үлкендігіне байланысты «теңіз» деп аталатын ірі көлдер де бар.
Көлдер тереңдігі жағынан да әр түрлі. Еуразиядағы Байұал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның ең терең жері 1620 м.
Қазақстан көлдерінің ең ірілері: Каспий, Арал және Балқаш. Каспий – дүние жүзіндегі ең ірі көл. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 1000 км қашықтықта созылып жатыр. Біздің елімізге бұл ірі көлдің солтүстік – Шығыс бөлігі кіреді. Каспийдің ең терең жері 1025 м-ден асады. Каспийге балық көп ауланады. Жағалауында және Солтүстік – Шығысында мұнай мен газдың мол қоры бар.
Арал аумағының үлкендігі жөнінен екінші орын алады. Сырдария мен Әмудария өзендерінің суы жер суаруға көп жұмсалуына байланысты Арал тартылып бара жатыр.
Қазақстандағы көлемі жағынан үшінші орында Балқаш көлі тұрады. Бұл көлдің бір ерекшелігі – оның батыс бөлігінің суы тұщы, шығыс бөлігінің суы ащы.
Жер шарындағы терең көлдер тау жасалу үрдістері кезінде пайда болған. Мұндай көлдерді тектоникалық көлдер деп атайды. Көл суының көптеген қасиеттері, әсіресе тұздылығы оның ағындағы немесе ағынсыз болуына байланысты. Ағынды көлден өзен ағып шығады. Ондай көлде тұз жинақталмайды.
Ешбір өзен ағып шықпайтын ағынсыз көлдерге біртіндеп тұз жинақтала береді.
Көлдердің шаруашылықта пайдасы үлкен. Олардың ең біріншісі – тұщы суы көл суын адам ауыз су ретінде, мал суаруға, егін егуге жұмсайды.
Сонымен қатар, көлдер өзен ағыстарын реттеп отырады, мәселен, олар қуаңшылық кезде өзенді сумен қамтамасыз етсе, су тасуы кезінде артығын өз шарасында жинайды.

Төмендегі көлдердің ерекшелігі



Көлдің аты





Ерекшелігі





Каспий теңізі



Ауданы жағынан ең үлкені



Жоғарғы көл ( Солтүстік Америка )



Ең тұшысы



Байкал

Тұщы су қорына мол көл





Титикака (Оңтүстік Америка, Анды тауы)



Ең тереңі



Өлі теңіз (Израиль)



Ең төменде орналасқаны



Балқаш



Ең тұздысы

Чад ( Африка)

Жартылай тқзды, жартылай тұщы көл.
Климаттың әсерінен ауданын үш есеге дейін өзгертетін көл







Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет